Архив рубрики «Тылсым дүние»

Тозақта болған жігіт

Дәстүрлі діндердің бәрі адам өлгеннен кейін жасаған сауаптары үшін жұмаққа еніп жан рахатына кенеледі, ал күнәлары үшін тозаққа барып, азап шегеді деген қағиданы ұстанады. Бұндай қағида ислам дінінде де бар. Өздерін мұсылманбыз деп, діни парыздарын орындайтындардың бәрі осы ұстанымға сенеміз дегенмен, шын жүрегінен сеніп, өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайлы ойлайтындар өте аз.

2005 жылы жарық көрген «Как я пришел в сознание Кришны» деген мақалалар жинағында жариаланған өліп-тірілген мәскеулік жігіттің басынан кешкен жайлары таңғаларлық. Арақ ішіп, темекі шегетін, кейінірек есірткі қабылдауға көшкен жігіттің о дүниеде болып, талай сұмдықты басынан өткергені біреулерге ойдан шығарылған ертегі немесе есірткіге еліккен жігіттің миында көрініс берген елес сияқты көрінгенімен, өмірін өзгертуге үлкен ықпал еткен бұл жағдайдың ойдан шығарылмағанын көкірек көзі ашық әрбір жан түсінуіне болады. Сонымен, мәскелуік жігіттің басынан кешкендеріне назар аударалық.

-Төрт жыл бұрын мен арақ-шарап сатумен айналысатын коммерсант едім. Адамдарды маскүнемдікке итермелейтін спирт өнімдерін сату күнәлі іс сияқты көрінгенімен, көп табыс түсіретіндіктен, оның салдарына назар аудармадым, -дейді мәскеулік жігіт.  Оның туған бауыры үнемі шіркеуге барып, Құдайға құлшылық ететін тақуа екен. Бауырының жаман істерін көріп, талай мәрте ескертеді, арақ-шарап сатып тапқан ақшаның опа бермейтінін айтады. Дегенмен де,  кәсіпкер бұны құлағына ілмейді.

Прочитать остальную часть записи »

Ажалдың астарындағы ақиқаттар

Адам үшін шешімі жоқ мәңгі жұмбақ құбылыстардың бірі – өлім. Өлімнен кейін адамды не күтіп тұр? Бұл сауалға нақты жауап беретін жан жоқ. Рас, ислам, христиан, буддизм сияқты дәстүрлі діндердің өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайындағы өз түсінік-ұстанымдары бар, дегенмен, ол жұрттың бәрі жүз пайыз шындық деп қабылдайтындай ақиқат деуге болмайды. Өйткені, басқаны былай қойғанда, сол дәстүрлі діндерді ұстанатын адамдардың өз арасында оған күмән келтіретіндер аз емес. Осы орайда, өлімнен кейінгі адамның ахуалын түсіндіретін сенімді негіз ретінде соңғы жылдары көбейіп кеткен өліп тірілген адамдардың бастан кешкен жайларын қарастыруға болады. Бүгін біз сондай оқиғалардың біріне назар аудармақпыз.

Айтып келмейтін ажал

Бұл оқиға 1990-шы жылдардың ортасында Ресейде орын алған. Бұрын Қырғызстанда тұрған екі баласы бар отбасы атажұрты Ресейге қоныс аударып көшіп келеді. 90-шы жылдар бұрынғы КСРО елдері үшін аса ауыр қиын кезең болғаны мәлім. Қоныс аударған отбасы жатақханадан бір бөлме алып, сонда тұрады. Отағасы ағаш кесетін кәсіпорында жұмыс істесе, әйелі уақытша жұмыссыз үйде отырады. Ұлы мен қыздары мектепте оқиды.

Бұл қыстың қытымыр суық аязды күндерінің бірі еді. Жұмыстан келген отағасы еденде жатып, теледидар көреді. Әйелі кешкі тамақ қамымен жүреді. Еденде жатқан отағасы бір кезде «табаным суынып кетті» дейді. Әйел оған құлақ аспайды. Сәлден соң «суық тіземе жетті, бұл не болды екен» дейді отағасы тағы да. «Аяғың тоңса, одеял жамылып жат» дейді әйелі. Бір кезде отағасы орнынан тұрып, дәлізге шығады. Жатақхананың әжетханасы ортақ және дәліздің шетінде екен.

Прочитать остальную часть записи »

Ең үлкен қорқыныш

Өлер сәтте  егер адам бір аурумен ауырып жатқан болса, тәннің ауруы шарықтау шегіне жетіп, содан кейін нәзік тән денеден шығып кетеді. Яғни, тән адамға одан әрі мекен бола алмайтыны белгілі болған сәтте, нәзік тән арқылы сана денені тастап шығады. Өлімнің ең маңызды сәті де осы деп айтуға болады. Өйткені, бұған дейін өзін тәнмін деп санап, тән өлген кезде санам да өшіп, жоғалады деп сенетін адам кенет өзінің жүзі қуқыл тартқан өлі тәнін көргенде ақылдан айрылардай жаман күйге түседі.

Енді мынаған назар аударып көріңіз: адам өмір бойы материалистік атеистік түсінікті санасына сіңіріп, өзін тәнмін деп санап келді. Және өлгеннен кейін санам мәңгіге жоғалады дегенге кәміл сенді. Ажалы жетіп, өлгелі жатқан кезде де ол қазір санам тәніммен бірге өшіп жоғалады деп ойлап, өмірге деген қимастық пен бар тірлігінде жиған дүние-мүлкін, байлығын, қызметі мен абырой-беделін, отбасын мәңгіге қалдырып бара жатқанын ойлап, жаны ауырады. Бірақ, кенеттен тәнінен шыққан соң өзін жеңіл сезініп, өзінің өлген тәнін сырттан көреді.

Прочитать остальную часть записи »

Тыйым салынған тақырып

Африка елдерінде ертеде өмір сүрген тайпалар арасында «табу» деген дәстүр болған. Оның мәні: тыйым салынған әрекеттер дегенді білдіреді екен. Сол сияқты ғылым мен білім шарықтап дамыған қазіргі кезде ресми болмаса да, жұрттың санасына сіңірілген тыйым салынған жайлар бар. Солардың бірі – ӨЛІМ.

Мынаған назар аударып қараңызшы: қазіргі ғылым жердің астындағыны да, үстіндегіні де, аспандағыны да, барша жан-жануарлар мен өсімдіктерді, жанды-жансыз заттарды түгел зерттейді. Осы мақсаттарға арнап жыл сайын миллиардтаған қаржы жұмсалады. Жұмыс нәтижелері жарияланып, тәжірибеге енгізіледі. Бірақ, жердің асты мен үстін түгел зерттеп, зерделеген адамзат үшін өздеріне қатысты, әрбір тірі пенде ерте ме, кеш пе міндетті түрде дәмін тататын ажал, яғни өлім туралы ешбір зерттеу жүргізбейді. Бұл тақырып бейне тыйым салынған, яғни ТАБУ болып саналатын сияқты.

Прочитать остальную часть записи »

Не ексең, соны орасың

Карма заңы деген не?  Енді осы жайына кеңірек тоқтала кетелік.  Жалпы, заң дегеннің өзі кездейсоқтықтан аулақ, үнемі қайталанып отыратын және белгілі бір жүйеге, тәртіпке бағынған құбылыс қой. Діннен аулақ атеистік түсінік үстем болған кеңес заманында бұндай заңдарды Табиғат заңдары деп атайтын. Жердің өз осінен белгілі шапшаңдықта айналуы, одан қалды Күнді айналып жүруі, соған орай жыл мезгілдерінің ауысып отыруы – бұның бәрі белгілі тәртіпке және қатаң жүйеге бағынған заңдылықтар екендігін атеистік материалист ғалымдар да мойындайды. Олар осылайша, көзге көрініп тұрған және ақылмен сезуге болатын табиғат заңдарын ғана мойындап, оны зерттеп, зерделеуге талпынғандарымен, адам өміріне тікелей қатысты басқа заңдарды, соның ішінде Карма заңы дегенді мүлдем қаперге алмайтын.

Карма заңын материалист ғалымдар да, қарапайым адамдар да онша мойындап, оның бар екендігін түйсіне қоймайтын себебі – бұл заң көзге көрініп тұратын дөрекі матариалдық қуаттардың емес, нәзік қуаттың ықпалымен жұмыс жасайды. Оны түсіну үшін қолыңызға лупа алып немесе басқа да құралдың көмегіне сүйеніп, зерттеу мүмкін емес. Оның әсері сырт көзге онша байқала қоймайды және көзге ұрып көрініп тұратын Табиғат заңдарындай емес, біршама күрделі. Содан болар, бұл заң ұзақ ғасырлар бойы буддизм және индуизм сияқты дәстүрлі діндердің өкілдерінің ғана айналысатын обьектілері болып келді.

Прочитать остальную часть записи »

Адамның өлімнен кейінгі ахуалы

Қазақта «өзекті жанға бір өлім» деген нақыл бар. Өкініштісі сол, бұл нақылды талай естісек те, көбіміз оның терең мәніне мүлдем назар аудармаймыз. Жасыратыны жоқ, адамдардың 99 пайызы өздерін ешқашан өлмейтіндей, ажал деген ешқашан келмейтіндей көреді. Шындығында, әрбір тірі жан ажалдың дәмін міндетті түрде татады, өлімнен ешкім, ешқашан қашып құтылған емес және құтыла да алмайды. Осы ақиқатты түйсінер болсақ, онда сол «өлімнен кейін не болады?» –деген мәселеге өмірімізде тым болмаса бір рет ойша назар аударып көргеніміздің артықшылығы болмас. Сонымен…

Ақыл-ой өле ме?

Өлім деген мәңгілік ұйқы, өлген соң санамыз мәңгі қаратүнекке сіңіп,  жоғаламыз дейтін атеистер мына мәселеге назар аударса, өлім дегеннің жоқ екендігін түйсіне алар еді. Тән дегеніміз – ет пен сүйектен, қан мен шырыш-сілекейден, нәжістен, зәрден құралған, яғни көзбен көруге, қолмен ұстауға, иісін сезуге болатын материадан тұратын зат қой. Ал ақыл-ой деген – бұл көзге көрінбейтін, ұстауға келмейтін, иісі, дәмі жоқ, яғни материадан тыс нәрсе.

Прочитать остальную часть записи »

Сайтан адамды қалай азғырады

Соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған діндарлық ұстанымды ұстайтындар мен кеңес заманында құдайсыздықты санасына сіңірген материалистік түсініктегі адамдардың ұғымынша, сайтан деген шұбатылған құйрығы бар, ыпынсыз қорқынышты тіршілік иесі немесе ол надан діншілдердің ойдан ышғарған ертегілері. Сайтан туралы көп адамдардың пікірлері негізінен осындай ұғымға жақын келеді.

Азғындар мен қаныпезерлер қайдан шығады?

Биыл көктемде Татарстанның орталығы Қазан қаласындағы мектептердің бірінде оқушы балалар мен мұғалімдерді атып, біраз адамның өмірін қиған қанды оқиға әлемді дүр сілкіндірген еді. Кейін белгілі болғандай, мұны жасаған сол мектепті бітірген жас жігіт екен. Ал енді оның осындай қатыгез қылмысқа бару себебі, тіпті ақылға сыймайды.

Прочитать остальную часть записи »

Жерден басқа планеталарда тіршілік бар ма?

Біз өмір кешіп жатқан Күн жүйесінде сегіз планета бар екен. Олар: Жер, Юпитер, Марс, Венера, Сатурн, Меркурий, Нептун, Плутон планеталары. Жердің бір серігі – Ай болса, басқа планеталардың да оны айналып жүретін үлкенді-кішілі серіктері бар. Мәселен, Юпитердің 22 серігі бар екен. Бұл енді бір ғана Күн жүйесінің планеталары. Ал ғарышта Күннен де басқа жұлдыздық жүйелер жетіп артылады. Солардың бірінде болмаса, екіншісінде жердегі сияқты саналы тіршіліктің болуы мүмкін ғой.

Ғарыш туралы қазіргі ғылыми түсінік

Біз өмір кешіп жатқан қазақ тілінде Құс жолы деп аталатын, ал ғылыми ортада Спирал галактика аталған жұлдыздар шоғырында 3 миллиардтан астам жұлдыздар мен планеталар, басқа да үлкенді-кішілі аспан денелері бар екен. Ал астрономия ғылымы бүгінгі ең жетілген электронды телескоптар арқылы көріп, біле алатын жақын маңдағы галактикаларды – метагалактика деп атайды. Сол метагалактикада мыңнан астам галактикалар бар. Әр галактикада орта есеппен 3 миллиардай аспан денесі болса, енді есептеп көріңіз.

Прочитать остальную часть записи »

Егер түсіңізге алма кірсе…

Алма-байлықтың,  кемелдік пен сұлулықтың, жүзеге асырылған мақсаттар мен тілектердің символы. Түсіндегі алманың түсіндірмесі сіз оларды қалай көргеніңізге байланысты: жерде немесе ағашта, піскен немесе шіріген. Бірақ тұтастай алғанда, бұл керемет және сүйікті жеміс өте жағымды символизмге ие. Егер сіз жай ғана алма көрсеңіз де-бұл жағымды белгі. Егер ол қызыл және ашық жасыл жапырақтармен піссе, онда сіз сәттіліктің сүйіктісісіз, бұл өте бақытты белгі.

Егер сіз ағашта піскен алма көрсеңіз, онда сіздің жұлдызды сағатыңыз басталды. Сіздің барлық үміттеріңізді жүзеге асырудың уақыты келді, сондықтан өмірден не алғыңыз келетіні және арманыңызға жету үшін қандай әрекеттер жасау керектігі туралы мұқият ойланыңыз. Сондай-ақ, піскен алма ағаштың тәжінде қай жерде кездесетініне назар аударған жөн. Егер ол тек жоғарғы жағында болса, онда қалыпты болу ұсынылады.

Прочитать остальную часть записи »

Мәңгілікке ұмтылған пірғауындар

Адам уақыттан, уақыт пирамидадан қорқады деген сөз бар. Шөл даланың аптап ыстығында күндіз-түні суырған құмды желдің өтінде мыңдаған жылдардан бері қасқайып тұрған жасанды таулар – пирамидалар талайларды тамсандырған әлемнің кереметтерінің ғана емес, тылсым құпияларының да бірі. Пирамидалар, оның салыну мерзімі мен оны салушылар туралы бүгінде ғалымдар арасында бір біріне қарама-қайшы сан түрлі пікірлер айтылып жүр. Бірақ, біздің мақсатымыз пирамидаларды кім, қашан тұрғызды деген сауалдарға жауап іздеу емес, сол пирамидалардың астарындағы ақырет жайындағы ежелгі түсініктерге зер салу.

Египеттің ежелгі тұрғылықты халқы – копттардың о дүние туралы түсінігі сол кезден бері сақталған «Өлілер кітабында» жан-жақты баяндалады. Гректер сияқты көп құдайға сенушілік үстемдік құрған Египетте пірғауындар құдайлардың жердегі көлеңкелері ретінде қабылданады. Оларға құдайларға құрмет көрсеткендей сый-құрмет көрсетіліп, тіпті табынатын болған.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика