Архив рубрики «Өмір-өзен»

Әлемде үлкен текетірес жүріп жатыр

Қазіргі технология  шарықтап дамыған заманда әлем елдері бұрынғыдай оқшау өмір сүре алмайтын  болды. Жаһандану деген құбылыс адамзатты  миша араластырып жіберді. Ендігі уақытта ешбір мемлекет басқа елдердегі болып жатқан түрлі құбылыстардың бізге қатысы жоқ деп айта алмайды. Барша адамзатқа тән түрлі проблемалар соңғы жылдарда көбейіп барады. Оны шешу бір ғана елдің шаруасы емес, енді әлем халықтарының бірлесе жұмыс істеуі ғана бұндай мәселені шешуге жағдай жасамақ.

Жұқпалы дертке қатысты кереғар пікірлер

Өткен жылдың басында пайда болған короновирус атты жұқпалы дерт алғаш шыққан кезден-ақ, бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі пікір ел арасында айтылып жүрді.  Мемлекеттік ақпарат құралдары мен мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін осы саланың мамандарының айтуынша, бұл аса қатерлі дерт және одан сақтанудың ең сенімді жолы – адамдарды оқшаулау, карантин шараларын енгізу, ал вакцина шығарылған кезде жұртшылыққа жаппай екпе жасау.

Прочитать остальную часть записи »

Сиыр жылынан не күтеміз?

Қазақта ғана емес, жалпы әлемнің барлық халықтарында жан-жануарлар атымен аталатын 12 жылдан тұратын уақыт айналымы бар. Жыл санаудың бұл тәсілі қашан, қалай пайда болғандығы туралы ешкім білмейді. Тағы бір қызықтысы, жан-жануарларға негізделген 12 жылдық  цикл негізінен барлық халықтарда ұқсас. Мәселен, 12 жылдық уақыт айналымы тышқан жылынан басталады. Сөйтіп, біз биыл 12 жылдық циклдің екінші жылына аяқ бастық.

Әр жылдың ерекшеліктері бар

Тышқан деген барлық халықтар үшін соншалықты жағымды мақұлық болып саналмайды. Ең алдымен, оның етін қытайлықтар болмаса, басқа жұрт жемейді. Рас, терісінен түрлі киімдер тігеді. Сондай-ақ, тышқандар адам еккен егінге залалын тигізіп қоймай, тіпті жер үйлерді былай қойып, көп қабатты пәтерлердің өзінде тұрғындардың мазаларын алып жатады.  Содан болар, тышқанды адамдар оншалықты ұната қоймайды. Ал әйелдердің арасында тірі тышқаннан зәрелері ұшып қорғатындар көп.

Прочитать остальную часть записи »

НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕГЕН КІМ?

Ең алдымен осы сауалнамаға жауап беріп көрейікші: Нағыз еркек десе көз алдыңызға кім елестейді?

Ойланып қалдыңыз, иә? Тек бірнеше минуттардан  кейін ғана  өткен ғасырлардағы батырларды, қоғам қайраткерлерін айтасыз. Өз әкеңізді де айтуыңыз мүмкін.

Бұл психологиялық сауалнама нені көрсетеді? Толығырақ тоқталайық:

Адамға тосыннан сұрақ қою арқылы, ойында не тұрғанын білуге болады. Егер біраз ойланып қана жауап берсе, оның жауабы ақиқат емес. Ми өзінің күнде көріп, естіп жүрген жағдайы туралы автоматты түрде жауап беруге машық. Яғни, қазіргі қазақ қоғамында “нағыз ер” деген атқа лайықты жігіттер аз. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде халықтың  85%-ы бірден жауап бере алмаса, қалған  15%-ы өз әкесін айтып өтті.

Нағыз еркек деген кім?

Құранда «нағыз ер» деп  Аллаға сенім білдіріп, намаз оқитын, уәдеге берік болып, қиянат жасамайтын,ақиқат пен сүйінпеншілікті қалайтын адамды атайды. Ал осының ішінен қазіргі жігіттердің бойынан кездесетін қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ата-анасын бақытты етіп,сүйіспеншілігін көрсете алмағандар қаншама? Алланың парыз етіп берген бес уақыт намазын оқып жүріп-ақ, талай жанның көз жасына қалған жігіттер қаншама? Сүйгеніне уәде беріп, қиянат жасағандар қаншама?

Прочитать остальную часть записи »

Адамдар арсыздықтың құрдымына құлап барады

Таяуда Ютуб сервисінде Алматы маңындағы қаңғыбас иттерді ұстайтын орында төрт иттің зорланғаны туралы видео жарияланды. О заман да, бұ заман, иттің зорланғанын кім естіген. Мына хабарды естіп, оқиғаның анық-қанығын білмек болған блогерге ит ұстайтын мекемінің қызметкерлері есік ашпады және дұрыс жауап та бермеді.

Ит зорлаған кімдер?

Кейін белгілі болғандай, оқиға желісі былай өрбіген. Қаңғыбас иттерді ұсайтын мекеменің қызметкерлерінің қатыгездігін көріп, куәсі болып жүрген волонтерлер оқта-текте келіп, тірліктен теперіш көрген төрт аяқтыларға қолдан келгенше көмек көрсетіп тұрады екен.  Бір келгенде жарақат алып, бүрісіп жатқан бірнеше итті көріп, оларға жанашырлық танытқан волонтерлер ветеринарға апарып көрсетпек болады.

Прочитать остальную часть записи »

Хаип – ұлтымыздың болашағына қатер

Интернет барша адамзаттың өміріне үлкен өзгерістер әкелді және әкеліп те жатыр. Оның жағымды жағы да, жағымсыз тұстары да жетерлік. Ол жайында БАҚ аз айтып, жазып жатқан жоқ. Оған тоқталып жату да артық болар. Ал біз әңгіме еткелі отырған хаип деген мәселе туралы онша көп айтыла қоймайды. Көп айтылмайтыны, жұртшылық әзірге оны қоғам үшін оншалықты қауіпті деп санамайтын сияқты. Ал іс жүзінде хаип деген әсіресе, жастардың санасын улайтын, ұлттың болашағына балта шабатын аса қатерлі дерт екендігін өмір көрсетуде.

Таяуда әлеуметтік желілерде әлдекім жариялаған қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және Ахмет Байтұрсыновтың суреттерін сөйлеткен видео көпшілік арасында үлкен пікір туғызды. Қазақтың айтулы перзенттерін аузы-бастарын қисаңдатып, құбыжық етіп көрсеткен бұл видеоның авторын жұрт жерден алып, жерге салды. Тіпті, тауып алып, сыбағасын беру керек дегендер де болды. Содан көп ұзамай «мен осы видеоның авторы едім» деген бір қаршадай бала шығып, халықтан осы үшін кешірім сұрап, енді мұндай теріс әрекет жасамайтынын айтты.

Прочитать остальную часть записи »

Мансапқа табынушылық

Кеңес заманында билік басында болған коммунистік партия көсемдері Құдай туралы түсінікті адам санасынан алып тастап, дінсіз қоғам орнықтырған еді.  Бұл қоғамда Құдайға табынудың орнын енді жеке басқа, яғни көсемге табынушылық ауыстырды. Өліп қалған Ленинді Құдай деңгейіне дейін көтеріп, басына кесене тұрғызды, Сталин КСРО деп аталатын алып мемлекетті әкесінен мұрға қалған жеке меншігі іспетті санады. Брежнев кеудесіне орден-медаль толтырып, өзін алып мемлекеттің мәңгілік патшасы сияқты сезінді.

Дінсіз қоғамның сарқыншағы

Коммунистік идеологияның сарқыншағы әлі күнге дейін бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан біраз елдерде сақталып келеді. Бұның өзі билікке келген адамның сол қызметін әкесінен қалған жеке меншік мүлкіндей көріп, соған ұстай жабысып айрылмауынан және айналасындағы жағымпаздардың лауазымды адамдарға құлдық ұрып табынуларынан анық көрінеді.

Прочитать остальную часть записи »

Қазір дүниеде не болып жатыр?

Әлемнің көптеген елдері короновирус дертінің таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай енгізіп, шекараларын жауып алды. Өндіріс орындары, дүкендер, басқа да қызмет көсрететін мекемелер жұмыстарын тоқтатты. Адамдар үйлеріне қамалып, тек  дүкеннен азық-түлік  әкелу үшін ғана шығатын болды. Бұрын-соңды болмаған барша әлемді қамтыған бұл оқиға туралы қазір кереғар екі түрлі пікір бар. Біреулер шынымен де жұқпалы дерт бар, одан сақтанудың жалғыз жолы оқшаулану десе, екіншілері бәрі алаяқтық жоба, әлдекімдер адамзат баласына қарсы арамза пиғылдарын жүзеге асырып жатыр дейді.

Билл Геитстің мәлімдемесі

Ютуб сервисінде 2015 жылы Батыстың алпауыт байларынан құралған клуб мүшелері алдында сөйлеген Геитстің әңгімесі  жарияланды. Гейтс үлкен экрандағы слайд арқылы жиналғандарға әлденені түсіндіріп жатыр. Оның айтуынша, әлем үшін ең үлкен қатер – ядролық соғыс емес, вирус екен.

Гейтс мамандардың көмегімен жаңа вирус жасап жатқандығын, ол адамның миындағы Жаратқанға деген сенім мен үмітін жоятындығын және адамзат баласының санын қажетті мөлшерге дейін түсіріп, реттейтіндігін баяндайды. Оның айтуынша, жер шарындағы барша халықтың 2 пайызы – Құдайға қатты сенетін пірадарлар екен. Адамзаттың өркендеуіне кедергі келтіріп отырған да

Прочитать остальную часть записи »

Әлемдік үкімет: ақиқат пен аңыз

Интернетте бүкіл әлемді билегісі келетін жасырын алпауыттар тобы бар екен, олар осы мақсаттарын жүзеге асыру үшін саясаткерлерді, ақпарат құралдары өкілдерін  сатып алып, өз мүдделеріне қызмет еткізеді екен деген алыпқашты әңгімелер айтылып жүр. Қазір барша әлемді қамтыған короновирус дертін ұйымдастырған да, сол арқылы өз биліктерін орнатқысы келіп жүргендер де, сол ат төбеліндей алпауыттар көрінеді деген ақпараттар  бар. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды? Осы мәселеге қолдағы бар деректер мен қисынға сүйеніп талдау жасап көрелік.

Тойымды білмейтін пенделер

Ескендір Зұлқарнайын туралы ел арасында айтылып жүрген мынадай аңыз әңгіме бар. Жарты әлемді жаулап алған Ескендір патша бір қаланы келіп қоршайды. Бірақ бекінісі мықты қала қанша шабуылдаса да еш алдырмайды. Содан күндердің бір күні қала қорғанынан лақтырылған теріге оралған зат түседі. Бұл не деп ашып қараса, алақандай ғана сүйек екен.

Прочитать остальную часть записи »

Әйелге қорғаныш қажет

Бүгінгі материалистік ғылым әйел мен ер адамның айырмашылығын тек биологиялық өлшемде ғана қарастырып, психологиялық, рухани өлшемдері жайына онша көп мән бермейді. Әйел мен ер адамның бір шаңырақтың астында бақытты өмір кешуі үшін психологиялық, рухани ерекшеліктерін де ескеру қажет. Сонда ғана біз адам деп аталатын тіршілік иесі туралы толыққанды ақпарат аламыз.

Ажырасушылық неге көбейіп барады?

Ақмола облыстық әділет департаментінің деректеріне қарағанда соңғы жылдары ажырасушылар саны үйленгендердің 50 пайызынан асып жығылған. Яғни, әрбір жүз отбасының жартсынан астамы ажырасып жатыр деген сөз. Тағы бір қынжыларлығы, ажырасушылар қатары жыл санап көбейіп және жасарып барады екен.

Кеше ғана дүрілдетіп той жасап отау құрған жастар араға жыл салмай жатып бірін-бірі көрместей болып ажырасып жатуының себебі неде? Шынын айтқанда, бұл қазір адамдардың жеке басы мәселесі емес, мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отыр. Өйткені, мемлекет дегеніміздің өзі отбасылардан тұрады. Ал отбасы берекесі болмаса, мемлекеттің де іргесі бүтін болмайтыны анық.

Прочитать остальную часть записи »

Мансапқорлық – қатерлі дерт

Кеңес әскерінің арасында жиі айтылатын мынадай нақылға айналып кеткен сөз бар: «генерал болмаймын деген солдат, солдат емес». Бұның мәні: мансап баспалдағымен биікке ұмтылмаған жауынгерден ештеңе шықпайды дегенге саяды. Жалпы кеңес заманында бұл қағидат тек әскерге ғана қатысты емес, барлық сала бойынша айнымас ережеге айналып кеткен болатын.

Санасын мансапқорлық улаған адамның өмірі тамұққа айналады

Төрт түлік малға байланған ежелгі қазақ қоғамында мансапқорлық деген дерт қарапайым халық арасында мүлдем болмайтын. Ол дерт тек төре әулетінен шыққан хан тағына ұмтылушы ақсүйектерге ғана тән еді. Қарапайым көпшілік мансап дегеннен аулақ  қаперсіз жайлы тұрмыс кешті. Ал ақсүйектер болса хан тағына таласып, бірін бірі аяқтан шалып, тіпті өлтіріп, қырықпышақ болып қырқысып жатты.

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогияларын оқитын болсаңыз, тақ үшін баласы әкесін, бауыры аға-інісін, әкесі баласын өлтірген жағдайлар өте көп болған. Әсіресе, Алтын Орда мемлекеті дәуірінің соңғы кезінде хандар тұрақтамай, қырқыс мүлдем шиеленісіп кетеді.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика