52 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Бүгінгі күні әлем халықтары ұстанатын 5 дәстүрлі дін бар екен, олар: христиан, ислам, иудеизм, индуизм және буддизм діндері. Қазір әлемде 2,5 миллиард христиан, 1,5 миллиард мұсылман, 1 миллиардқа жуық индустар мен 1 миллиардтай буддашылар және 20 миллиондай иудейлер бар екен. Осыған қарап, жер шары халықтарының 90 пайыздайы осы бес дәстүрлі дінді ұстанатынын бағамдауға болады.

Әр бақа өз батпағын мақтайды

Орыс халқында осындай нақыл сөз бар. Бұның мағынасы: әр адам өз ұлтын, дінін, нәсілін, өзі тұрған елді, шыққан руын, отбасын мақтаныш етеді дегенге саяды. Бұны қазақтың «әркімнің көңілі жоғары» деген сөзімен түсіндіруге болады. Жалпы, өзіне қатысты нәрселердің бәрін өзгелерден жоғары қою адам баласының табиғатына тән құбылыс. Оны жақсы деп те, жаман деп те айтуға болмайды. Өйткені, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, бұл құбылыстың  да жағымды және жағымсыз жақтары бар.

Енді осы құбылыстың дәстүрлі діндерге қатысына келейік. Өзімізге ең жақын ислам дініне назар аударып қарасақ, имам-молдаларымыздың айтуынша, басқа дәстүрлі діндердің бәрі бұрмаланған да, жалғыз ислам ғана алғашқы тазалығын сақтап қалған. Сондықтан, ең таза және құдыретті дін – ислам.

Ал енді христиандардың діндарларының пікіріне құлақ салсақ, олар керісінше, ислам және басқа дәстүрлі діндерді түгел теріске шығарып, ең асыл да, таза дін – христиан деп тұжырым жасайды. Иудейлердің пайымынша,  христиан, ислам сияқты понтейстік діндер бастауын иудейлерден алады және олардың міндеті, иудей емес халықтарды осы дінге тарту болған. Христиан, ислам діндері өздеріне жүктелген осы міндетті қазір орындады, сондықтан енді олар тарих сахнасынан кетуі тиіс.

Буддашылардың көзқарастары мен ұстанымдары бір Жаратушы Құдайға сенетін басқа дәстүрлі діндерге қарағанда біршама бөлектеу. Буддизм діні жалғыз Құдай емес, түрлі құбылыстарға жауап беретін көп құдай бар деп түсіндіреді және олар адамның жаны, яғни рухы жоқ деп санайды. Индустардың діндерінің христиан, ислам діндеріне бір ұқсастығы – Жаратушы жалғыз Құдайға сенетіндігінде. Дегенмен, индустар да тек өз діндерін ғана мадақтап, басқа дәстүрлі діндерге қырын қарайды. Тіпті, көшеде су әкеле жатқан индус бір мұсылманға кездесіп қалса және мұсылман оның суына көз салса, су харамданды деп санап, оны төгіп тастап, басқа су әкеледі.

Түпкі негіз бір

Сырт қарағанда бір-біріне мүлдем ұқсамайтын жоғарыда айтылған 5 дәстүрлі діннің егер назар аударып, ақылға салып қарасақ, шыққан қайнар көзі – бір екендігін бағамдау қиын емес. Бұл дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарын оқып, діни пәлсапасын зерделесеңіз, бұған оңай көз жеткізуге болады.

Мәселен, мұсылмандарда бата берген соң айтылатын, яғни батаны қайыратын қасиетті сөз – Аумин. Христиандар да бата оқыған соң Амин деп бата қайырады. Буддашыларда «Ом мани падме хум» деген ең басты мантрасы, яғни дұғасы бар. Ал идустар үшін «Ом Тат Сат» деген мантра ең қуатты дұғалардың бірі болып саналады. Осыған назар аударсақ: Аумин, Амин, Оум деген сөздердің бастауы бір екендігін түйсіну қиын емес.

Енді мынаған назар аударыңыз: кез-келген мұсылманнан немесе христианнан «Аумин деген не сөз?» деп сұрап көріңіз, ешқандай да толымды жауап ала алмайсыз. Мұсылмандар «бұны Алла біледі» деп жауап қайтарады. Христиандар да, мұсылмандар да, тіпті бұл сөздің қай тілде екендігін де айтып бере алмайды.

Ал буддашы мен индус Оум сөзінің мән-мағынасын еш мүдірместен айта алады. Санскрит тілінде осыдан бес мың жыл бұрын жазылған Бһагавад Гита кітабында Жаратқан барша тіршілікті жаратқанда алдымен дыбысты жаратқанын және Өзін «Ом» немесе «Оум» деген дыбыстық белгімен айқындағанын жазады. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Інжілде «Әуел баста сөз болды және сөз адамдармен бірге тұрды» деп жазады. Сөз, яғни дыбыстық атау – жаратылыстың ең алғашқы бастауы болған екен. Ал «Оум» дыбыстық атауы бұл барша жаратылыстың басы және Алланың дыбыстық сипаты немесе есімі.

Міне, сондықтан да «Аум» немесе «Аумин» сөзі Жаратқанды білдіріп, батаны немесе дұғаны түйіндейтін кілт болып саналады. Аумин немесе Аум сөзі жоғарыда айтқанымыздай, ислам, христиан, буддизм және индуизм дәндерінде түгел бар. Осының өзі бұл діндердің қайнар көзі бір екендігін анық дәлелдейді. Әйтпесе, Құранға және Інжілге санскрит тілінде жазылған «Аум» сөзі  қалай кіріп кетті.

Егер ақылмен байыптап таразыға салар болсаңыз, дәстүрлі бес діннің бәрінде бір-біріне деген осындай ұқсастықтардың көп екенін бағамдайсыз. Яғни, бұл діндерге бастау болған қайнар біреу. Оны мұсылмандар Алла, христиандар Христос, иудейлер Иегов, буддашылар Будда, индустар Кришна деп әртүрлі атаумен атағанымен, түп негізі бір.  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика