Денсаулық ауырғанда ғана қажет пе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деген сөз бар. Адамдардың басым көпшілігі денсаулықтарын тек ауырған кезде ғана ойлап, денсаулықты сақтаудың бірден бір тәсілі –ауруханаға барып, дәрігердің көмегіне жүгіну деп санайды.
Шындығында денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілдерін қолдану арқылы ауырмауға болатынына назар аударатындар аз. Міне, адамдардың осындай өз денсаулықтарына салдыр-салақ қараулары себепті, жыл өткен сайын елімізде ауруханалар мен емханалардың саны көбейіп барады. Қашан барсаң сол қаптаған ауруханаларда ұзын-сонар кезек күткен ауруларды көресің.

Ауырмаудың қарапайым амалы.

Орыс халқының «под лежащим камнем вода не течет» деген нақылы бар. Яғни, кез-келген игілікке жету үшін ықылас және ұмтылыс, яғни әрекет қажет. Денсаулықты сақтау үшін де белгілі бір іс-әрекеттерді жасау шарт.

Мәселен, ғылымда әлдеқашан дәлелденген уақыт кестесін сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға, көптеген аурулардың алдын алуға болатынын ешкім теріске шығармайды. Егер сіз белгілі бір уақытта ұйықтайтын болсаңыз, сол уақыт келгенде міндетті түрде ұйқы қыса бастайды. Тамақтану да сол сияқты.

Күн тәртібін сақтау арқылы адам ұйқысыздық пен ас қорытуға байланысты туындайтын аурулардан аулақ болады. Өкінішке орай, адамдардың көбі ұйқысы келген уақытта ұйықтап, тамақ ішкісі келген кезде тамақтануды әдетке айналдырған.

Бұның әсере қандай? Көп адамдар күндіз жұмыс уақытында ұйқылары келіп, қалғып-шұлғып жүреді де, кешкілік жұмыстан кейін ұйқылары шайдай ашылып, түн ортасы ауғанша теледидар көреді. Содан кеш жатқандықтан, таңертең орнынан әзер тұрады. Бұдан адамның біріншіден, ұйқысы қанбайды, екіншіден, ұйқысыздық дертіне шалдығады, үшіншіден, дұрыс тынықпағандықтан түрлі ауруларға бой алдыру қаупі күшейеді.

Күн тәртібін сақтауға не кедергі?

Жасы алпыстан жаңа асқан көрші тұратын әйел біздің подьезд бойынша домофонға ақша жинайтын. Кешкілік ол телефон шалып, ақша төлеу керектігін ескертті. Таңертең сағат 10-дарда оның пәтеріне барып төлеуге келістік. Белгіленген уақытта барғанымда, көрші есікті әзер ашты. Көзі ұйқыдан ісініп кетіпті. «Айып етпеңіз, түнде кеш жатып едім» дейді.

Зейнет демалысындағы әлгі әйел түнімен теледидар көреді екен. Таяуда оны таяққа сүйеніп әзер жүргенін көрдім. Түрлі дерттер асқынып, аяғын баса алмай қалыпты. Жасы алпыстан жаңа асқан әйелдің сонша кәрілікке бой алдырып, денсаулығын жоғалтқанының себебі тамақтану мен ұйықтау тәртібін сақтамаудан туғандығы анық.

Күн тәртібін сақтау арқылы кәрілікті тежеп, денсаулығымызды нығайтуға мүмкіндік алатынымызды екінің бірі жақсы біледі. Бірақ күн тәртібін сақатуға не кедергі? Оның себебі – біздің ақыл-ойымызда жатқан сыңайлы.

Өткен жылы жазда болған фудболдаен әлемдік чемпионатты көп адамдардың дәмхана-барларда отырып тамашалайтынын көрсетті. Түн ұйқысын қиып, фудбол көретін олар ереңіне жұмысқа барады екен. Бұдан денсаулықтарына қаншалықты зардап келетіні айтпаса да түсінікті.

Фудбол немесе киносериалдар көру үшін денсаулығыңызға қатер төндіруге бола ма? Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» демей ме. Өкінішке орай, адамдардың көбі денсаулықтарынан фудболды немесе сериалдарды көруді, болмаса қонаққа баруды артық санайды. Осындай көңіл-күй жағдайында болған адамдардың өмірлерінің көп бөлігін аурухана мен емханада кезекте өткізетіні анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика