Архив рубрики «Тылсым дүние»

ӨЛГЕН ҚЫЗДЫҢ АРУАҒЫ АНАСЫН АЖАЛДАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Мен ол кезде Ресейдің Сібір аймағындағы шағын деревняда тұрған едім. Қалаға қоныс аударғаныма біраз  жыл болып қалды. Бірақ көңіліме маза таптырмай жүрген тылсым жәйт туралы айтпасам болмайтын секілді, -дейді осы оқиғаның куәсі болған әйел.

Бұл сексенінші жылдардың орта тұсы болатын. Өзіммен көрші тұратын Анна Гавриловна есімді орта жастағы әйелмен өте сыйласып тұрдым. Анна шын мәнінде қайырымды, жұмыскер әрі табыскер жан еді.  Колхоздың жұмысын да, үй шаруашылығын да қатар атқарып, бәріне үлгеріп жүретін. Тіпті көршілеріне де қарайласып тұратын.  Оның басында бір ғана қайғысы бар еді, жалғыз қызы Лиза әбден ішкіліке саланып кетті. Мектепте оқып жүргенде-ақ күмәнді бір топпен байланысып, арақ ішіп, анаша шегіп, келе-келе үйіне қонбайтын әдет тапты. Аз уақытта  жиырмадан енді ғана асқан  бойжеткеннің  кескін-келбеті бұзылып, мыж-мыж болып, қырықтардағы әйелдерге ұқсап қалды. Лизаның сау жүрген күнін көрмейтін болдық, ұдайы мас боп келіп шатақ шығарып жүргені. Анасы байғұс  қызын бұл кесапаттан арашалап алғысы келіп, не істемеді десеңізші! Бұзақы топтың арасынан да алып шықты,   милицияға  түскен жерінен де (кейін білгеніміздей, Лиза ұсақ ұрлықтар жасап, бұзақылық әрекетттерге де барып жүреді екен) сан мәрте шығарып алды. Бірақ әбден теріс жолға түскен қызының түзелер түрі көрінбеді.

Прочитать остальную часть записи »

Сайтан адамды неге азғырады?

Ғылым мен білім шарықтап дамыған қазіргі заманда бізбен парралел өмір сүретін басқа тіршілік иелерінің барлығы туралы ақпараттар жетерлік. Ертеректе адамдар жын, пері, сайтан деп ат қойған сондай параллел өлшемде өмір сүретін тіршілік иелері жайында интернетте ақпараттар өте көп кездеседі. Адамдарды еркінен тыс түрлі теріс әрекеттерге итермелейтін тылсым күштердің барлығына қазір көп адамдар сенеді.

Сайтан бар және оны бүгінгі ғылым да  растайды

Қасиетті Құранда, Інжілде аса алдаушы деп аталған адамдарды жамандыққа азғыратын тіршілк иесінің барлығы анық жазылған. Десе де, материалистік ғылым ұзақ жылдар бойы сайтан деген адамдардың ойдан шығарылған нәрсесі деп санап келді. Бірақ, уақыт өткен сайын ғылым дәлелдей алмайтын адамдарыд еріксіз есуастыққа итермелейтін күштің барлығын дәлелдейтін оқиғалар жер-жерде көбейе түсті.

Сонау 90-шы жылдардың ортасында «Жас алаш» газетіне бір мақала жарияланған еді. Онда арақ ішіп алып кешкілік үйіне келген орта жастағы азамат асүйде тамақ ішкелі отырған кезінде пышақпен өзінің еркектік мүшесін кесіп алғаны, ауруханаға дер кезінде жеткізудің арқасында аман қалғаны жазылған. Мұндай есуастыққа не үшін барғандығын сұрағанда әлгінің жауабы былай болады: столға отыра бергенімде асүйге қара маска киген жалақтаған үш жігіт кіріп келді. Олар маған өз денеңді ауыртатын әрекет жасамасаң, азаптап өлтіреміз деді. Қолдарында жалаңдаған пышақтары бар үшеуден қорыққанымнан өз мүшемді кесуге мәжбүр болдым».

Прочитать остальную часть записи »

Жын, сайтан туралы

Жын-сайтан туралы аңыз әңгімелер әлемнің барлық дерлік халықтарында бар. Сайтан туралы түсінік дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары саналатын Інжіл мен Құранда да баяндалады. Тіпті, Құранда жын деген сүре де бар.

«Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді халық даналығы. Жын-сайтан туралы түсінік бар екен, онда сондай мақұлықтардың да барлығында күмән жоқ. Ол мақұлықтар адамдардың көзіне күнде көрініп жүрмесе де, олардың бар екендігіне дәлел болатын жағдайлар әлемнің әр өңірінде, тарихтың әр кезеңдерінде болып отырған. Өз басым сайтан деп аталатын мақұлықты көзімен көрген бірнеше адамның әңгімелерін тыңдадым.

Қасиетті Құранда Алла адамды топырақтан жаратып, оған рухын үрлеп енгізген соң барлық періштелерді жинап, Адамға сәжде қылуды бұйыратыны туралы аяттар бар. Алланың әмірімен барлық періште Адамға сәжде қылғанда, тек Ібіліс қана сәжде етпейді. Алла одан неге сәжде етпегенін сұрағанда «мені оттан, ал адамды топырақтан жараттың, топырақтан жаратылған адамға сәжде етпеймін» дейді ол. Осылайша, тәкаппарлық жасаған сайтан Алланың қарғысына ұшырап, жұмақтан қуылады.

Прочитать остальную часть записи »

Нақты өмірде астральға қалай шығуға болады

Ет пен сүйектен жаратылған тәннің ішінде көзге көрінбейтін оның дәл көшірмесі іспетті нәзік тән болатыны  қазір құпия болудан қалды. Астральдық тән аталған нәзік тәннің барлығын ғылым да мойындайды. Адам өлгенде оның ақыл-ой санасы нәзік тән арқылы тәнін тастап шығады. Яғни, өлім – бұл адам тіршілігінің аяқталуы емес.

Дегенмен, астральдық тәнге шығу тек өлген кезде ғана жүзеге аспайды. Адам түс көрген кездерінде астральдық тәнге шығады. Бірақ ұйықтап жатқан сәтінде болғандықтан, бұны олар сезбейді. Сондай-ақ, астральдық тәнге шығу ояу кезінде де жүзеге асатын жайлар болады. Біз мақаламызда адамның саналы түрде қалай астральдық тәнге шығуына болатыны туралы баяндамақпыз.

Бұрын көптеген адамдар астральға шығуды тек фантастикалық кітаптар мен кинофильмдермен байланыстыратын. Алайда, соңғы уақытта бұл мәселеге деген қызығуышылық артып, онымен нақты айналысатын адамдар шыға бастады. Олар түрлі тәсілдер арқылы астральға шығып, оның табиғатын зерттеуде.

Астральға  шықпас бұрын, оның ерекшеліктері мен басқа да қасиеттері туралы жан-жақты біліп алу қажет.  Негізінен астральдық әлем мен ұйқыдағы түстің арасында тығыз байланыс бар. Астральдық әлемге тек ұйқы арқылы енуге болады. Бірақ та, түс пен астральдық әлем арасында үлкен айырмашылық бар.  Адам астральға енгенде оның физикалық тәні бөлініп, бөлек қалады.

Адамның физикалық денесі  рухани бөлігінен бөлінеді. Бұл адамдар ұйықтаған сайын болады. Дегенмен де, ұйқыдағы сәтте адамдар астральдық тәндерін бақылап, басқара алмайды. Ал медитация кезінде астральға өткенде нәзік тәнін басқаруға мүмкіндік бар.

Прочитать остальную часть записи »

Шынайы өмірде сиқыр бар ма және оны игеруге бола ма

Адамдардың сиқырға деген көзқарасы әрқашан кереғар жағдайда болды. Дәстүрлі діндердің бәрі дерлік сыйқыр күнәға бастайтын теріс әрекет деп санап, айыптайды. Орта ғасырларда христиандар сыйқыршылық жасағаны үшін тірідей өртеп жіберетін. Ал  соған қарамастан, көп адамдар сыйқырға сенеді және сыйқыршылық осыған орай әлемнің көп өңірлерінде белең алды. Бір адамдар сыйқыр деген ойдан шығарылған нәрсе деп сенімсіздікпен қараса, енді біреулер оған құлай сеніп, тіпті, сыйқыршылардың қызметін пайдалануға ынталы болады.

Бүгінгі ғылым мен жаратылыс заңдары көптеген құбылыстарды толық мәнінде түсіндіріп бере алмайды. Бұның өзі ертеден адамдардың санасында қалыптасқан табиғаттан тыс күшке деген сенімді туғызады. Оған қоса, адамдар табиғаттан қажетін жан қинамай дұғаның, яғни сыйқырдың күшімен оңай алғылары келеді. Жалпы, сыйқыр деген түсінік адамдар жануарлардан бөлініп, саналы адам сатысына өткен кезден басталады десек, артық айтқандық болмайды.

Дәстүрлі діндер сыйқырды қанша теріске шығарса да, шын мәнінде сыйқыр мен дін бір-бірімен астасып кеткен.  Ислам, христиан сияқты бір Құдайға табынатын дәстүрлі діндер қалыптаспаған ежелгі заманда  дін мен сыйқыр біртұтас болды. Яғни, сыйқыр мен дін бірге болды. Осы орайда, әлі күнге дейін сақталған мұсылмандар арасындаға тасаттық дәстүрін алып қарайық. Адамдар мал сойып, Құдайға жалбарынып, жаңбыр сұрайды. Содан кейін кенет аспанда бұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастайды.

Прочитать остальную часть записи »

Адам тәнінің тылсым құпиялары

Адам ағзасы өзінше бір үлкен ғалам. Біздің тәніміз мүмкіндігінше зерттелген сияқты, бірақ та, көптеген айғақтар мен адам ағзасының таңғажайып жетістіктері әлі де ашылмаған көп мүмкіндіктердің бар екенін дәлелдейді.

Әрине, адамның мүмкіндіктері мол, бірақ ол шексіз бе? Біреу жылқыны қолымен тыпыр еткізбей ұстап тұра алады, енді біреу денеге көптеген темірді жабыстыра алады, біреу бірден санасында бірнеше көп таңбалы сандарды көбейтеді. Төтенше жағдайға тап болған адам кенеттен өзінің ерекше ішкі мүмкіндіктерін ашады деген түсінік бар және адам кенеттен өзгерген сана күйіне енеді екен. Бұл шекаралық жағдайда адам тонналаған ауыр салмақты көтере, терісін мықты сауытқа айналдыра, ыстық көмірдің үстімен жүре алады.

Қазіргі таңда адамның ерекше физикалық әлеуетін тек кездейсоқтықпен ғана емес, өз қалауынша пайдалану тәсілдері ашылуда. Бірақ мұндай өнерді жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейді. Адамның жасырын мүмкіндіктерін ашудың мұндай әдістері арнайы орган қызметкерлерін дайындауда бұрыннан қолданылған. Адамның қиял-ғажайып қабілеттерін зерттеу үшін барлау агенттіктері планетаның шалғай түкпірлеріне экспедициялар жасады. Бақсылар мен сиқыршылар, олардың жұмбақ рәсімдері мен дуалары мұқият зерттеу объектісіне айналды. Айталық, вуду тайпасынан шыққан ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктері осындай таңғажайып зерттеу нысаны болды. ХХ ғасырдағы вуду сиқыры әлемнің жетекші елдерінің арнайы қызметтерінің мамандарының  ең қалаулы «олжасына» айналды.

Прочитать остальную часть записи »

Ілім-білім үйрену – парыз

Ислам дінінің тарата айтар болсақ 40 парызы, яғни орындауға тиісті міндеті бар екен. Солардың бірі – ілім-білім, оның ішінде дін ілімін үйрену. Дін ілімін үйренбеген адам мұсылмандық парыздарын қанша тырысып орындағанымен, уақыт өте келе санскрит тілінде апарадха деп аталатын дінді қорлауға ұшыратады. Ал дінді қорлау діни шарттар мен парыздарды ұқыпты орындағанға қарамастан, имандылықтан айырып, күнәға батырады, ақырсында діннен бездіреді.

Пайғамбардың хадистерінде біліммен жасалған тағат ибадаттың білімсіз жасалған ибадаттан мың есе артық екені айтылған. Неге мың есе артық? Мысалы, намазды алып қарайық. Білімсіз адам да дәретін алып, жайнамазға тұрып, жүзін құбылаға қарата намазын оқиды, білімді адам да дәл солай жасайды. Соған қарамастан, неге білімсіз адам уақыт өте келе иманынан ажырап, намаз оқығанына қарамастан жүрегі бітеліп, құрдымға құлайды?

Осы арада мына жайға назарыңызды аударғым келеді: мына фәниде кез-келген пендешілік әрекетті жасағанда оның нәтижелі болмағы білімге байланысты болатынын ешкім теріске шығара алмайды. Мәселен, үй салдыңыз делік. Сіз құрылысшы емессіз, бірақ үйді қалай тұрғызатынын біреулерден естіп, сырттай бақылап көре жүре көкірегіңізге түйгендеріңіз бар. Міне, соларды есіңізге алып, үйді өз күшіңізбен, өзіңіз салуға бекіндіңіз. Сөйтіп, құрылыс материалдарын алдыңыз, іргетасын құйып, қабырғасын көтердіңіз, есік-терезесін салып, әрлеу жұмыстарын жүргіздіңіз. Бәрі дұрыс сияқты. Үй бітті. Бірақ сіздің үй салу тәжірибеңіз, осы саладағы біліміңіз болмағандықтан, құрылыс барысында біраз қателіктерге жол бердіңіз. Іргетасын дұрыс құймадыңыз, кірпіш қалағанда байланыстырмадыңыз, есік-терезесін ық, күнгей жақтан емес, жел соғатын теріскейден шығардыңыз. Міне, осындай қателіктерден уақыт өте келе түрлі қиындықтар туа бастайды. Есік-терезеден жел улейді, қабырға жарылып, үйдің іргетасы шөгеді. Осылайша бірнеше жылдан кейін ол үйде тұру мүмкін болмай қалады. Бұл сіздің білімсіздігіңіздің нәтижесінде орын алған қиындық.

Прочитать остальную часть записи »

Көрген түстеріңіз тағдырыңызға әсер ете ме?

Бұған нақты жауап беру қиын, дегенмен «түстің ешқандай мәні жоқ» дегеннен гөрі «ол болашақ тағдырымыға әсер етуі мүмкін» деп жауап берген дұрыс дейді психолог және түс туралы зерттеуші сарапшы Рубин Найман.

Көптеген заманауи неврологтар жедел ұйқы кезінде  ми техникалық қызмет көрсету міндеттеріне қатысады және ол қиял-елес шақырады. Осы тұрғыдан алғанда, түс көру мүлдем мағынасыз болып саналады, — деп түсіндіреді ол.  Дейтұрғанмен де, түс көру ояу кездегімен салыстырғанда өзгеше, ол кездегі мидың қызметі баяулап, түйсіктің терең қабатындағы ақпараттар көрініс бере бастайды. Австралиялық аборигендердің түсті өзге әлеммен байланыстыратын құрал деп санауы да соған байланысты болса керек.

Түс көруге  байланысты психологиялық теориялардың көпшілігі біртекті. Ең көп қабылданған идеялардың бірі — түсті есте сақтауды шоғырландыру ретінде елестету, мұнда түс ояу өмірдің көрінісі болып табылады, «күлкі үйіндегі айна сияқты», — дейді Найман. Осы тұрғыдан алғанда, көрген түсті жору — бұл түсті шифровка жасау. Бұл біздің білім көкжиегімізді  және санамызды психологиялық тұрғыдан кеңейтеді.

Прочитать остальную часть записи »

Тозақта болған жігіт

Дәстүрлі діндердің бәрі адам өлгеннен кейін жасаған сауаптары үшін жұмаққа еніп жан рахатына кенеледі, ал күнәлары үшін тозаққа барып, азап шегеді деген қағиданы ұстанады. Бұндай қағида ислам дінінде де бар. Өздерін мұсылманбыз деп, діни парыздарын орындайтындардың бәрі осы ұстанымға сенеміз дегенмен, шын жүрегінен сеніп, өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайлы ойлайтындар өте аз.

2005 жылы жарық көрген «Как я пришел в сознание Кришны» деген мақалалар жинағында жариаланған өліп-тірілген мәскеулік жігіттің басынан кешкен жайлары таңғаларлық. Арақ ішіп, темекі шегетін, кейінірек есірткі қабылдауға көшкен жігіттің о дүниеде болып, талай сұмдықты басынан өткергені біреулерге ойдан шығарылған ертегі немесе есірткіге еліккен жігіттің миында көрініс берген елес сияқты көрінгенімен, өмірін өзгертуге үлкен ықпал еткен бұл жағдайдың ойдан шығарылмағанын көкірек көзі ашық әрбір жан түсінуіне болады. Сонымен, мәскелуік жігіттің басынан кешкендеріне назар аударалық.

-Төрт жыл бұрын мен арақ-шарап сатумен айналысатын коммерсант едім. Адамдарды маскүнемдікке итермелейтін спирт өнімдерін сату күнәлі іс сияқты көрінгенімен, көп табыс түсіретіндіктен, оның салдарына назар аудармадым, -дейді мәскеулік жігіт.  Оның туған бауыры үнемі шіркеуге барып, Құдайға құлшылық ететін тақуа екен. Бауырының жаман істерін көріп, талай мәрте ескертеді, арақ-шарап сатып тапқан ақшаның опа бермейтінін айтады. Дегенмен де,  кәсіпкер бұны құлағына ілмейді.

Прочитать остальную часть записи »

Ажалдың астарындағы ақиқаттар

Адам үшін шешімі жоқ мәңгі жұмбақ құбылыстардың бірі – өлім. Өлімнен кейін адамды не күтіп тұр? Бұл сауалға нақты жауап беретін жан жоқ. Рас, ислам, христиан, буддизм сияқты дәстүрлі діндердің өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайындағы өз түсінік-ұстанымдары бар, дегенмен, ол жұрттың бәрі жүз пайыз шындық деп қабылдайтындай ақиқат деуге болмайды. Өйткені, басқаны былай қойғанда, сол дәстүрлі діндерді ұстанатын адамдардың өз арасында оған күмән келтіретіндер аз емес. Осы орайда, өлімнен кейінгі адамның ахуалын түсіндіретін сенімді негіз ретінде соңғы жылдары көбейіп кеткен өліп тірілген адамдардың бастан кешкен жайларын қарастыруға болады. Бүгін біз сондай оқиғалардың біріне назар аудармақпыз.

Айтып келмейтін ажал

Бұл оқиға 1990-шы жылдардың ортасында Ресейде орын алған. Бұрын Қырғызстанда тұрған екі баласы бар отбасы атажұрты Ресейге қоныс аударып көшіп келеді. 90-шы жылдар бұрынғы КСРО елдері үшін аса ауыр қиын кезең болғаны мәлім. Қоныс аударған отбасы жатақханадан бір бөлме алып, сонда тұрады. Отағасы ағаш кесетін кәсіпорында жұмыс істесе, әйелі уақытша жұмыссыз үйде отырады. Ұлы мен қыздары мектепте оқиды.

Бұл қыстың қытымыр суық аязды күндерінің бірі еді. Жұмыстан келген отағасы еденде жатып, теледидар көреді. Әйелі кешкі тамақ қамымен жүреді. Еденде жатқан отағасы бір кезде «табаным суынып кетті» дейді. Әйел оған құлақ аспайды. Сәлден соң «суық тіземе жетті, бұл не болды екен» дейді отағасы тағы да. «Аяғың тоңса, одеял жамылып жат» дейді әйелі. Бір кезде отағасы орнынан тұрып, дәлізге шығады. Жатақхананың әжетханасы ортақ және дәліздің шетінде екен.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика