Архив рубрики «инвестиция»

Сіз қай квадранттасыз?

Қазір біз бір кезде қанды төңкеріс арқылы өз қолымызбен жойған капиталистік құрылысты қайта құрып, нарық қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Бәрі сатылатын капиталистік қоғамның заңы қатал, өліп бара жатсаң да ешкім аузыңа су тамызбайды. Бұл қоғамда әрбір пенде өз қамын өзі жасап, аштан өлмеуді жайын ойлауы тиіс. Сөйтіп капиталистік қоғам біздің кеңес заманындағы жайбасар, марғау тірлігіміздің шырқын бұзып, өмірге деген көзқарасымызды түгел өзгертті. Ұлы Абай айтқан «есектің артын жусаң да мал тап» дейтін заман келді.

Байлық жұрттың бәріне бұйыратын бақыт емес.

Бүгінде бай-бауқатты болғысы келмейтін жан жоқ. Бірақ байлық деген бақ құсы екінің бірінің басына қона салмайтын, адам талғайтын болып шықты. Өз бизнесін ашуға талпынған 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, барынан айрылады екен. Сол 20 адамның 15-і содан кейінгі үш жылда бизнеспен қоштасатын көрінеді. Осылайша, 4 жылдан кейін өз кәсібін ашқан 100 адамның тек бесеуінің ғана маңдайы жарқырап, жолы болады дейді әлемдік Прочитать остальную часть записи »

Тәуекелсіз инвестиция

Кез-келген инвестиция белгілі дәрежеде тәуекелге баруды қажет етеді және сіз міндетті түрде белгілі сомада ақша салуға тиіс боласыз. Ал бір тиын да ақша салмай және еш тәуекелсіз ақша табуға бола ма? Шынын айтқанда мұның өзі бір қарағанда ақылға сиымсыз ертегі сияқты сезілері анық. Дегенмен, ғаламторда сондай жобалар да бар. Бірақ олардың көпшілігі қаржы пирамидасы түріндегі адамдарды алдап қалталарын қағатын алаяқтық жобалар. Дейтұрғанмен, бірлі-жарым адамдарға табыс табуға мүмкіндік беретін жобалар да ұшырасып қалады. Ондай жобаның бірі ретінде webtransfer-finance сервисін айтуға болады.

Ақша салмай ақша табатын жоба.

Мен бұл жобаға өткен жылдың жазында тіркелген едім. Шақырған адамның тегін 50 доллар береді дегені онша сендіре қоймаса да, нем кетіп барады деп тіркеле салғанмын. Қызығы сол, сервис маған шынымен 50 доллар займ берді. Соны он күнге кредитке беріп, үстінен проценттік өсім түрінде 3,75 доллар таптым. Бірақ іс онан әрі қозғалмай тұрып қалды. Өйткені, спонсорым Прочитать остальную часть записи »

Инвестициялауға не кедергі келтіреді?

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген сөз бар. Бойда қуат білекте күш бар жас күнінде адам жұмыс істеп, өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетті. Ал қартайып, білектен күш, бойдан қуат кеткен кезде жас кезіңде жасаған бейнетіңнің зейнетін көрсең, өмірдің қызығы сол емес пе. Өкінішке орай, адамдардың бәрі бірдей солай ойлаймайды. Мәселен, шет елдік бір стаитистика орталығы жүргізген зерттеуге назар аударсақ, 25 жастағы жүз адамның 60 жасқа толғанда 49-ы мемлекетке немесе туыстарына тәуелді болып қалады екен, ал 29-ы 60 жасқа жетпей о дүниелік болса, 12-і жұмысқа жарамсыз болып қалатын көрінеді, ал 5-уі күнкөріс үшін жасы ұлғайғанына қарамастан жұмыс істей бермек, тек 4 адам ғана өз күндерін өздері көретін жағдайға жетеді, олардың 1-уі мол дәулетке ие болмақ. Осыдан көріп отырғанымыздай, 100 адамның тек біреуі ғана 60 жасқа жеткенде мол байлыққа ие болады екен. Мұның себебі неде?

Инвестиция жасауға кедергі келтіретін жайлар

Адамдардың ертеңгі өмірін ойлап, тауып жатқан қаржысының бір бөлігін инвестициялап отыруына кедергі жасайтын бірқатар жайлар бар дейді мамандар. Осы орайда, олар іс-әрекеттеріне қарап адамдарды үш топқа бөледі. Бірінші топ – шегірткелер. Бұлай деп аталуына Крыловтың белгілі «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы себеп болса керек. Шегірткелер Прочитать остальную часть записи »

Инвестиция әліппесі

Бүгінде инвестиция деген термин жұртқа жақсы танымал болып алды. Инвестор, инвестиция дегенді БАҚ жиі айтып, жазып жатады. Инвестиция дегеніміз не және ол адамдарға не береді? Инвестиция артық ақшаңызды тиімді жобаларға салу арқылы ақшадан ақша жасау өнері.
Бүгінде бай-бақуатты болғысы келмейтін пенде жоқ. Бәрі ақшаға сатылатын нарықтық қоғам ақшаның беделін асқақтата көтергені сонша, ақша үшін тәнін, ағзаларын, ар-ұятын сататындар, тіпті ақша үшін адам өлтіретіндер шықты. Олардың мұндай әрекетіне қазір ешкім таң қалмайды.

Ал бай-бақуатты болудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі — инвестиция. Сіз қанша көп жалақы алғаныңызбен бәрібір байлыққа жете алмайсыз. Жалақыңыз өскен сайын шығыныңыз да өсе бермек. Яғни, баю үшін мол жалақы алу шарт емес. Байлыққа бастар жол – бизнес. Бірақ екінің бірі бизнеспен айналыса алмайды. Оның қиындығы өз алдына, қомақты қаржыны қажет етеді. Енді қалғаны – инвестиция.

Ақшаны қайда инвестициялауға болады?

Ең алдымен қолжетімді және сенімді тәсіл саналатын банк депозитіне ақша салуға болады. Қазір мемлекет тарапынан банк депозиттеріне кепілдік берілген. Егер банк бір себептермен банкрот болып қалған жағдайдың өзінде сіздің депозитіңіз мемлекеттік кепілдік бойынша толық қайтарылады. Депозит ең сенімді және тәуекелсіз жоба, бірақ оның бір кемшілігі – пайыздық Прочитать остальную часть записи »

Қорқыныш құрсауында

Адамның ең қатерлі жауы қателік емес, қорқыныш. Қателік зерделі адамды ширатады, ал зердесіз пендені ойына алған масқатынан бас тартуға мәжбүрлейді. Қателігінен сабақ алған зерделі жан адаса жүріп, мақсатына жеткізер түзу жолды іздейді және оны табады. Қиындықтар мен кедергілерді жеңген ол ақырсоңында аңсаған арман-мақсатының асқарына көтеріледі. Ал қателіктен сабақ алмаған зердесіз пенде кездескен қиындықтарға шыдамай, ойына алған шаруасын орындаудан бас тартады және санасын қорқынышқа алдырады. Қорқыныш адамды әлжуаз, дәрменсіз һәм қорғансыз етеді. Санасын үрей мен қорқыныш, күмән мен күдік билеген пенде ешқашан мақсатына жете алмақ емес және көлеңкесінен қорқып, өмірін тауқыметпен өткізеді.

Байлыққа бастар жол

Мемлекеттік немесе жеке меншік кәсіпорында жұмыс істеп жүріп, байыған бір адамды көрдіңіз бе? Қандай лауазымды қызмет атқармасын, қаншалықты жоғары жалақы алмасын, әлдекімге жалданып жұмыс істеген адам ешқашан байлыққа қол жеткізе алмайды. Роберт Киосаки Прочитать остальную часть записи »

Инвестиция – тәуекелдің ісі

Егер сіз инвестор болғыңыз келсе, инвестициялаудың негізгі принциптерін жақсы білуіңіз шарт. Инвестиция деген – бұл белгілі бір ақша сомасын көңіліңіз қалаған жобаға салу арқылы пайда табу. Яғни, сіз 100 мың теңге саласыз да жарты жыл өткенде 150 мың теңге етіп қайтарып аласыз. Роберт Киосаки білікті инвестор қанша пайда табатынын алдын ала дәл есептеп біліп алады дейді және ол тек пайда түсіретін жобаларға ғана қаржы салады.
Ақшаңызды сақтаудың екі түрлі тәсілі бар: біріншісі пайдалы жобаларға қаржыңызды салу арқылы белгілі мөлшерде табыс табу, екіншісі жалпақ тілмен айтқанда жастықтың астында ұстау. Екінші жағдайда сіз ақшаңыздан айрылмағаныңызбен, инфляция ақшаңызды уақыт өткен сайын құнсыздандыра бермек.

Тәуекел мөлшерін азайту.

Инвестициялау – барлық уақытта тәуекелдің ісі болып табылады. Ол тәуекелдің үлкен-кішілігі қандай жобаға, қанша сомада ақша салумен байланысты. Егер ой жіберіп қарайтын болсақ, біздің өміріміз түгелдей тәуекелге негізделгенін бағамдауға болады. Өмір алдымызға ұдайы түрлі қиындықтар мен кедергілерді тартып отырады. Инвестициялау арқылы біз тәуекелді Прочитать остальную часть записи »

Бай-бақуатты болғыңыз келсе…

Қазіргі нарық заманында бай-бақуатты болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ та, барша адамның арманы болған байлық адамдарды таңдап, талғап қонатын бақ құсы сияқты жүздің, тіпті мыңның біріне ғана бұйыратын игілік сияқты. Осыдан бес мың жылдай бұрын Вавилонда өмір кешкен Бензир және Кобби деген кісілер де бай-бақуатты болсақ деп армандапты. Олар қанша бел жазбай еңбек етсе де, бірақта байлыққа қолдары жетпей, кедейшіліктен құтыла алмапты.

Вавилондық байдың құпиясы.

Бір күні Кобби көшеде алтын жалатқан әсем күймемен келе жатқан бұрынғы бала кезден бірге өскен досы Аркаданы көреді. Ол бұл жөнінде Бензирге айтып, содан олар бала күнгі достарынан байлыққа қалай қол жеткізгендігінің құпиясын білуге келеді. Аркаданың айтқан әңгімесі түрінде баяндалатын бұл кітап бүгінде бай-бақуатты болғысы келетін жандардың бастарына жастап жатып оқитын дүниесіне айналған.

Ежелгі вавилондық байшыгеш бай болу үшін көп жұмыс істеп немесе көп табыс табу міндет емес дейді. Байлықты армандап, оған қол жеткізе алмай өмірден өтетін пенделердің ең үлкен Прочитать остальную часть записи »

Ақша ағымы

Байлыққа бастайтын ең сенімді және қолжетімді жол – инвестиция. Сіздің жалақыңыз қанша жоғары болғанымен, егер инвестиция жасауды үйреніп, жүзеге асырмасаңыз, онда тапқан ақшаңыздың бәрі құмға сіңген судай із-түзсіз жоғалады.
Мұны төлдемейтін түлікпен салыстыруға болады. Мәселен, бір кісінің бес сиыры бар делік, ал екінші кісінің бір сиыры бар. Бес сиыры бар адамның малы төлдемейді, осыған орай сиырлар қаратайғанда өнім беруін тоқтатады. Яғни, ол барлық малынан айрылады. Екінші жалғыз сиыры бар адамның сиыры жыл сайын бұзаулайды, соған орай оның мал басы да, оның өнімі де уақыт өткен сайын көбейе бермек.

Ақшаны инвестициялау неден басталады?

Ең алдымен сіз өз кіріс-шығысыңыз туралы бухгалтерлік есеп жүргізуді үйренуіңіз қажет. Ақша ағымыңызды бақылау және басқару оншалықты қиын шаруа емес. Оны сіз әдетке айналдырып алсаңыз, көп ұзамай нақты нәтижесі көріне бастары анық.

Қанша табыс табасыз, ол ақшаны қайда жұмсап жатырсыз, жұмсалғаннан кейін қолыңызда қанша ақша қалады? Жеке бухгалтерияңызда осының бәрі тайға таңба басқандай анық көрініс табуы тиіс. Ол үшін арнайы дәптер ашыңыз және үнемі жазып жүруді дағдыға айналдырыңыз.
Прочитать остальную часть записи »

Ресейдегі инфляцияның бізге әсері бола ма?

Нарық жағдайында ақшаның құнсыздануы үнемі және тұрақты түрде қайталанып отыратын құбылыс. Бұны күтпеген жерден ұстап, құтыңды қашыратын ұстамалы аурумен салыстыруға болады. 1992 жылдың қаңтарында Қазақстан нарыққа көшкеннен кейінгі кезеңде талай ақшаның құнсыздануын бастан кешірді. Инфляция ең алдымен, қарапайым жұртшылыққа ауыр соққы болып тиеді.

Ақша неге құнсызданады?

Егер ақылға салып қарайтын болсақ, ақша ешқашан құнсызданбауы тиіс. Мәселен, бір тауарды өндіру үшін сіз белгілі бір қуат, шикізат және уақыт жұмсайсыз. Оның бағасы соған орай белгіленеді. Ғылым мен техниканың дамуы тауарды өндіруге жұмсалатын қуат пен уақытты азайтып, соған орай өнім бағасын арзандатуға ықпалын тигізеді. Яғни, ғылым дамыған сайын тауар құны кеми түспек.

Шындығында жағдай бұлай болмай отыр. Керісінше, бұрын арзан болған тауардың бағасы қазір бірнеше есеге өсіп кеткен. Оған жұмсалған шикізат сол күйінде қалды, ал уақыт пен қуат көлемі біршама кеміді. Соған қарамастан, баға аспандап шыға келді. Неге?

Мұның астарында ең басты және негізгі себеп – адам факторы тұрғаны белгілі. Нарық жағдайында бағаны базар нарқы белгілейді. Егер сұраныс көбейсе, баға көтеріле береді. Ал бір заттың бағасының көтерілуі Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика