Дәрігерге сенуге бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ниши жаттыгуыБәрі ақшаға сатылатын нарық билеген қазіргі заманда бірнеше жоғары білімі, ғылыми атағы бар, оқыған-тоқыған лауазым иелерінің көбі пара алып, мемлекет қаржысын ұрлап, жемқор атанып сотталып жатыр. Қазір қай салада болмасын, жемқорлық деген белең алып, арыны қатты асау аттай бой бермей тұр.

Гиппократ антын аяққа таптағандар

Осыдан біраз жыл бұрын құлағым ауырып, емханаға бардым. Күп болып ісіп кеткен құлағымды көрген дәрігер орыс келіншегі «ота жасау керек» деді. Сөйтіп, қағаз жазып беріп, медкомиссиядан өтесің деп жіберді. Құлағым ауырып түні бойы ұйықтай алмай жүрген мен амалсыз кезекке тұріп үш күн медкомиссиядан өттім. Ол аз дегендей, әлгі келіншек маған тубдиспансерден және бір мекемеден барып анықтама әкел деп және жұмсады. Содан қаным басыма шапқан мен бас дәрігерге барып болған жайды айтып едім әлгі өзіме дүрсе қоя берсін. «Не, сен дәрігердің үстінен шағым жасамақпысың қалай емдеуді ол өзі біледі» дейді.

Содан шыдамым таусылған мен бір таныс бас дәрігерге телефон шалып, көмектесіңіз дедім. Әлгі танысым  бір дәрігерге жіберді. Ол құлағымды тазалап, бір дәрі тамызды. Содан пәлен күн ұйқы бермеген ауру сап тиылды. Ертеңіне таңертең тағы барып, дәрі тамыздырдым. Сөйтіп, құлағым толайым жазылды. Әлгі дәрігер маған ота жасамақ болғанын естіп, «бұл қылмыс, мұндай ауруға ота жасау қауіпті, қазіргі медицинада ол қолданылмайды» дейді. Кейін білдім, мені әуреге салған дәрігер жеке меншік емханада да істейді екен. Ойы мені ит әуреге салып,  дәл жанындағы жеке меншік емханада  ақша төлетіп емдетуге мәжбүрлеу болған сияқты. Міне, содан кейін дәрігерге сенуден қалып, салауаттылықты ұстанып, мұздай суға шомылып, дене жаттығуын жасап, әйтеуір ауырмаудың, дәрігерге бармаудың амалын қарастырып келемін.

Бізбен бірге қызмет ететін бір жігіттің мұрнына неморой деген ауру шығып, ірің толып кетті. Түн баласы ұйықтамай, қиындық көрген ол дәрігерге талай барып, олар ештеңе етпейді деп қайтарумен болды. Әбден күдерін үзген ол үйіне жедел жәрдем шақыртып, өзі есінен танған адам болып жатады. Содан емханаға әкелген соң оны бірден ота жасатуға апарады. Бірақ әлгі арада тағы кедергі кездесіпті. Бұған ота жасайтын дәрігер оны қабылдамай өзі жазылып кетеді деп қайтарып жүрген адам болып шығады. Бұны көргенде ол «үйіңе қайт, өзі жазылып кетеді» деп ота жасамайды. Содан әбден күдер үзген ол бас дәрігерге барып, өзінің журналист екендігін, ертең әкіммен іссапарға шығатынын, ауруына байланысты сапардан қалса, шу болатынын айтады. Содан шошыған бас дәрігер тапсырма беріп, дереу ота жасатады. Бір-ақ сәтте көзім шайдай ашылды дейді әлгі. Міне, осындай жайларды тізіп мысал ретінде келтіре беруге болады. Гиппократ анты дегенді аяқ асты ететін мұндай дәрігерлер қай жерде де аз емес және сондайлардың кесірінен мүгедек болып жатқандар, тіпті мерзімсіз қайтыс болатындар да бар.

Ауырмаудың амалын ізде

Таяуда бір қосымша жұмысқа орналаспақ болып медкомиссиядан өттім. Бір жетідей жүрдім. Қайда барсаң қаптаған кезек күткен аурулар. Жас та, кәрі де, әйел де, еркек те ауру. Олардың бәрі дәрігерлердің бассыздықтары жайында жарыса айтып жатады. Соларды естігенде адамға жаны ашитын дәрігер қалмаған ба деп қайран қаласың.

Мен қазір он жылдай болды, ауырып дәрігерге барған емеспін (Құдай оның бетін аулақ қылсын). Күнде кешкі сағат 10-да жатып, таңертеңгі 5-те оянамын. Содан мұздай суға шомылып,  денемді сүлгімен ысқылап массаж жасаймын. Таңертеңгілік 30-35 минуттай дене жаттығуын жасаймын. Таңертең тамақтың алдында бір стақан қайнамаған суға бір шәй қасық бал қосып езіп, соны ішемін. Таңертең міндетті түрде күнде құрма жеймін. Кешкілік ауыр тамақ емес, жеңіл-желпі салат немесе жеміс-жидекпен шектелемін. Жатарда бір кесе жылы сүт ішіп жатамын. Күндіз бірер сағат таза ауада серуендеймін Осы күн тәртібін он жылдан бері сақтап келемін және он жылдан бері ауырып, ауруханаға барған емеспін.

«Аурып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз бар. Ауырмаудың амалы – салауаттылықты ұстанып, күн тәртібін сақтау және дене жаттығуын жасап, таза ауада серуендеу. Бұл көп уақытты, көп тер төгуді, ақшаны қажет етпейді. Мұны кез-келген адам жасай алады. Оның есесіне деніңіз сау болып, өз жұмысын дұрыс білмейтін және ақша дәмететін парақор дәрігелреге күніңіз түспейтін болады.

«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазақ. Деніңіз сау болмаса, ісіңіз өнбейді, жұмыста да, үйде де берекеңіз болмайды. Ауру сізді әуреге салып, біраз бейнет татырады және ақшаңызды шығындап дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүр қылады, емханаға барып кезекте тұрып уақытыңызды өткізесіз, жүйкеңізді жұқартасыз. Ал дүмбілез дәрігерлерге кезіксеңіз ауруыңызға ауру қосып алуыңыз мүмкін. Сондықтан, ауырмаудың амалын жасау – әлдеқайда тиімді болмақ.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика