179 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп тектен текке айтпаған. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген сөз бар. Ауырған адамның жұмысқа да, тамаққа да, тіпті өмір сүруге де зауқы болмайды. Ауру адамды тұралатып, өмірге деген құштарлығы мен ынта-ықыласын, күш-қайратын жояды. Сондықтан да, ол адам үшін ең қатерлі және қауіпті жау.

Дәрігердің көмегімен денсаулықты сақтауға бола ма?

Адамдардың көбі, егер болжамдап айтар болсақ – 90 пайыздайы денсаулықты сақтау дегенді – ауырған кезде дәрігерге барып көрініп, ол жазып берген дәрі-дәрмекті қабылдау деп түсінеді. Бұндай жандар, әдетте өз денсаулықтары туралы тек ауырған кезде ғана ойлайды. Қалған уақытта оған денсаулық дегеннің мүлдем қажеті болмайды.

Бұндай адамдар ауырған соң емханаға барып, дәрігерді жағалап жүреді.  Анда-санда бір шаруалармен емханаға кіре қалсаңыз, дәлізінде иін тіресіп тұрған кезек күткен адамдарды көресіз. Олардың арасында жастар да, кәрілер де бар. Жап-жас қыз-жігіттердің бойларына неше түрлі дертті жабыстырып алып, аурухана жағалап жүргенін көресің.

Алақандай Көкшетау қаласында бірнеше емхана бар.  Төрт қабатты қалалық орталық емхана тарлық етіп бірнеше жыл бұрын кешенді ат шаптырым үлкен емхана салынып, пайдалануға берілді. Оған қоса аумақтық бірнеше емханалар және шағын аудандардағы дәрігерлік пункттер қаншама. Емханалар, ауруханалар қаптап салынып жатыр, дәрігерлер саны көбеюде, бірақ соған қарамастан, олар жетіспейді. Өйткені, ауру көп, ауырып дәрігердің көмегін сұрап келетін адам көп.

Дәрігердің жазып берген дәрісін ішіп, тіпті ауруханада жатып, емделіп шыққан адамның енді ауырмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Бір ауруынан жазылған ол адам басқа дертпен ауырып, осылай жалғаса береді. Дәрігердің көмегімен аурудан құлан таза жазылып кету еш мүмкін емес.

Ауырмаудың амал не?

Ауырмайтын адам бола ма? Әрине, ет пен сүйектен жаратылған адам ауырмай тұрмайды. Дегенмен, денсаулықты сақтаудың амалы – ауырған кезде дәрігерге көріну деп түсінетіндерден бөлек, өз денсаулықтарын сақтауға көңіл бөлетін адамдар да бар. Олар бірінші топтағыдай емхана мен аурухана жағалап жүрмейді.

Биыл жасы 92-ге толған бір қарияны білемін. Ол кісі ерте жатып, ерте тұрады, таңертең дене жаттығуын жасап, таза ауада серуендейді, ұйықтау, тамақтану тәртібін сақтайды. Осының арқасында ауру дегенді білмей 92 жасында жүгіріп жүр.

Ертеректе спорт тақырыбын қозғайтын бір басылымда жұмыс істеп, денешынықтырумен айналысатын адамдар туралы біраз мақалалар жаздым. Сонда байқағаным: олардың ешқайссы ауырып, емханаға барып, дәрігерге көрінбейді екен. Чичкарева деген мұздай суға шомылатын әйел рак ауруынан мұздай суға шомылу арқылы құлан таза айығып кетіпті. Ал оған дәрігерлер жарты жыл ғұмырың қалды деп диагноз қойған.

Қарапайым ақиқат мынадай: егер сіз денсаулығыңызды сақтай білсеңіз, аурудан аулақ боласыз, ал сақтамасаңыз, аурудан айықпай, емхана екінші үйіңізге айналады. Денсаулықты сақтау үшін: ұйықтау, тамақтану тәртібін сақтаңыз, яғни күн сайын белгілі уақытта ұйқыға жатып, ерте тұрыңыз, салауаттылықты ұстаныңыз , яғни күнде таңертең дене жаттығуын жасап, таза ауада серуендеңіз, арақ-шараптан, темекіден аулақ болыңыз. Осы қарапайым шараларды жасасаңыз, аурудан аулақ боласыз. Осылай өмір сүріп жатқан миллиондаған адамдардың өмір тәжірибесі бұны көзімізге шұқып, көрсетіп жүр. Бірақ көкірек көзін шел басқандар бұл ақиқатты көре қоймайды. Сондықтан олар ауырғанда дәрігерді жағалап, көп уақытын аурухана палаталарында өткізуге және дәрігер жазып берген дәрілерді сатып алуға қыруар ақшаларын жұмсауға мәжбүр…  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика