Дәрігерге сенуге бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

су құйынуҚазір ақпарат құралдары бірқатар африка елдерінде «түйе тұмауы» (карона вирус) деген емі жоқ ауру шығып, адамдардың өміріне қатер төндіруде деп ел-жұрттың зәресін алуда. Осыдан біраз бұрын «шошқа тұмауы», ал одан да ертеректе «құс тұмауы» дегендер бас көтеріп, халықтың құтын қашырғаны белгілі. Жалпы, соңғы кезде емі жоқ аурулар қатары өсіп барады.

Калачидегі жұмбақ ұйқы ауруы

Бұл туралы қазақстандық барлық дерлік ақпарат құралдары айтып, жазды. Қызығы сол, дәрігерлер мен ғалымдар Калачи тұрғындарын маужыратып ұйқыға батырған бұл аурудың қандай дерт екендігін, қайдан келгендігін, оны қалай емдеуге болатынын біле алмай әлекке түсті. Елбасының өзі бір алқалы жиында «ауруды анықтауға шамаларың жетпесе, шет елден неге маман шақырмайсыңдар» дегенді айтты.

«Заң газетінде» қызмет ететін болғандықтан ба, сотқа біршама жақындау жүремін. Соңғы жылдарда дәрігерлердің қырсыздығынан болған бақытсыз оқиғаларға қатысты қылмыстық істер қатары өсіп кеткені байқалуда. Күні кеше шауып жүрген дені сау адамның болмашы аурумен ауруханаға түскен соң көз жұмып, не мүгедек болып қалатын жайлары жиі кездеседі. Бұл енді дәрігердің қырсыздығынан болған қайғылы оқиға екені көзге шыққан сүйелдей анық көрініп тұрған жай.

Атбасар ауданында аяғы ауыр әйелдің бойындағы дертін байқамаған дәрігерлер ауру әбден асқынып кеткенде ғана облыс орталығына жібереді. Көкшетауға келгенде дерт меңдеген әйелге дәрігерлер еш көмек жасай алмайды. Жас әйел де, дүние есігін енді ашқан сәби де қайтыс болды. Бұл істің ақыры сотқа барып, аудандық аурухананың бас дәрігері сөгіспен құтылды. Өкінішке орай, мұндай жайлар бүгінде барлық өңірде кездеседі.

Анықталмаған ауру

Күзет мекемесінде қызмет ететін бір танысым екі-үш жылдан бері жұмбақ дертпен ауырады. Оның жұмбақ болатын себебі, әлі күнге дейін әлгі жігіттің ауруының қандай дерт екендігін дәрігерлер анықтай алмай бас қатыруда. Ол Көкшетауда да, Астанада да, тіпті іргелес Рсейдің астанасы Мәскеуде де болып, ауруханаларға, мүйіздері қарағайдай ғалым-дәрігерлерге көрінген. Бірақ, оның ауруының не екендігін ешқайсы да дәл басып анықтай алмапты.

Әлгі жігіт айтады, таңертеңнен түске дейін дұрыс жүремін, ал түстен кейін бір аяғым күп болып ісініп кетеді. Содан аяғым сыздап ауырып, жанымды қоярға жер таппаймын. Дәрігерлердің біреуі бұл бүйректен десе, екіншілері бауырдан, қан қысымының артуынан, т.б. деп әрқайсы өздерінше диагноз қойыпты. УЗИ-ға, рентгенге түсірген, бірақ одан еш қайран болмапты.

Сонымен, 21-ші ғасырда өмір кешіп жатқан әлгі замандасым бүгінгі медицина ғылымына мүлдем белгісіз «жұмбақ аурумен» ауырады. Оның дертін анықтауға қазіргі ғылым қауқарсыз болып отыр. Бизнесмен туысы бар жігіт ақшасын шашып, қол жетер жердің бәріне барған.

Дәрігерден қайран болмаса, денсаулығымызды қалай сақтаймыз?

Дәрігерге сенгендердің ажалынан бұрын өліп немесе мүгедек болып жатқанын ақпарат құралдарынан күнде дерлік естіп, оқып жүреміз. Дәрігерге сенбесек, онда денсаулығымызды қалай сақтаймыз? Оның жалғыз жолы – ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын іздеу.

Ауырмаудың ең сенімді және қолжетімді амалы – салауаттылықты ұстанып, ұйықтау, тамақтану тәртібін сақтау, дене жаттығуын жасау, мұздай суға шомылу. Өз басым осы тәсілді біраз жылдан бері қолданып келемін, әзірге құдайға шүкір, дәрігерге күнім түскен жоқ. Сізге де солай деп кеңес берер едім.

Денсаулықты сақтаудың қарапайым және қолжетімді тәсілдері туралы толымды ақпаратты біздің блогымыздан таба аласыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика