Архив рубрики ‘инвестиция’

Жыл басынан бері теңге бағамы үш рет өзгерді. Осының салдарынан ақшаларын теңге арқылы сақтағандар біраз ұтылып қалды. Қазір адамдар енді жанталасып доллар сатып алып жатыр. Бірақ доллардың бағамы осылай үнемі өсе береді деп санау қате. Ақылға еш бағынбайтын нарық бір-ақ сәтте бәрін өзгертуі мүмкін. Ақшамызды сақтап қана қоймай, оны көбейту үшін не істеу қажет?

Ақшаны сақтап, көбейтудің ең сенімді жолы – инвестиция

Бес жасында тұңғыш рет әкесінен балмұздақ алуға алған ақшасына акция сатып алып, үстінен пайда көрген американдық миллиардер Уоррен Баффеттің жалғыз кәсібі – инвестиция. Ол инвестициялаудың арқысында бүгінде әлемдегі ең қалталы адамдардың бірі болып отыр.
Депозит арқылы ақшаны көбейту өте қиын, тек сақтауға болады. Бүгінгі депозит өсімдері (далее…)

инвестицияАҚШ-тың мемлекеттік қайраткері Бенджамин Франклиннің «есіңде сақта, ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі бар. Ақша да мал сияқты. Мәселен, сіздің бес қойыңыз бар делік, бірнеше жылдан кейін ол көбейіп онға, одан елуге, одан әрі жүзге жетеді. Әрине, қойдың өсіп-өнуіне жағдай жасасаңыз.

Сол сияқты ақша да, егер дұрыс жағдай жасайтын болсаңыз қораңыздағы малыңыз сияқты еселеп көбейе береді. Байлыққа жетудің кілті де осы ақша арқылы ақша табуды жолға қоюда, яғни инвестициялауда.

Ақша табудың белсенді емес амалы.

Роберт Киосаки табыс табуды екіге бөледі: белсенді және белсенді емес. Егер сіз жұмыс істеп, жалақы алсаңыз – бұл белсенді табыс табуға жатады. Ал пәтеріңізді жалға беріп немесе депозитке ақша салу арқылы ақша тапсаңыз – бұл белсенді емес табыс көзі.

Байлыққа жетуге белсенді емес табыс көзі көмектеседі. Неге десеңіз, ақша табуға бұл жағдайда (далее…)

инвестиция-1«Ораза-намаз тоқтықта» деген сөз бар. «Бір күн қарны ашқан адамнан қырық күн ақыл сұрама» дейді. Мұның астарында тамақ тойдыру, яғни, тұрмысты түзеу адам үшін ең алдыңғы кезекте тұратындығы жатқандай.

Ежелгі индустарда төрт сатылы даму жолы дейтін ұстаным болған. Бірінші саты- артха деп аталады, яғни бұл тұрмысты жақсарту, жалпақ тілмен айтқанда қарын тойғызу; екінші саты – кама, сезімді қанағаттандыру, қарны тойған адам енді сезімін қанағаттандыруды, үйленіп, отбасы құруды, үй салып, балалы-шағалы болып, фәни жалғанның қызығын көруді ойлайды; үшінші саты – дхарма, тұрмысын түзеп, өмірдің ащысы мен тұщысын біраз татқан пенде енді дінге жүзін бұра бастайды; төртінші саты – мокша, фәни жалғанның өткінші екендігін ұққан адам жүзін толайым Құдайға бұрып, бақи дүниенің игілігін ойлайтын болады, сөйтіп, өткінші дүниенің қызық-шыжығын тәркі етеді.

Ораза, намаз тоқтықта

Төрт сатылы бұл жүйенің дұрыстығын өмірдің өзі үнемі алдымызға тартып көрсетіп отырады. Сіңірі шыққан кедей адамның театрға барып немесе классикалық музыканы тыңдауға, әлемнің көрікті жерлерін саяхаттап көруге, жаны қалайтын нәрсемен айналысуға мұршасы болмайтыны белгілі. Оның бар ой-санасы қайтсем көбірек ақша табамын, отбасымды асыраймын деген ойдың төңірегінде болады.

(далее…)

кілтМына дүниенің қозғаушы күші – тілек. Адамдар өмірден өз қалауларын алғысы, арман-мақсаттарына қол жеткізгісі келеді. Бұл оларды ойлағандарына жету үшін еңбектенуге, күш-қуаттары мен уақыттарын жұмсауға ынталандырады. Өкініштісі сол, біздің жұмсаған күш-қуатымыз бен уақытымыз көбіне еш нәтиже бермей жатады.
Кейбір адамдар көп күш жұмсамай-ақ, ойларына алған мақсаттарына жеңіл жетеді. Ондайлар әдетте өмірде жолы болғыш, қандай істі қолға алмасын жедел нәтижеге жетіп, тасы өрге домалап жатады. Бұның сыры неде?

Сана сезінеді, түйсік басқарады.

Ресейлік ғалым Хасай Алиев «стресстен арылу орталығы» деген қоғамдық бірлестік құрып, осы салада ұзақ жылдар ғылыми зерттеулермен айналысқан. Осы ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесі түрінде қалаған тілегіңе қол жеткізуге мүмкіндік беретін «кілт» дүниеге келді.

(далее…)

инвестицияАмериканың ұлы ойшылы Бенджамин Франклин «ақшаның көбеюшілік қасиет бар» дейді. Ақшаның осындай қасиетін жақсы білетін және соны нақты іс жүзінде пайдаланатын адам ақшасына ақша қосып, белгілі уақыттан кейін мол байлыққа міндетті түрде қолы жетпек.
Бұрын инвестиция, яғни ақшаны көбейтуге ықпал ететін нысандарға қаржы салу тек бай-бақуатты адамдардың ғана ісі саналса, қазір оған кез келген адам қатыса алады. Ал интернеттің дамуы ақшаны инвестициялауға кең жол ашып берді.

Құнды қағаз дегеніміз не?

Инвестицияның қарапайым жұртшылық арасында ең кең таралған түрі – банк депозиті, сақтандыру және зейнетақы қорлары болып табылады. Олардың бәрі де тәуекелі аз, қауіпсіз инвестиция болғанымен, түсім көрсеткіші онша жоғары емес. Инвестициямен шындап (далее…)

Бай, бақуатты болудың жолы күндіз-түні бел шешпей тынымсыз тер төгіп жұмыс істеу деген түбірімен қате пікір. Егер көп жұмыс істейтін адам көп ақша табатын болса, онда Астана, Алматы сияқты ірі қалалардың құрылыстарында тәулігіне 12 сағаттан демалыссыз жұмыс істейтін құрылысшылардан бай адам болмас еді. Өкінішке орай, қысы-жазы тынным таппай тер төгетін құрылысшылардың алатыны ауыз жарығысыз тиын-тебен ғана. «Есектің арқалағаны алтын, жегені сабан» дегендей, күндіз-түні тынным таппай тер төгетін қарапайым еңбекшілердің табатыны тамағы мен киімінен артылмайды.

Байлыққа жетудің сенімді жолы — инвестиция.

Байлыққа бастайтын сенімді және жұрттың бәріне қолжетімді қарапайым жол – инвестиция. Егер сіз айына 70 мың теңге табатын болсаңыз, сол ақшаңыздың бір бөлігін, мысалы ай сайын 10 мың теңгені инвестициялап отырсаңыз, белгілі уақыт өткенде қомақты қаржы жиналады. Әрине, ақшаңызды жастыққа тығып сақтау дұрыс емес. Ондай ақша уақыт өткен сайын құнсызданып, (далее…)

Бай-бақуатты болудың ең сенімді, қарапайым және қолжетімді жолы – инвестиция екендігін осының алдындағы бір мақаламызда айтып кеттік. Инвестициялау үшін ірі бизнесмен болу немесе жалақыңыздың жоғары болуы шарт емес. Ең бастысы, алдыңызға нақты мақсат қойып, ақшаңызды сенімді жобаларға үзбей инвестициялап отыруды берік дағдыға айналдыру қажет. Міне, сонда табысқа сөзсіз жетеріңіз анық.

«Инвестициялауды қалай үйренуге болады?» деген сауалға жауап бермес бұрын, ең алдымен «Инвестициялау не үшін қажет?» деген сұрақтың жауабын тауып алғанымыз жөн. Инвестициямен айналысқысы келетін адам негізінен екі мақсатты көздейді: №1 мақсат – белгілі бір қажеттілік үшін ақша жинау.

Инвестиция қажетті ақшаны жедел жинауға көмектеседі.

Мәселен, сіз автокөлік сатып алғыңыз келді делік. Әрине, жалақымен жан бағып отырған сізге бағасы миллиондаған теңгемен өлшенетін машинаны бірден сатып алу қиынға түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы – ақша жинау. Бұл жағдайда сізге инвестиция ойыңызға алған шаруаңызды неғұрлым жедел орындауға мүмкіндік береді. Ақшаңызды жастыққа тығып сақтағаннан гөрі, банк депозитіне салу немесе акциялар сатып алу арқылы (далее…)

Қазір біз бір кезде қанды төңкеріс арқылы өз қолымызбен жойған капиталистік құрылысты қайта құрып, нарық қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Бәрі сатылатын капиталистік қоғамның заңы қатал, өліп бара жатсаң да ешкім аузыңа су тамызбайды. Бұл қоғамда әрбір пенде өз қамын өзі жасап, аштан өлмеуді жайын ойлауы тиіс. Сөйтіп капиталистік қоғам біздің кеңес заманындағы жайбасар, марғау тірлігіміздің шырқын бұзып, өмірге деген көзқарасымызды түгел өзгертті. Ұлы Абай айтқан «есектің артын жусаң да мал тап» дейтін заман келді.

Байлық жұрттың бәріне бұйыратын бақыт емес.

Бүгінде бай-бауқатты болғысы келмейтін жан жоқ. Бірақ байлық деген бақ құсы екінің бірінің басына қона салмайтын, адам талғайтын болып шықты. Өз бизнесін ашуға талпынған 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, барынан айрылады екен. Сол 20 адамның 15-і содан кейінгі үш жылда бизнеспен қоштасатын көрінеді. Осылайша, 4 жылдан кейін өз кәсібін ашқан 100 адамның тек бесеуінің ғана маңдайы жарқырап, жолы болады дейді әлемдік (далее…)

Кез-келген инвестиция белгілі дәрежеде тәуекелге баруды қажет етеді және сіз міндетті түрде белгілі сомада ақша салуға тиіс боласыз. Ал бір тиын да ақша салмай және еш тәуекелсіз ақша табуға бола ма? Шынын айтқанда мұның өзі бір қарағанда ақылға сиымсыз ертегі сияқты сезілері анық. Дегенмен, ғаламторда сондай жобалар да бар. Бірақ олардың көпшілігі қаржы пирамидасы түріндегі адамдарды алдап қалталарын қағатын алаяқтық жобалар. Дейтұрғанмен, бірлі-жарым адамдарға табыс табуға мүмкіндік беретін жобалар да ұшырасып қалады. Ондай жобаның бірі ретінде webtransfer-finance сервисін айтуға болады.

Ақша салмай ақша табатын жоба.

Мен бұл жобаға өткен жылдың жазында тіркелген едім. Шақырған адамның тегін 50 доллар береді дегені онша сендіре қоймаса да, нем кетіп барады деп тіркеле салғанмын. Қызығы сол, сервис маған шынымен 50 доллар займ берді. Соны он күнге кредитке беріп, үстінен проценттік өсім түрінде 3,75 доллар таптым. Бірақ іс онан әрі қозғалмай тұрып қалды. Өйткені, спонсорым (далее…)

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген сөз бар. Бойда қуат білекте күш бар жас күнінде адам жұмыс істеп, өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетті. Ал қартайып, білектен күш, бойдан қуат кеткен кезде жас кезіңде жасаған бейнетіңнің зейнетін көрсең, өмірдің қызығы сол емес пе. Өкінішке орай, адамдардың бәрі бірдей солай ойлаймайды. Мәселен, шет елдік бір стаитистика орталығы жүргізген зерттеуге назар аударсақ, 25 жастағы жүз адамның 60 жасқа толғанда 49-ы мемлекетке немесе туыстарына тәуелді болып қалады екен, ал 29-ы 60 жасқа жетпей о дүниелік болса, 12-і жұмысқа жарамсыз болып қалатын көрінеді, ал 5-уі күнкөріс үшін жасы ұлғайғанына қарамастан жұмыс істей бермек, тек 4 адам ғана өз күндерін өздері көретін жағдайға жетеді, олардың 1-уі мол дәулетке ие болмақ. Осыдан көріп отырғанымыздай, 100 адамның тек біреуі ғана 60 жасқа жеткенде мол байлыққа ие болады екен. Мұның себебі неде?

Инвестиция жасауға кедергі келтіретін жайлар

Адамдардың ертеңгі өмірін ойлап, тауып жатқан қаржысының бір бөлігін инвестициялап отыруына кедергі жасайтын бірқатар жайлар бар дейді мамандар. Осы орайда, олар іс-әрекеттеріне қарап адамдарды үш топқа бөледі. Бірінші топ – шегірткелер. Бұлай деп аталуына Крыловтың белгілі «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы себеп болса керек. Шегірткелер (далее…)

Яндекс.Метрика