Архив рубрики «Тылсым дүние»

Дуалау арқылы мақсатқа жетуге бола ма?

Дуалау қазақтардың арасында ғана еемс, жалпы әлем халықтарының, оның ішінде мұсылман дінін ұстанатын халықтардың арасында да ертеден бар құбылыс. Біздің блогымызда дуалауға қатысты бірнеше мақала жарияланған болатын. Содан болар, соңғы кезде вадсап арқылы, тіпті телефон соғып хабарласып, кетіп қалған күйеулерін, жігіттерін дуалау арқылы қайтарып алуға бола ма дейтіндер көбейді. Осы мақаланы жазуға да сол жағдай түрткі болған еді.

Дуалау адамды еркінен ғана емес, ақылынан да ажыратады

Мен қазағы қалың ауылда туып өстім және бала кезімнен қазақы салт-дәстүрлерді санама сіңірдім. Айта кету керек, дуалау деген қазақтардың арасында ертеден жиі кездесіп қалатын құбылыс десек, артық айтқандық болмас. Өз басым дуаланған біраз әйелдер мен ер адамдарды көрдім.

Прочитать остальную часть записи »

Бақи дүниеге деген сенім қалай шықты?

Кеңес мектептерінде оқып білім алған аға, орта буын өкілдері де, тәуелсіз мемлекетіміздің мектептерінде оқып жатқан қазіргі жас ұрпақ та негізінен жаратылысты материалистік түсінікке негізделген бағдарлама бойынша оқып, саналарына сіңіріп жатыр.

Балалар әлі күнге дейін адамның жаратылуын маймылдардан эволюциялық даму негізінде пайда болды деген Дарвиннің теориясына негізделген бағдарлама  бойынша оқып келеді. Өлімнен кейінгі өмірді толайым теріске шығаратын материалистік ұғымды саналарына сіңірген жас ұрпақты сондай-ақ, соңғы кезде біршама дамып өркендеуге мүмкіндік алған дін жолына салуға және талпынып жатқан жайымыз бар.

Мектепте Дарвиннің эволюциялық теориясын оқыған бала, енді ата-анасымен мешітке барып, ата-баба әруағына дұға бағыштайды. Осылайша, қазіргі жас ұрпақ қайда барарын, кімге, неге сенерін білмей екі айыр жолдың арасында жүрген сыңайлы.

Прочитать остальную часть записи »

Әруақтар мен елестер.

Қазақ қоғамында әруаққа деген сенім-нанымның қай заманда қалыптасқандығы белгісіз. Дегенмен де, ол ислам діні енбей тұрып, сонау ерте заманнан келе жатыр десек, шындықтан алыс кетпейтін сияқтымыз. Бұл сенімнің күштілігі сонша ислам діні енгеннен кейін де жоғалмай, онымен қатар өмір сүріп келеді.

Әруақ дегеніміз не? Бақилық болған адамның жаны немесе жоғарыда айтқанымыздай оның өмірі туралы барлық ақпарат жазылған нәзік тәні ме? Бұл туралы нақты пікір айту қиын. Дәстүрлі діндердің қайссында болсын әруақтарға сенуге, оған табынуға, олардан медет тілеуге тиым салынады. Мұны күнәкарлық әрекет деп санайды. Соған қарамастан, тек қазақтар ғана емес, христиан, индуизм, буддизм діндерін ұстанатын әлемнің өзге халықтары да әруақтарға сеніп, тіпті солардың қолдауын, қорғауын тілейтін жағдайлары аз кездеспейді.

Прочитать остальную часть записи »

Өлімнен кейінгі өмір жайында

3-ші мың жылдық, 21-ші ғасыр адамзат баласының алдынан жаңа асулар мен өзгеше міндеттер, ғылыми түсініктер, басқаша даму жолдарын ұсынып тұрған сияқты сезіледі. Өйткені, адамзат санасының қазіргі даму барысы осыны анық аңғартып отырғандай. Дүниенің бар құпиясын ашып тастап, адамзатты ұшпаққа шығарады, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қоғам орнатады деген арманның сағымға айналып, көкжиекке сіңіп жоғалғаны қашан.

Адамдарды алжастырып, миллиондаған жандардың қанын су етіп ағызған, адамдардың қаны мен сүйегінің үстіне коммунизм атты қоғам орнатпақ болған, миллиондаған, тіпті, миллиардтаған жандарды Жаратқаннан безіндіріп, атеистік түсінікті саналарына сіңірген, сөйтіп, тәндерін тастап, о дүниеге аттанғанда тамұқтың от азабын тартуларына айқара жол ашқан материалистік түсініктің шыңы – маркстік-лениндік философия күйреп тынды ақыры. Осы идеяға тірек болған әлемнің алтыдан бірін алып жатқан алып империя – Кеңестер Одағы тарих талқысына шыдамай іріп-шіріп шаңырағы ортасына түсіп қирап қалды.

Прочитать остальную часть записи »

Өлім туралы материалистік түсінік

Материалист ғалымдардың өлім жайлы ой-пікірлері өте қарабайыр. Материяны әуелгі деп қабылдап, ой, қиял, сағыныш, сүйіспеншілік сияқты материялдық емес қасиеттерді химиялық элементтерден құралған тән ағзалары жұмысының жемісі санайтын материалистер үшін өлім деген мәңгі ұйқыдан басқа ештеңе емес. Адам ұйықтағанда ештеңе сезбейді, бейне қара түнекке сіңіп жоғалғандай күй кешеді. Материалистердің түсінігінше өлім деген де ұйқы тәрізді, бірақ ол мәңгі ұйқы. Қайта ояну мүмкін емес.

Өлген соң адам ағзаларының жұмыстары толық тоқтайды да, көп ұзамай ет ағып, сүйек біртіндеп тасқа айналады. Осылайша, химиялық элементтерден тұратын адам тәні өлген соң қайтадан химиялық элементтерге ыдырайды. Адам ағзасының жұмысы тоқталған соң оның ойлау қабілеті де жоғалатыны түсінікті.

Прочитать остальную часть записи »

Адам өткен өмірін неге ұмытады?

Веда ілімінің қайнар көзі саналатын Бһагавад Гита кітабында адамның өткен өмірін ұмыту жайын былай деп баяндайды:  «Құдайдың Түптұлғасы айтты: Сен де, Мен де сансыз көп рет дүниеге келдік. Сол өмірімнің бәрі Менің жадымда сақтаулы, ал сен оларды түгел ұмыттың (Бһагавад Гита – Тәңіри білім – 5-6 өлеңдер).

Егер біз сансыз көп туу мен өлімді бастан өткерген болсақ, онда неге өткен өмірлеріміз есімізде сақталмайды? Бұның себебін былай түсіндіруге болады. Мәселен, сіздің компьютеріңіз, болмаса смартфон телефоның бар делік. Оның жады картасындағы орын шектеулі болғандықтан, сіз ең қажетті деген фаилдарды ғана сақтап, қалғандарын ұдайы өшіріп отырасыз. Егер олай жасамасаңыз, жады картасы толып қалып, одан әрі сіз қажетті фаилдарды жүктеп ала алмайсыз және ақпараттық жүктеме көп болғандықтан, смартфоныңыз баяу жұмыс істей бастайтын болады.

Прочитать остальную часть записи »

Өлімнен кейінгі өмір

Реинкарнацияны ақиқат деп  қабылдау және оған шүбәсіз сену – буддизм дінінің негізгі қағидаты болып табылады. Буддизм дінін бүгінде Қытай, Жапония, Тайланд, Корея, Непал сияқты шығыс елдері, жалпы саны 1 миллиардқа жуық халық ұстанады. Діннің ең басты ұстанымы – қайрымдылық. Буддашылар адамға ғана емес, барлық жан-жануарларға да өз бауырларындай құрметпен қарайды. Оның басты себебі – реинкарнация, яғни өлгеннен кейін адамның басқа тән, оның ішінде жан-жануарлардың да тәнін иеленетіндігіне деген сенімде жатқаны анық.

2,5 мың жылдық тарихы бар буддизм діні түсінігінде өмір дегеніміздің өзі өлімге дайындалу. Яғни, адам барлық өмірін келесі өміріне дайындалумен өткізеді. Егер жақсы істер жасап, мол сауап жинаса, келесі өмірінде жақсы тәнге ие болып, үлкен мүмкіндіктер алады. Сонымен бірге, буддашылар өлген адам егер бақи дүниенің жолын білетін болса, онда келесі өмірінде қандай отбасында, қай жерде туатындығын өз еркімен қалап алуына болады деп түсіндіреді.

Прочитать остальную часть записи »

Хайуанда жан бола ма?

Ислам, христиан, иудей сияқты дәстүрлі діндердің өкілдері хайуанның, яғни жан-жануарлардың жаны болмайды деп санайды. Бұның өзі осы дінді ұстанушылардың еш қымсынбастан жануарларды сойып, етін азық етіп тұтынуларына мүмкіндік береді. Яғни, жануарлардың жаны жоқ екен, онда оны сойып, етін жеудің еш сөкеттігі жоқ.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам тамақ жейді, хайуан да тамақтанады, адам жыныстық жақындыққа түсіп, ұрпақ жалғастырады, хайуан да солай жасайды. Адамда бар қорқыныш, қуаныш, жақсы көру сияқты сезімдерді біз үй жануарларынан да, тағы аң-құстардан да ұдайы байқап, көріп куәсі болып жүреміз. Ертеректе, кеңес заманында мен бір аптадай Алматының ет комбинатына іссапарда болып, мал соятын цехта жұмыс істедім. Малды сырттан кішкентай есік арқылы оны өлтіретін жерге айдап алып кіреді. Сол жерде жоғары қысымды ток қосылған таяқпен жануарды соғып өлтіреді де, оның аяғын іскекке іліп, конвейермен цехқа жібереді.

Прочитать остальную часть записи »

Өзін өлтірген адамның қылмысын мойындатты

Сирия мен Израилдің шекарасында Голланд биіктігінде арабша сөйлейтін друз тайпасы өмір сүреді. Бұл тайпаның тұрғындары реинкарнацияға, яғни өлген адамның қайта туылатынына сенеді. Осы друз тайпасының бір деревнясында басында қызыл түсті айшықты таңбасы бар сәби дүниеге келеді. Сәби үш жастан асқан кезінде ата-анасына өзінің өткен өмірінде көрші деревняда туып өскендігін, кісі қолынан қаза тапқаныдғын айтады. Реинкарнацияны қабылдайтын ата-анасы сәбидің сөзін сынап көру үшін ол айтқан көрші деревняға алып барады.

Бала бірден бұрын өзі тұрған үйді көрсетеді. Село ақсақалы бұл үйде жалғызбасты ер адамның тұрғанын және ол бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткенін айтады. Одан әрі оқиға былай өрбиді. Сәби өзін өлтірген адамның аты-жөнін және өзін балтамен басынан ұрып өлтіргенін, бұл оқиғаның қай маңайда болғанын қолмен қойғандай баяндап береді. Ауыл тұрғындары бірер жыл бұрын сәби айтқан аумақтан өлген адамның сүйегі табылғанын мәлімдейді. Баланың бұлтартпас дәлелмен айтқан сөздеріне еш уәж айта алмаған қылмыскер өзі жасаған қылмысын мойнына алмасқа лажы қалмайды.

Прочитать остальную часть записи »

Ғарышта тіршілік бар ма?

Өткен ғасырда адамзат баласы тұңғыш рет Жер орбитасынан ұшып шығып, ғарышқа сапар шекті. Содан бері жүздеген жер серіктері ғарышқа сапар шегіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен де, қазіргі ғылым Жерден өзге планеталардан тіршілік ізін таба алмады. Бірақ бұл басқа планеталарда тіршілік мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, шеті-шегі жоқ кеңістікте қалқып жүрген  аспан денелері де шексіз көп.

Американдықтардың Айға сапары

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында американдық астронавтар тұңғыш рет Айдың бетіне қонды. Дегенмен де, қазіргі күнге  дейін бұл мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікірлер көп. Біреулер американдық ғарышкерлер Айда болды десе, екіншілері бұл жәй халықты алдау деп түсіндірмек болады. Американдықтар Айда болды ма, жоқ па, бұл мәселе маңызды емес, ең бастысы – адамзат баласы ғарыштағы аспан денелеріне сапар шегуге ұмтылуда.

Қазіргі ғылым Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бәрінде де дәл Жердегідей тіршілікке қажетті жағдай жоқ, сондықтан оларда тіршілік жоқ дегенді айтады. Бірақ бұны бірден-бір ақиқат пікір деп санауға болмайды.  Өйткені, біздің ғылым ойлап тапқан құралдардың өзімен көріп-сезіне алмайтын жайлар  жетерлік. Біз тек материалдық өлшемдегі нәрселерді ғана көріп, сезіне аламыз. Ал материалдық емес немесе өте нәзік формадағы тіршіліктер де бар.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика