Дәстүрлі діндердегі бұрмалаушылықтар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

исламПәлсапамен айналысатын өзінді білімдімін деп санайтын бір кісі дін деген адамдарды әдептілікке шақырып, бойларына ізгі қасиеттерді орнықтыруға көмектесетін бұрынғы коммунистердің ар-ұят кодексі сияқты жалаң ережелер жиынтығы  дегенді айтты. Шынында да бүгінде көп адамдар, оның ішінде дәстүрлі дінді ұстанып жүргендердің өздері дінді өмірден аулақ, әдептілікке үндейтін ережелер жиыны сияқты санайтыны құпия емес.

Реинкарнация

Рейнкарнация деген сөз ғылымда да, ислам, христиан, иудейзм сияқты дәстүрлі діндерде де онша қолданыла қоймайды. Осыған орай, адамдардың көбі бұны тек буддизм мен индуизм діні өкілдерінің ойдан шығарған ертегілері деп санайды. Егер мәселенің мәніне тереңірек үңіліп қарар болсақ, дәстүрлі діндерден рейнкарнацияны алып тастау, адамның етін сылып алып, сүйегін ғана қалдыру сияқты нәрсе екенін бағамдар едік. Еті жоқ саудыраған сүйектен тұратын жанды адам деп санауға бола ма? Жоқ.

Сондықтан, егер сіз дінді жоғарыдағы менің пәлсапашы танысым сияқты ар-ұят мәселесін ғана қамтитын, шынайы өмірден аулақ теориялық негіздегі ережелер жинағы деп санайтын болсаңыз, онда сіз ЕШҚАШАН ИМАНДЫ бола алмайсыз. Иман дегеніміз, Аллаға деген шынайы және кәміл сенімге негізделетіндіктен, ДІНДІ БАРША ҒЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗІ  деп санаймайынша, адам ешқашан оны АҚИҚАТ деп қабылдай алмайды.

Қарапайым мысал: егер сіз біреуге онша сенбейтін болсаңыз, оның айтқанын істеп, бірге жұмыс жасай аласыз ба? Іштей ол мені кез келген сәтте алдап кетуі мүмкін-ау деп ойлап тұрып, онымен бірге ешқашан жұмыс істей алмайтыныңыз анық. Сол сияқты Аллаға, оның бізге берген дін жолына кәміл сену үшін – БАРЛЫҚ САУАЛДЫҢ ЖАУАБЫН ДІННЕН ТАБУҒА БОЛАДЫ деп қабылдауыңыз шарт. Олай болмаған жағдайда, сіздің сеніміңіз ешқашан кәміл болмайды.

Аллаға деген сенімге рейнкарнацияның қандай қатысы бар? Тікелей және толық  қатысы бар. Енді осыны дәлелдеп көрейік.

Адамның жақсы-жаман болмағы Алладан ба?

Сіз жан-жағыңызға ақылмен байыптап қарап байқаңыз. Сонда мына жайды анық көресіз: біреу бай, біреу сіңірі шыққан кедей, біреу сұлу, сымбатты, біреу әлжуаз, кемтар, біреу ақылды, білімді, талантты, енді біреу топас, дарынсыз, біреу қайрымды, қарапайым, енді біреу мақтаншақ, қатыгез және нәпсіқұмар, т.б.

Енді мына сауалға жауап іздеп көріңіз: неге адамдар осылай ала-құла жаратылған? Осы арада ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндер бұған не деп жауап береді, соған назар аударып байқайық. Ислам дінінде рейнкарнация  жоқ (шындығында бар, Құранда «өлі едіңдер тірілттік, кейін қайта өлтіреміз, содан кейін қияметте тірілтіп жинаймыз» деген аят бар, сөйтіп бұл арада өлу, тірілу деген төрт рет қайталанып тұр). Кез келген молдадан, имамнан бұл жайында сұрасаңыз мынадай жауап аласыз: Алла адамдарды бір-ақ рет жаратады, содан кейін өлтіріп, қияметте жинайды, жасаған күнәсінің көп-аздығына байланысты біреу тозаққа, біреу жұмаққа барады. Сонымен бәрі бітеді.

Молдадан осындай жауап естіген туа бітті бүкір немесе соқыр, болмаса ақсақ, мылқау болып кемтарға айналған адамдар осыған орай не ойламақ?  Егер біз бұрын өмір сүрмеген болсақ, еш күнәміз болмаса, онда неге Алла біреуді сұлу, сымбатты, білімді, талантты етіп жаратты да, екінші пендені ақсақ, бүкір, ақымақ етіп қойды. Мұның астарында: АЛЛА АДАМДАРДЫ АЛАЛАЙДЫ ЕКЕН деген ой жататыны анық.

Рас, бұған былай деп жауап беруге де болады: сіз ақсақ не бүкір болсаңыз, онда бұл сынақ үшін, Алла сіздің төзіміңізді сынап, содан кейін қияметте жұмақты нәсіп етеді. Бірақ оның астарында тағы да әділетсіздік пен алалауды көреміз. Әлгі сұлу, сымбатты, талантты адам Алланың берген нығметтерін пайдаланып, бұл дүниені белшесінен басып өтеді де, өлген соң мәңгі тозаққа кіреді. Ал бүкір болса, бұл дүниеде біраз қиындық көріп, өлген соң МӘҢГІ ЖҰМАҚТЫ МЕКЕН ЕТЕДІ.

Бұған тозаққа өртенген пенденің айтар өкпесі болмақ. Ол: Иә, Алла, сен маған сұлулық, қуат, талант, байлық бердің, соған елігіп еріксіз күнә жасадым, сосын мені мәңгі тозаққа кіргіздің, ал бүкірге қыз-келіншек қызықпайды, мансабы мен байлығы да жоқ, қиындықтан көз ашпағандықтан, еш күнә жасай алмады, енді оны мәңгі жұмаққа крігізбексің. Сонда әділдік қайда? Егер менің орнымда болса, бұл бүкір де дәл мен сияқты күнәға белшеден батар еді.

Көрдіңіз бе, қай жағынан алып қарасаңыз да, ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндердің бұл қағидасы адамдар арасындағы теңсіздікті діни білімге негізделген уәжбен түсіндіре алмай тұр. Егер рейнкарнацияны алып тастасаңыз, онда ерте ме, кеш пе сіз міндетті түрде ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛЕСІЗ. Яғни, сіздің діни түсінігіңіз бен сеніміңізге селкеу түседі, күмәнға берілесіз. Оның соңы иманнан қол үздіруге әкелетіні анық.

Сондықтан, рейнкарнация деген мәселеге байланысты түсінігіңізді нақты анықтап алмайынша, ИМАНЫҢЫЗ ЕШҚАШАН КӘМІЛБОЛМАЙДЫ. Бұған мысалды миллиандап, тіпті миллиардтап келтіруге болады.  Құранда бір мұсылман екінші мұсылманды қасақана өлтірсе барар орын тозақ деп аққа қара жаққандай анық айтқан. Соған қарамастан күн сайын ондаған, тіпті жүздеген мұсылман өздері сияқты мұсылмандардың қолынан мерт болып жатыр. Ауғанстан, Пәкстан, Египет, Ирак, Сирия сияқты мұсылман елдеріндегі біраз жылдар бойы жалғасып келе жатқан қанды қырғындарды жасап жатқандар мұсылмандар. Олардан залал көріп жатқандар да мұсылмандар. Неге мұсылмандар ҚҰРАНҒА, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАДИСТЕРІНЕ, ШАРИҒАТ ЗАҢДАРЫНА бағынбайды, мойынсұнбайды? Неге???? Оның жауабы жалғыз: ОЛАРДА БІЛІМ ЖОҚ. Олардың білім деп жүргендері: Құран аяттарын жаттап алып, намаз оқу, жаттанды шариғатты айту сияқты өмірге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын құрғақ ереже ғана.

Бүгінде күнәға белшеден батып жатқан хрситиандар мен мұсылмандардың бұндай жаман әрекеттеріне негіз болып отырған білімсіздіктің ең басты негіздерінің бірі – рейнкарнация туралы түсінікте. Рейнкарнация дегеніміз не, ол қандай жағдайда қалай көрінеді, оның мәні неде? деген сияқты сауалдарға алдағы мақаламызда толыққанды жауап беретін боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика