160 көрілім

Бүгін денсаулығы үшін бес теңге салуды қымбатсынған адам, ертең ауырғанда жүз теңге салуға мәжбүр болады. Десе де, «сараң екі есе төлейді» деген халық даналығын естен шығарып, денсаулықтың жайын тек ауырған кезде ғана ойлайтындар көп. Емханаға барсаң, қай уақытта да иінтіресіп кезекте тұрған адамдарды көресің. Олардың арасында егде адамдармен бірге, қылшылдаған жас қыз-жігіттер де қаптап жүреді.

Дүмбілез дәрігер, қымбат дәрі

Тәп-тәуір қызмет істейтін бір танысым біраз ауырып жатып, жұмысына шықты. Ауырып қалыпты дегенді естігенім болмаса, жақын араластығымыз болмағасын, көңілін сұрап бармаған едім. Жұмысына шыққан соң бір шаруамен кіре қалдым. Денсаулығы жайын сұрағанымда ол: «қазіргі дәрігерлер сау адамды ауру етеді екен, құдай мұны енді басқа салмасын» деді.

Әлгі кісі ауырып, Көкшетаудағы арнайы емханаға барып емделеді. Үлкен лауазымды қызмет ететін оған жеке палата беріп, білікті деген дәрігерлер ем-домын жасапты. Бірақ ауруы асқынғаны болмаса, жазылатын болмапты. Содан бір күні оның көңілін сұрап, Астанада тұратын танысы телефон шалады. Бұл жағдайын айта бастағанда ол «Астанаға кел, мен сені мықты емханаға орналастырамын» дейді.

-Содан Астанаға бардым. Ондағы дәрігерлер мүлдем басқаша диагноз қойды және басқаша ем жасады. Содан бір жетіде аяғымнан тұрып, дертімнен айықтым. Егер Көкшетауда жата берсем, өледі екенмін, -деді әлгі танысым. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар қай өңірде де жиі кездесіп жатады. Ауырып келген адамды адам деп емес, ақша толтырылған қап деп қарайтын, пара дәмететін, өз жұмысын жете білмейтін дүмбілез дәрігерлер көп. Ондайлар емделуге келген сау адамды ауру немесе мүгедек етіп, тіпті ажалынан бұрын өлтіріп те жатады. «Заң газетінің» тілшісі ретінде сондай дәрігерлердің үстінен қаралған бірнеше қылмыстық істер сотына қатысқаным бар.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын ізде

Емханаға барып, дәрі сасыған дәлізде сағаттап кезек күтіп тұру, дүмбілез дәрігерлердің жазып берген, дертіңе дауасы жоқ бағасы удай дәрілеріне ақшаңды шашу – кім-кімге де ұнамды іс болмайтыны анық. Сонда не істемек керек?

Әлемдегі кәрілікті тежеп, денсаулықты нығайтатын, адамның өмір жасын ұзартуға  көмектесетін табиғи таза өнімдерден жасалған биоқоспалар шығаратын жалғыз компания – Джайнес компаниясының өнімдерін екі айдан бері пайдаланып келемін. Бағасы қымбаттау, дегенмен денсаулықты нығайтуға көмегі өте көп екен.

Биыл көктемде біраз науқастанып, емханаға барып, дүмбілездеу дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келді. Олар жазып берген дәрілердің еш көмегі болмады. Интернет арқылы Джайнес компаниясы туралы ақпараттар тауып, соған тіркелдім. Ақшасын төлесең, сұраған биоқоспаларыңды үйіңе әкеліп береді екен.

Бұрын жұмыста күнұзақ шаршап, ұйқы қысып жүретін және таңертең қоңыраулы сағатпен әзер оянатынмын. Қазір өзімді жақсы сергек сезінемін. Қайта-қайта мазаны алатын тұмаудан да құтылдым. Таңертең ерте оянамын және сергек тұрамын. Бір сөзбен айтқанда, биоқоспалардың әсері бірден сезілді.

Компания шығаратын биоқоспалар – дәрі емес. Оны дертімнен айығамын деп ішуге болмайды. Бірақ та, ол адам ағзасындағы иммунды қуатты көбейтіп, клеткалық деңгейде ағзалар мен теріні жаңғыртады. Компания шығаратын бетке арналған кремдер бет әжімдерін кетіріп, жас көрсетеді. Ал, РМ деген биоқоспаны ұйықтар алдында ішіп жатсаңыз, жақсы ұйықтайсыз және сергек оянасыз. Финити қоспасы қуат қосып, адамға сергектік береді.

Ең жақсы инвестиция – бұл өз денсаулығыңа арналған инвестиция, яғни денсаулығыңды нығайту үшін салған ақша еселеп қайтатыны анық. Бүгін денсаулығыңнан аяп, ақша шығарғың келмесе, ертең ауырған кезде одан әлдеқайда көп ақша шығарып, химиялық жолмен жасалған, ауруды аздап басқанмен, басқа ағзаларыңа кері әсерін тигізетін дәрілерді сатып алуға мәжбүр боласың. Сондықтан, Джайнес компаниясының табиғи таза өнімдерден жасалған және тәжірибеден өткен биоқоспаларына жұмсаған ақшаңыз, денсаулығыңызға салған инвестиция болып, мол қайтарым әкелері анық. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген тиімді және арзан.

Джайнес компаниясы өнімдері, оны сатып алу жолы туралы білгіңіз келсе, kalkoz25@mail.ru  поштасына немесе 87013001474 телефонымен (ватсап та бар) хабарласуыңызға болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика