Архив рубрики «Өмір-өзен»

Алматыдағы жер  сілкінісі көп жайдың бетін ашты

«Апат айтып келмейді» дейді қазақ. Алматыда түн ортасында жер сілкінді. Сейсмикалық белсенді аймақ саналатын таудың етегінде орналасқан Алматыда жер сілкінісі ара-тұра болып тұрады. Бірақ та, үлкен апатқа ұшыратқан жер сілкінісі соңғы жүз жылдықта болмапты. Солай дегенмен де, қауіпті аймақта орналасқан қалада апат болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Өткен жылы Түркияда болған жер сілкінісінен мыңдаған адамның қаза тапқанын жақсы білеміз. Сондықтан қауіпті сейсмикалық аймақ саналатын екі миллион тұрғыны бар қалада тиісті қызметтер қатерге сақадай сай тұруы тиіс. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты.

Түнгі сағат екілерде болған жер сілкінісі кезінде көп қабатты үйлердің тұрғындары үйлерін тастап далаға шыққан. Апатты ескертетін қызметтер еш жұмыс істемеген. Кейін белгілі болғандай, бұл кәсіпорын экс президент Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиевтің меншігінде екен.  Апатты ескертетін дабыл жұмыс істемеген. Ақауы болды ма, әлде қызметкерлерінің кінәсінен бе, белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қатер туралы ақпаратты тек орыс тілінде ғана берген. Үйлеріне кіруге қорқып,  жер сілкінісі тағы қайталана ма деген қорқынышпен таң атқанша суықта далада жүрген  адамдарға бір де бір құзырлы орган өкілдері келіп, сөйлеспеген, істің жайын хабарламаған.

Прочитать остальную часть записи »

Қоғамда арсыздық белең алып барады

Күні кеше әлеуметтік желілерде 11 жастағы өз қызын зорлаған Ақтауда қызмет істеген бұрынғы әскери қызметкерге қатысты сот шешімінің шыққаны  туралы ақпарат таралды. Әскери қызметкер әйелімен ажырасып, басқа әйелге үйленген екен. Баласымен кездесіп тұру құқығын пайдаланған ол 11 жастағы қызын жалдап алған пәтерге апарып зорлайды. Бұндай зорлық бірнеше рет қайталанған. Осы жайды білген қыздың анасы бұрынғы күйеуін сотқа берген. Астана қаласының әскери соты өз қызын зорлаған қылмыскерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Алматы облысында  кәмелетке толмаған өгей қызын зорламақ болған 1981 жылы туған азамат ұсталып, терегу изоляторына қамалды деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Бұдан бұрынырақта өз қыздарын зорлады деген күдікпен Ақмола облысында бір азамат ұсталған еді.

Өзегін жарып шыққан өз қызын немесе өзін әке деп атайтын өгей қыздарын зорлаушылар қатары жыл санап көбейіп барады. Осыдан бірнеше жыл бұрын өз қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген, ақырсында жүкті қылып қойған бір азамат сотталған еді. Оны айтасыз, Түркістан облысында мектеп директоры өзінің жетінші сыныпта оқитын ер баласын бірнеше жылдан бері зорлап келгены анықталып, қылмыскер сотталды.

Прочитать остальную часть записи »

Әруақты бұдан артық қорлау бола ма?

Қазақ қана емес, жалпы иісі мұсылман елдері үшін Қожа Ахмет Яссауи ұлы тұлға, пайғамбардан кейінгі дін исламның абырой-беделін асқақтатқан әулие-ұстаз. Жарты әлемді жаулап алған, атынан ат үркетін Ақсақ Темірдің өзі әулиеге бас иіп, құрмет көрсетіп, оған әлемде жоқ сәулетті кесене тұрғызғаны тектен тек емес. Міне, сондай ұлы тұлғаның  кесенесінің басында  нәпсінің құлақ кесті құлына айналған азбан азғын  екі  әйел ЛГБТ деген адамның жүрегін айнытып, құсқысын келтіретін азғын ұйымның кемпірқосақ туын желбіретіп жарнамалық суретке түскен.  Өзіңіз ақылға салып бағамдап қараңызшы: бар өмірін Аллаға құлшылыққа арнаған, 63 жасында дүниені тәркі қылып, жер астына түсіп, қалған ғұмырын Жаратқанға құлшылық етумен өткізген әулиенің қабірінің басына келіп нәпсіге құл болған әйелдердің өздерінің азғын ұйымдарын насихаттап суретке түсуі  — бұл енді әруақты қорлаудың ең шектен шыққан үлгісі болса керек.

Әлеуметтік желіде жарияланған осы суретке қатысты ашу-ызаларын білдіріп, пікір жазғандар, бұл бассыздыққа қатысты қылмыстық іс ашып, азғындарды жауапқа тартуды сұраған жандар аз болмады. Десе де, «Еститінін үкіметтің» құлағы бітеліп қалған ба, құқық қорғаушылар жұртшылықтың  үніне ләм деп пікір білдірмеді. Егер де, дәл осындай жағдай ислам елдері Иранда немесе Сауд  Арабиясында орын алса, әлгі әйелдердің сөзге келмей бастарын кесер еді. Ал Түркия сияқты зайырлы елдерде жасалса, қолдарына кісен салып, түрмеге тоғытар еді.   Батыстың жетегіне еріп, ұлттық тілі мен құндылықтарынан безген біздің елдің билігі ЛГБТ дегендерді  бетімен есіртіп қойды. Олар кемпірқосақ туларын желбіретіп еліміздің әр өңірінде ойларына келгенді жасап, түрлі жарнамалық шаралар өткізіп жүр. Жыл сайын 8 наурызда гендерлік теңдік дегенді желеу етіп, құқығымыз тапталып жатыр деп ұрандатып шеруге шығады. Олардың арасында жасамыс тартқандары да, кәмелетке толмаған жасөспірімдері де бар.

Прочитать остальную часть записи »

Журналист мамандығының болашағы бар ма?

Осыдан бірнеше жыл бұрын ресейлік бір сараптама орталығы алдағы бес-он жылдың ішінде қажетсіз болып қалатын біраз мамандықтардың тізімін жариялады. Солардың ішінде журналист мамандығы да бар. Сараптамашылардың болжамының қаншалықты шындыққа сай келетінін кім білсін, дегенмен де, қазіргі даму жағдайына назар аударып қарасаңыз, жыл санап бұрын беделді саналатын бірқатар мамандықтардың қажетсіз болып жойылып бара жатқанын бағамдауға болады.

Ертеректе әрбір мекеме, ұйымда кассир деген мамандық иесі болатын.  Қызметкерлерге ақша тарататын кассир мамандығы беделді және  қажет мамандықтың бірі болды. Соңғы жылдарда сол кассир мамандығы мүлдем қажетсіз болып қалды. Адамдардың жалақысы қазір карта карқылы аударылады да, қолма-қол ақша түрінде қолына берудің қажеттігі жойылды. Баспахана қызметіне деген сұраныс та бұрын өте үлкен болушы еді. Жыл өткен сайын баспахана қызметіне деген сұраныс азайып, бұл мамандық иелері де қажетсіз болуға айналды. Қазір әрбір мекеме түрлі бланкалық өнімдерді өздері басып шығарып алады.

Уақыт өткен сайын күш алып, барлық салаға кеңінен еніп бара жатқан жасанды интелект адамдарды ығыстырып шығарып, көптеген мамандықтарды қажетсіз етуде. Қазіргі күні бұрын аса жоғары сұранысқа  ие, беделді мамандық болып табылатын бухгалтер мамандығының басына да қара бұлт үйріліп тұр. Ехсел бағдарламасының  «Бухгалтер» деген қосымшасы шығып, оны меңгерген  кез-келген адам бухгалтердің жұмысын оңай атқаратын болды. Ендігі арада мекеме, ұйым басшысы бухгалтер маманын қызметке алып, ай сайын қомақты жалақы төлеп отырғанша, Ехселмен жұмыс істеуді білетін бір қызметкерге жарты немесе ширек жүктемемен бухгалтердің міндетін жүктеп қойса, сол тиімді болмақ. Яғни, енді бірнеше жылда бухгалтер мамандығы да қажетсіз болып қалатын түрі бар.

Прочитать остальную часть записи »

Құны кеткен құндылықтар

Алтынды құнды ететін оның аздығы екендігі белгілі. Егер алтын көп болса, мысалы кенеттен таудағы тастың бәрі алтынға айналса, онда алтынның көк тиындық қадірі қалмас еді. Адамдар аяқ астында жатқан алтыннан ыдыс-аяқтан бастап,  барлық қажетті құралдарын жасап, тіпті алтын кірпіштен әжетхана тұрғызар еді. Сол сияқты өзіміз қадір тұтатын игіліктердің бәрі егер  шамадан тыс көбейіп кетсе, аз уақытта қадір-қасиетінен айрыла бастайтыны анық.

Қадірі кеткен құрметті азамат атағы

Таяуда әлеуметтік желіден белгілі бір ақынның жазбасын оқыдым. Әлгі ақын 8 ауданның құрметті азаматы екен, енді оған тағы бір аудан сондай атақ ұсыныпты. Ауданның, қаланың, облыстың құрметті азаматы деген атақтар соңғы жылдарда жаппай белең алып кетті. Ақын, жазушы,  әртіс, сазгер сияқты өнер адамдары мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері түгел кем дегенде бір ауданның, болмаса үш-төрт өңірдің құрметті азаматтары. 8 ауданның құрметті азаматы атанған әлгі ақынды айтамын, сол өңірлерді өркендетуге оның қанша еңбегі сіңіпті?

Кеңес заманында да осындай атақтар болды, бірақ ол кезде мұндай атаққа ел-жұртқа танымал үлкен тұлғалар ғана ие болатын және ондай атақ өте сирек берілетін. Содан болар, оның қадір-қасиеті де жоғары еді. Қазір жалпақ тілмен айтқанда «иттің итақайы» құрметті азамат атағын алады. Екіден, үштен сондай атағы бар адамдар бар. Олардың бәрі сол аймақтарды дамытып, өркендетуге белсене атсалысып, сүбелі үлесін қосты деуге болмайды.  Жасыратыны жоқ, бүгінде атақ та ақшаға сатылатын немесе  тамыр-таныстықпен берілетін болды. Құрметті азамат атанғың келсе, сол өңірдің басшыларының аузын алсаң жетіп жатыр. «Бұл атақты неге бердің, мына адам сондай атаққа лайықты ма, жоқ па?» деп сұрайтын пенде жоқ. Яғни, тексеру жоқ екен, онда бұндай атақты кім көрінгенге үлестіре беруге болады.

Прочитать остальную часть записи »

Нәпсінің құлына айналғандар

Әлеуметтік желілерде сегіз жастағы өгей қызын зорлаған еркек туралы әңгіме қаптап жүр. Жас баланың тәнінен қан кетіп, содан ауруханаға апарып, ота жасап жатырын алып тастапты. Сорақысы сол, өгей әке қызын үш жылдан бері зорлап келген екен. Яғни, бес жасынан бастап зорлай бастаған. Мына жайды естігенде адамдардың осыншама азғындыққа салынып кеткеніне қайран қаласың.

Адамдар неге азып барады?

Осыдан бірнеше жыл бұрын бес жастағы кішкентай қызды автокөлігіне алдап отырғызып алып, саяжайына апарып зорлап, ол аз дегендей қылғындырып өлтірдім деп тастап кеткен еркектің әрекеті сол тұста жұртшылықтың қатты ашу-ызасын туғызған еді. Әупірммен аман қалған бес жастағы қыз бала бірнеше рет ота жасағанына қарамастан, ауруханада көз жұмды. Оны зорлаған адам әйел баласы бар кәдімгі қарапайым азаматтардың бірі болып шықты.

Прочитать остальную часть записи »

Азғындықты насихаттау кімдерге керек?

Өткен жылы 8 наурызда әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған жария шеруді өз мақсаттарына пайдаланған геи, лесбян, трансгендер деген азғын топтар өздерін жарнамалап, кеуделерін соғып ұрандатып, жарияға жар салды. Ол аз болғандай содан кейін әлгілер облыс орталықтарында көпшілікпен кездесулер өткізуге талпыныс жасап, жұртшылықты біраз абыржытты. Жә, өз жынысының өкіліне құмарту немесе жынысын ауыстыру – психикалық ауру делік, ондай дертке ұшырағандар ем қонбаса үйлерінде жатып, азғындықтарын жасай берсін, бірақ жарияға жар салып «біз сондаймыз, маған қараңдар» деп ұрандатудың қанша қажеті бар?

Азғындықтың артында кімдер тұр?

Егер өткен тарихқа зер сала қарайтын болсақ, тәні еркек бола тұра, өзін әйел сияқты сезінетіндер немесе керісінше әйел тәнін иеленген біреулердің еркек мінезді болуы ерте заманнан кездесетін психикалық дерт екенін бағамдауға болады. Қазақ ондайларды «бәтшағар» деп атаған.  Дегенмен де, бұндайлар ерте заманда аз кездесетін және мұндай дертке шалдыққандар өздерін  қазіргідей жарнамалап, көпшілік алдына шығу деген болмайтын.

Прочитать остальную часть записи »

Өтті дәурен осылай

Сөйтіп Қазақстан мемлекетін отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев билігінен кетті. Жасыратыны жоқ, көп адамдар үшін Назарбаев Құдайдың сүйген ұлы саналып, «шіркін, біз де сол сияқты биіктерге жетсек» деп армандағандар аз болмағаны анық. Оның тасы әрдайым өрге домалап, мансап та, атақ-даңқ та, асып-тасыған байлық та көлеңкесі сияқты әрдайым бірге болды. Тіпті, Назарбаев қолын алған соң, бір жеті қолын суға жумай жүргенін айтқандар да болды. Балаларын ырымдап соған ұқсасын деп Нұрсұлтан қойғандар әр өңірден көбейді. Бүгінде қазақ елінде Нұрсұлтандардың саны 18 мыңнан асады екен.

Назарбаев туралы қаншама мақалалар, кітаптар жазылып, телехабарлар, кинолар түсірілді, тіпті оған арнап күй, жыр-дастан да шығарылды. Назарбаевтың есімі елдің астанасына, үлкен қалалардың көшелеріне, әуежайлар мен мектептерге, университетке берілді. Бір сөзбен айтқанда, ол жетпеген биік қалмағандай. Қазақ мұндай жандарды «армансыз» деп атайды.

Иә, Назарбаевтың Аллаға еш өкпе-реніші болуы тиіс емес. Тірі пендеге қажеттінің бәріне жетті, бәрін алды, бірақ оның биліктен кетуі мынадай ақиқатты барша жұртқа көзге шұқығандай етіп көрсетіп берді: мына фәни жалғанда еш нәрсе мәңгілік емес, бәрі де өткінші және бәрі жалған.

Прочитать остальную часть записи »

Заманды өзгерту қолыңнан келмесе…

Бір ғұламаның айтқан «заманды өзгерту қолыңнан келмесе, соған бейімдел» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайлар бүгінде өте көп. Бірақ өкініштісі сол, адамдардың көбі соған мүлдем дерлік көңіл аудармайды. Олар заман ағымын, оның қайда бара жатқанын, қазірден бастап уақыт талабына бейімделмесе, ертең қиындыққа тап боларын ойламайды.

Үш балық туралы хикая

Шығыс даналығын бойына сіңірген  «Кәлилә мен Димнә» деген кітапта үш балықтың басынан кешкен оқиғасы туралы мысал әңгіме бар. Үш балық бір суда өмір кешіпті дейді. Күз жақындаған сайын   бұлар тірлік кешкен су тартылып, үлкен су көзінен ажырай бастайды. Қатерді сезген ақылы көптеу балық жедел шешім қабылдап, су тартылмай тұрып үлкен су көзіне өтіп кетеді.

Прочитать остальную часть записи »

ЛГБТ деген не және олар нені көздейді?

Биыл көктемде Алматыда ЛГБТ дегендердің үлкен шеруі өтіп, бұл еліміздің тұрғындарының арасында біраз пікір туғызды. Өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланғысы келіп, түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, бейбіт шеруге шыққандарды шетінен ұстап, түрмеге тоғытатын құқық қорғаушылар неге екені белгісіз ЛГБТ дегендерге заң жүзінде рұқсат беріп, тіпті оларды өзгелерден қорғап жүрді.

ЛГБТ деген не?

Сонымен ЛГБТ деген не және олар нені мақсат етеді? Бұл ағылшын тіліндегі  лесбиан, геи, бисексуал және трансгендер деген сөздердің бас әріптерінен құралған атау екен.  Енді оларға жекелей тоқтала кетейік. Лесбиан деген – әйел мен әйелдің жыныстық жақындыққа түсуі. Лесбиан әйелдерге еркек қажет емес. Олар тұрмысқа шықпайды, бала таппайды, тек бір-бірімен анайы жыныс жақындығын жасап, бар өмірін рахат алуға ғана арнамақ.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика