Архив рубрики «Имандылық»

Нәпсі деген не және оның ықпалынан қалай шығуға болады?

байлануПайғамбарымыз (с.а.с) нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін жалғасады деген екен. Адамның қас дұшпаны саналатын нәпсіні жау санайтындар өкінішке орай көп емес. Керісінше жұрттың көпшілігі отқа тамызық тастаған сияқты күйіп жанған нәпсіні онан әрі қоздыру арқылы мол рахатқа кенелеміз деген түсініктің жетегінде.

Нәпсі деген не?

Нәпсіге қарсы күресу үшін ең алдымен оның не екендігін, табиғатын біліп алуымыз шарт. Бһагавад Гитада адамдарды еріксіз түрлі жаман күнәкар істерге итермелейтін күш – нәпсі Прочитать остальную часть записи »

Ақылды және ақылсыз адамның баяны

тамұқ«Ақылды адам ажалды күн сайын ойлайды, ақылы аз адам айына-жылына бір рет ойлайды, ал ақылсыз пенде ажалды жаны иегіне келгенде бір-ақ ойлайды» деген сөз бар. «Өзекті жанға бір өлім» демекші, ажалдан қашып құтылушы жоқ.

Ажалды ойлау адамға не береді?

Әулиелер, тіпті пайғамбарлар да ажал қармағынан құтылмаған.
Ажалды ойлау адамға не береді? Ең алдымен пенде мына фәни Прочитать остальную часть записи »

Мінезді өзгертуге бола ма?

23Қазақтардың арасында біреудің жамандығын көргенде айтылатын «құдай берген мінез ғой» дейтін сөз бар. Оның мәні қырсық, жаман мінезді адам, оны енді өзгерте алмайсың, солай болып қалады дегенге келеді. Жаман мінезді адамдардың бойындағы осы олқылықты түсінбейтінін және түзелуді ойламайтынын өмірде жиі көріп жүреміз. Сол жаман мінезінен таяқ жеп, тауқымет тартып жүрсе де, адамдардың көбі кемшілікті түзеуге еш талпынбайды.

Жақсы немесе жаман мінез туралы

Біздің өміріміз өле өлгенше айналамыздағы адамдармен қарым-қатынастан тұрады. Жақсы қарым-қатынаста болу өмірімізді Прочитать остальную часть записи »

Тұрақтылық – барша адамның арманы

ақылҚоғамдық, саяси, экономикалық тұрақтылық – бүгінгі адамдардың орындалмас қиял-арманы болып отыр. Биыл жыл басынан бері ғана ұлттық валютамыз – теңге әлденеше рет құнсызданып, тұрақтылық сақталады, бәрі дұрыс болады деген лауазым иелерінің айтқандарын түгел теріске шығарды. Қаржы-экономикалық тұрақсыздықты былай қойғанда, күн сайын заңдарымыз өзгеріп, толықтырылып жатады, министрлер мен әкімдердің жиі ауысатыны сонша, олардың аты-жөндерін халық біліп те үлгірмейді.

Тұрақтылық неге жоқ?

Өз басым осы өмірімде бірнеше реформаны бастан өткердім. Бала кезімізде Хрушевтың КСРО-ны түгел жүгерілендіріп, 1980-ші жылдары коммунизм орнатпақ болған реформасының шет жағасын Прочитать остальную часть записи »

Ғасыр індеті – діни экстремизм

63Кеше теледидардан Еуропаға ислам елдерінен бақыт іздеп сапар шеккен елуге тарта адам мінген қайықтың Италия аумағында суға кеткені, өлгендердің ішінде төрт жас бала болғандығы туралы хабар көрсетілді. Жыл басынан бері Батысқа ағылған мұсылман босқындарының он бес мыңдайы суға кетіп өліпті. Бақыт іздеп келген Батыс елдерінен баспана таппай аш-жалаңаш жүрген босқындар қанша.

Мұсылманды мұсылман өлтіріп жатыр

Бүгінде Ирак пен Сирияның жартсына жуық жер аумағын тартып алып, ислам мемлекеті дегенді орнатып жатқан экстремистердің қолынан сол елдердің мыңдаған адамдары қаза тауып, миллиондаған адамдары баспанасынан, мүлкінен айрылып қаңғып қалды. Аштыққа шыдамаған Прочитать остальную часть записи »

Нәпсіні ауыздықтаудың жолы – имандылық

құранНәпсі адамның ақыл-есін алып, өзіне де, өзгелерге де үлкен залалын келтіретін есуас әрекеттерге еріксіз мәжбүрлейді. Соңғы жылдарда ел арасында педофил дегендердің қатары көбейіп кетті. Ондайлар ауылда да, қалада да аз емес және сондайлардың құрығына түсіп, зардап шегіп жатқан балалар қатары өсіп барады.

Педофил деген – нәпсінің құлақ кесті құлы

Педофил дегендердің белең алғаны сонша, қазір Парламент депутаттары, онан қалды зиялы қауым өкілдері арасында осындай кеселге шалдыққандарды химиялық жолмен әтектеу керек деген ұсыныс айтып жатыр. СПИД сияқты жазылмайтын дерт саналатын педофил дегендерді осылай Прочитать остальную часть записи »

Қайрымдылықтың қайтарымы

сурет3Құранда «кімде кім біреуге жақсылық жасаса өз пайдасына, ал жамандық жасаса өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалық жақсылық бар, жамандық жасағанға да сонша жамандық тиесілі» -деген аят бар. Бұның астарында «не ексең, соны орасың» деген халық мақалы жатқан сияқты.
Алланың осы заңын білетін және соны өмірде нақты қолданатын адам көп ауыртпалықтардан аулақ болып, екі дүниенің де игілігін табары анық.

Алғаусыз пейілмен жасалған қайрымдылық.

Брайан көлік аз жүретін жолмен келе жатты. Жол жиегінде «Мерседес» көлігі тұр екен. Елсіз далада тұрғанына қарағанда сынған сияқты. Ол «Мерседестің» жанына тоқтап, өзінің ескі «Понтиагінен» түсті. Кабинада отырған орта жастағы әйелдің түрінен қатты абыржығандық сезіледі.

Прочитать остальную часть записи »

Қорқынышсыз өмір сүрудің баяны

тәубеФәни жалғандағы барлық жаратылысты Алла соншалықты шеберлікпен және өте толымды етіп жаратқан. Жан-жағымызға назар аударып қарасақ, реттілікті, бір-бірімен қиюласқан ырғақтылықты, қатаң сақталатын заңдылықтарды көрер едік. Бірақ та, осы ақиқатты түсінбейтін пенделер толымсыз ақылымен іс қыламыз деп, артықты тыртық етіп жатады.

Жаратқанның заңын білудің қажеттігі

Әрнәрсені біліп жүруге ынтық кісі ауласындағы алаңқайдан көбелектің салған жұмыртқасын көріп, сырттай бақылап жүретін. Бір күні әлгі жұмыртқаның жоғарғы жағынан кішкентай саңылау пайда болды. Сол саңылауға басын сұққан көбелектің баласы сыртқа шығуға ұмтылды.

Прочитать остальную часть записи »

Адамның хайуаннан айырмашылығы — имандылығында

азғындықАдамның хайуаннан қандай айырмашылығы бар? Бұған екінің бірі адам ақылды, саналы деген сияқты жаттанды және жауыр болған сөзбен жауап беретіні белгілі. Бірақ егер зер сала қарайтын болсақ, хайуанда да ақыл, сана бар екенін аңғаруға болады. Мәселен, қыста оңтүстік аймақтарға мыңдаған шақырым жер ұшып баратын құстар жолды қалай табады? Немесе қасқырлардың аң аулау тәсілін алып қараңыз. Бір қасқыр екіншісін жерге көміп, тек тыныс алуы үшін тұмсығын ғана ашық қалдырады. Екіншісі аңдарды қасқыр жатқан жерге қарай үркітіп қуады. Аңдар үстінен өтіп бара жатқан сәтте орнынан ұшып тұрған қасқыр бірнеше аңды жайратып салады. Бұндай тәсілді қолдану үшін қасқырға ғалымдарымыз жиі ауызға алатын инстинкт деген жаттанды түсінік емес, нағыз ақыл қажет болатындығын бағамдау қиын емес.

Ақыл хайуанда да бар.

Адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам тамақтанады, хайуан да тамақтанады, адам жыныстық жақындық жасайды, хайуан да шағылысады, адам баласын жақсы көрсе, хайуан да ұрпағын солай сүйеді, адамда қорқыныш, қуаныш сияқты сезімдер болса, ондай сезім хайуанда да бар. Сонда адамның хайуаннан қай жері артық?

Прочитать остальную часть записи »

Бізді өлімнен кейін не күтіп тұр?

өлімӨзекті жанға түптің түбінде бір ажалдың келетіні ақиқат. Өлімнен қашып құтылушы жоқ. Күн сайын біз бір танысымыздың, туысымыздың немесе бейтаныс жанның өлгендігін естіп, біліп жатамыз. Яғни, өлім деген құбылыспен күн сайын дерлік тоқайласып тұрамыз. Бірақ адамдардың көбі соған қарамастан, өлім туралы ойламайды.

Адамдар неге қаперсіз?.

Жұма күні үйдің жанындағы моншаға бардым. Жәй күндері жеңілдікпен кіретіндіктен болар, зейнеткерлер осындай күндері моншаға көп келеді. Пайғамбар жасынан асқан зейнеткер қариялар өлікті жерлеу жайлы әңгімені қызу талқылауға кірісті.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика