3 125 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

жақсы мен жаманАдам өлгенге дейін бір сәт те әрекетсіз тұра алмайды. Әрекет ой, сөз және іс арқылы жүзеге асады. Тағы бір ақиқат: әрбір әрекеттің міндетті түрде салдары болады. Яғни, адам әрекет жасау арқылы оның салдарын да жасайды. Адам өмірінің жақсы немесе жаман, жеңіл немесе ауыр болуы – тікелей жасап жатқан әрекеттерінің салдары болып табылады.

Екі түрлі әрекет

Адамдардың көбі ешқашан өздерінің әрекеттерінің жақсы немесе жамандығына, оның қандай салдары болатынына оншалықты назар аудара қоймайды. Бір қарағанда айтарлықтай залалы жоқ сияқты көрінетін әректтің өзімізге де, айналамызға да үлкен зардабы болуы мүмкін. Керісінше елеусіз сияқты көрінетін әрекеттің өзімізге де, басқаларға да көп пайдасы тиюі ғажап емес.

Осыған қарап, әрекеттің екі түрлі болатынын бағамдау қиын емес. 1) жақсы салдары болатын әрекет; 2) жаман салдарға ұшырататын әрекет. Жалпы әрекет атаулыны осылайша екі топқа бөлуге болады. Осы жайында терең білген және өмір жолында соны ескеріп жүрген адам ешқашан өзіне де, өзгеге де залалын тигізетін жаман әрекет жасамайтын болады.

Кез келген әрекет ойша, сөз арқылы және нақты іс арқылы жасалатынын жоғарыда айттық. Енді жақсы және жаман салдар әкелетін әрекеттер жайында кеңірек тоқтала кетейік. Мәселен, сіз отбасыңыз, бала-шағаңыз бола тұра жас, сұлу қызға көз салдыңыз делік. Әлгі қыз да кетары емес. Содан сөйлесіп, сөздеріңіз жарасады. Оның соңы кездесіп, төсектес болумен аяқталады.

Бір қарағанда ештеңе бүлініп кеткен жоқ. Еркек болған соң жастықпен, мастықпен қызға көз салдыңыз, әйел, балаларыңызға сездірмей кездестіңіз. Онда тұрған не бар? Адамдардың көбі осылай ойлайтыны жасырын емес. Ал Құранда «Зинаға жоламаңдар. Өйткені ол анық арсыздық және жаман жол» (Ісра сүресі, 32 аят) делінген. Яғни, зина жасау, тіпті ешкімге білдірмей, залалыңды тигізбей жасау да күнә болып саналады. Неге десеңіз, зинақорлық түптің түбінде жамандыққа ұрындырмай қоймайды.

Өткен жылы Астанада шылқыған бай бинесмен ашынасына көз салды деп бір жас жігітті  көкала қойдай етіп сабайды. Содан әлеуметтік желіде жұрттар әлгі кәсіпкердің ісіне ашу-ыза шақырып, неше түрлі ғайбат сөздер жазды. Осыдан шошынса керек, сот әлгі қалталы кәсіпкерді ұзақ мерзімге соттап, бар мүлкін тәркіледі. Осылайша, зинақорлықтың салдарынан әлгі бизнесмен бас бостандығынан, онан қалды бар жиған-терген байлығынан айрылды. Ол аз десеңіз, бала-шағасының алдында ұятқа қалды.  Міне, зинақорлықтың әкелетін зардабы осындай.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Арақ-шарап ішу де солай алғашында еш залалсыз болып басталады да, кейін келе зиянын біртіндеп тигізе бастайды. Ақырсоңында маскүнемдікке ұшыратып, отбасынан, жұмыстан, дос-жараннан ажыратып, қаңғытып қояды. Бүгінде белең алып кеткен жемқорлық, парақорлық сияқты заң бұзушылықтар да сонымен айналысқан адамға түптің түбінде залалын тигізбей қоймайды.

Жақсы әрекет залалды сияқты сезілгенмен, соңында жақсылық әкеледі

Өтірік айтпау, зина жасамау, ұрлық істемеу, кісі ақысын жемеу, адал болу, мансапқа, атаққа, байлыққа ұмтылмау, қанағатшыл, сабырлы, жомарт, кешірімді болу – осылардың бәрі жақсы қасиеттер және осындай ниетпен жасалған әрекеттердің бәрі жақсы әрекет болып табылады.

Ал енді бір қарағанда адал, кішіпейіл, таза болып жүру арқылы адам өмірдің қызығынан құр қалып, несібесінен қағылатындай көрінеді. Қыз-келіншектердің ортасында жүріп, зина жасамау, қызмет бабын пайдаланып, пара алмау, адал боламын деп жүріп арам жолмен келетін байлықтан қағылу – бүгінгі адамдар үшін оншалықты ақылды шаруа болып саналмайды.

Мен онжылдықты бітірген жылы ағам үйленіп, әке-шешемнің жинаған бар ақшасы соның тойына жұмсалды. Сөйтіп, мен Алматыға чемоданымды арқалап барып, оқуға түсе алмай босқа қайттым. Келесі жылы әскер қатарына алындым. Ал армиядан келгенімде мені оқуға түсіреді деп сенген кісі (институтта сабақ беретін ғылыми атағы бар туысымыз) араққа салынып, әйелінен ажырасып азып кетіпті. Осылайша, маған ақша беріп, пара арқылы оқуға түсу бұйырмады.

Қайта-қайта оқудан құлап, қиналып жүріп кластастарым оқу бітіріп жатқанда университетке әзер түстім. Сол тұста мен өзімді қырсық айналдырған, жолым болмаған жандай сезінген едім. Дегенмен, кейінірек бұның өзім үшін үлкен пайда әкелгенін түсіндім. Өйткені, парамен тамыр-таныс арқылы емес, өз күшіммен түскендіктен, жанымды салып оқыдым. Жақсы білім алып шықтым. Қызметте де жақсы білікті маман болдым. Міне, соның жемісін әлі күнге дейін көріп келемін. Өзгелер сияқты жағымпазданып, басшылардың көңілін таба білмесем де, басшылар мені еріксіз сыйлайды. Өйткені, мен білікті кәсіби маманмын. Жұмысымды өте жақсы білемін. Сондықтан еңсем биік.

Адамның бойындағы жақсы қасиеттер және жақсы әрекет арқылы іс жасау алғашында сол адамға залалын тигізетіндей көрінгенмен, түптің түбінде бұл үлкен игілік әкеледі.

Түйін: Сіз ойыңыз, сөзіңіз және ісіңіз арқылы үнемі әрекет жасаумен боласыз. Әрекеттен адам бір сәт те тыйыла алмайды. Өміріңіздің жақсы, не жаман болуы тікелей жасаған әрекеттеріңізге байланысты. Жақсы әрекет жақсылыққа жеткізеді, жаман әрекет бақытсыздыққа, абыройсыздыққа ұшаратады. Бұл – АҚИҚАТ. Бүгін сізге пайдасын тигізетіндей көрінетін, аз ғана игілік әкеліп, соңынан азапқа салатын жаман әрекет жасауды әдетке айналдырасыз ба, жоқ қазір залалды сияқты сезілгенмен, соңында  екі дүниенің де игілігіне бөлейтін жақсы әрекет жасауға жүзіңізді бұрасыз ба?  Екі жолдың қайсысын таңдайсыз,  таңдау еркі өзіңізде.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика