Дәуірлердің алмасуы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Егер сіз айналаңызға ақыл көзімен ойлана қарайтын болсаңыз, барлық табиғат құбылыстарының қатаң заңға, жүйеге бағынатынын бағамдар едіңіз. Күн мен түннің, қыс, көктем, жаз, күздің алмасуы – бәрі де қатаң табиғат заңы шеңберінде жүзеге асады. 70-80 жыл ғана жасайтын адам үшін жыл мен жыл мезгілдерінің, ары кеткенде ғасырлардың алмасуы ғана шынайы болып сезіліп, оның арғы жағындағы дәуірлердің алмасуы жәй ғылыми гипотеза секілді көрінері анық. Бірақ та, адам 70-80 жыл емес, 100 мың, тіпті миллион жыл жасайтын болса, дәуірлер алмасуының да куәсі болар еді. Яғни, дәуір алмасуы – бұл табиғат заңы шеңберінде жүзеге асатын ұдайы алмасып келіп отыратын құбылыс.

Кали юга немесе темір ғасыры

Қазір біз өмір кешіп жатқан дәуір – Кали юга немесе темір ғасыры деп аталады. Жалпы, жыл мезгілдері сияқты төрт дәуір бар. Олар: сатья юга (алтын ғасыр), трета юга (күміс ғасыр), двапара юга (мыс ғасыр) және кали юга – темір ғасыры. Алтын ғасырда адамдардың бойы 25-30 метр болып, 100 мың жыл өмір сүреді екен. Біз үшін бұл ертегі сияқты, дегенмен ол шынайы шындық. Келесі трета югада адам бойы 10 метрге дейін аласарып, өмір жасы он есеге қысқарады, яғни 10 мың жыл өмір сүреді. Ал двапара югада адамдардың бойы 3-4 метрге дейін аласарып, өмір жасы 1000-ға дейін кемиді.

Біз өмір сүріп жатқан кали юга – темір ғасырында адамдардың бойы 1,5-2 метрге дейін шөгіп, өмір жасы 100-ге дейін кемімек. Шындығында қазір жүз жасайтындар өте сирек, орташа жас 60-70-тен аспайды. Алтын ғасырында адамдардың 75 пайызы иманды, діндар болып келсе, әр дәуірде 25 пайыздан кеми түседі. Қазір иманды адамдар 25 пайыз деңгейінде, ал шындығында шыншыл, таза адамдардың саны одан да аз.

Темір ғасыры 432 мың жылға созылмақ. Ол осыдан бес мың жыл бұрын басталған. Кали юганың енуі, дәуір алмасуы туралы санскрит тілінде жазылған Махабхарата кітабында жан-жақты айтылады. Құдайсыз, дінсіздер қаптап кеткен сол заманда Тәңірі Кришна Курукшетра алқабында әлемнің билеуші патшаларын түгел жинап, үлкен шайқас ұйымдастырады. 17 күнге созылған сол шайқаста 7 миллионға жуық әскер қаза табады. Осылайша, адамдардың мазасын алған дінсіз патшалар мен олардың әскерлері түгел жойылып, біршама уақыт жер бетінде тыныштық пен әділдік орнығады. Және бұл жағдай күнакарлыққа толы кали юга дәуірінің енуін біршама кешеңдетіп, кері ысырып тастайды.

Біз тағы да ғасырлар алмасуында тұрмыз

Егер темір ғасыры осыдан бес мың жыл бұрын басталған болса және ол 432 мың жылға созылса, күнакарлардың дәуірінің аяқталуына әлі 427 мың жыл бар ғой деп сануға болар еді.  Дегенмен де, Жаратқанның шапағатымен әрбір мың дәуірде кали юга заманында жер бетіне Алланың аса қайрымды аватары, яғни таралымы саналатын Тәңірі Гауранганың келуімен темір ғасырының ішінде 10 мың жылға созылатын алтын ғасыры орнығады екен. Қазір біз дәл сондай тарихи кезеңде тұрмыз.

Осыдан бес ғасыр бұрын Бенгалия жерінде дүниеге келіп, санкиртана ягья қозғалысының негізін салған Шри Чайтанья немесе Гауранга мың дәуірде бір келетін Жаратқанның аватары екенін айғақтайтын тарихи жазба деректер өте көп. Гауранга «әр деревняда, әр қалада барша әлемде маха мантраны айтатын заман келеді» деп бес ғасыр бұрын айтып кеткен. Егер Гауранга Жаратқанның аватары десек, бұл Алланың еркі екендігі анық. Ал Алланың еркі міндетті түрде орындалады.

Зодиак, яғни жұлдыз жыл санауы бойынша қазір адамзат Суқұйғыш (водолей) дәуіріне енді. Бұл дәуірде жер планетасы галактиканың аспан денесіне үлкен өзгерістер әукелетін шеңберінен өтеді. Осыған орай, айтулы өзгерістер біз қаласақ та, қаламасақ та болатыны анық. Ол қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Бір дәуірден екінші дәуірге өту ешқашан оңай және жеңіл болмаған. Ол сілкіністер мен апаттарға, кедергілер мен қиындықтарға толы болатыны белгілі. Егер біз Нострдамус, Ванга сияқты көріпкелдердің болжамына назар аударсақ, үлкен өзгерістер кезінде адамзаттың біраз бөлігі опат болу қаупі бар. Ал Иса пайғамбар Інжілде «төсекте жатқан ерлі-зайыптылардың біреуі қалып, біреуін әкетеді, алқапта жұмыс істеп жүрген ағайындылардың біреуі қалып, біреуі кетеді» дегенді айтады.

Осы жайлардан не ұғамыз? Он мың жылға созылатын кали юга дәуірінің ішіндегі алтын ғасырға тек лайықты адамдар ғана ене алады. Олар кімдер? Олар шындықпен өмір сүретін, нәпсіге құл болмай, адамдық атын сақтап, адал ғұмыр кешкен иманды жандар. Ал имансыз жандар түрлі апаттардан, ауру-сырқаудан, соғыстардан опат болмақ.

Егер сіз бағамдап қарар болсаңыз, соңғы жылдарда уақыт өте жылдам өтетін болып кеткенін аңғарар едіңіз. Таң атса, күн батады. Жылдың қалай өткенін де сезбей қаласың. Уақыттың әдеттегі ағымынан ажырап, сығымдалуы үлкен өзгерісті кезеңнің басталарын айғақтайтын болса керек. Барша әлем әлдебір өзгерістерді күтуде. Ол қандай өзгеріс, ол кімге не әкеледі? Бұл жұмбақ.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика