Дүниенің тылсым жұмбақтары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінгі ғылым қанша шарықтап дамыса да, дүниеде бізге беймәлім тылсым жұмбақтар жетерлік, тіпті олардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп бара жатқандай. Сондай жұмбақтардың бірі – жын, пері, шәйтан, тағы да басқа көзімізге оқта-текте ғана көрінетін, жанымыздағы параллел әлемде тірлік кешетін тіршілік иелері туралы түсінік.

Жын-шәйтан деген не?

Қасиетті Құранда «жын» деген сүре бар. Құранда оттан жаратылған жын нәсілі туралы көп айтылады. Қасиетті кітапта олар жайында айтылған екен, онда сондай тіршілік иелерінің барлығына күмән келтіруге болмайды. Өкінішке орай, атейстік түсінікке негізделген кеңестік қоғам жын-шәйтан деген ойдан шығарылған ертегі деп түсіндірді. Адамдардың басым көпшілігі мұндай түсінікті мойындап, соған сенді.

Бірақ соған қарамастан, кеңес заманында да, тіпті құдайсыздық ұғымды санасына мықтап сіңірген жандардың өзі ара-тұра табиғаттың тылсым құпияларымен тоқайласып жататын. Ел арасында ондай әңгімелер жиі айтылып жүрді.

Ислам діні ғана емес, барлық дәстүрлі діндерде жын-шәйтан ұғымы бар. Шәйтан – бұл Алланың үстемдігін мойындамайтын, күнакарлық жолға түскен жын нәсілінің бір тармағы сияқты. Олар бізбен параллел өлшемде өмір сүреді және олар бізді көріп, сезінеді, ал адамдар керісінше жынды көре де, сезе де алмайды. Бұған жын нәсілінің өкілдерінің тәнінің оттан жаратылған нәзіктігі себеп болса керек.

Шәйтан адамға қалай қастық қылады?

Құранда шәйтан адамның еті мен терісінің арасында орналасатындығы туралы айтылады. Бүгінгі ғылым ет пен терінің арасында орналасқан «астарльды тән» деген нәзік тәннің барлығын, кей сәттерде адамның сол астарльдық тәні арқылы денесінен бөлініп шығатынын теріске шығармайды.

Өлген кезде адамның жаны нәзік тәні арқылы денесінен шығып кетеді дейді. Яғни, нәзік тән бізде де бар екен. Жынның тәні тумысынан нәзік, сондықтан оны біз көре алмаймыз. Нәзік тәннің бес дөрекі элементтен тұратын қатты тәннен айырмашылығы сол – онда көптеген мүмкіндіктер бар. Нәзік тән арқылы адам кез-келген бөгеттен кесіп өте алады, бас айналдырар шапшаңдықпен жүре, ұша алады. Ол жерде, жердің астында, аспанда, яғни кез-келген кеңістікте өмір сүре алады.

Міне, сондай үлкен мүмкінідктерге ие нәзік тәні бар шәйтан адамның ойын біліп, көріп тұрады екен. Ғылым дәлелдегендей, ой – бұл материалдық қуат. Адам ойланған кезде одан ауаға толқын түрінде қуат таралады. Соған қарап, шәйтан адамның не ойлап тұрғанын біледі және сол толқын өлшеміне ену арқылы оған ықпал ете алады. Бұған дәлел болатын жайлар өмірде көп кездеседі.

Адамдардың есуас әрекеттерінің себебі неде?

Ресейлік бір телеарнадан аса ауыр қылмыс жасап, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген бір адам туралы хабар көрсетілді. Әлгінің айтуынша, ол кешкілік жұмыстан үйіне оралады. Аздап арақ ішкен, бірақ ақыл-есі бүтін. Кенет кішкентай қыз баласы шырылдап жылайды. Бұл ашуына тиген ол сол арада ақылға сиымсыз шаруа жасайды.

Ол әйеліне айқайлап, содан кейін дүрсе қоя береді. Сол арада пышақпен әйелін әлденеше жерден жарақаттап, өлтіреді. Осыдан кейін шырылдап жылап жатқан бір жастан жаңа асқан қызын өлтіреді. Сосын 8-ге қараған қызын зорлап, содан кейін қылқындырып өлтіреді.

Кейін сот кезінде ол өзінің не себепті осындай қатыгездікке барғанын айтып түсіндіре алмайды. Оның айтуынша, шырылдап бала жылады, әйелі айқайлады, онан арғысы есінде жоқ. Бәрі өң мен түстің арасындағыдай болып өткен. «Осы күнге дейін мұның себебін түсіне алмай келемін» дейді әлгі бейбақ.

Ондаған қыз-келіншекті зорлап өлтірген Чикатило деген маньяк пен өздерін «Алматының санитарларымыз» деп атап, жезөкше қыздарды алдап әкеліп өлтіріп, соңынан етінен котлет қуырып жеген екі жігіттің әрекеті ақылға сия ма? Ал мұндай есуастар қатары жыл санап өспесе, кемитін, түрі көрінбейді. Мұның астарында адамды сондай ақылсыз әрекетке итермелейтін тылсым күштің жатқаны анық. Оны біз шәйтан, жын, пері дейміз бе, мәселе оның атында емес, адамға қарсы әрекетінде.

Табиғаттан тыс тылсым күштердің адамға ықпалы жайында толығырақ білгіңіз келсе, «Кітап дүкенінен» «Сайтанның шынайы бетбейнесі» кітабын алыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика