Денсаулықты сақтаудың сенімді және қарапайым тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Бірінші байлық – денсаулық» деп тектен текке айтылмаған. Ауырған адамға кең дүние тарылып, тірліктің қызық-қуанышы қалмайды. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі денсаулықтарының жайын тек ауырған кезде ғана ойлайды, сондай-ақ, олардың денсаулықтарын сақтау тәсілі – емханаға барып, дәрігерге көріну, оның жазып берген дәрісін сатып алып ішумен шектеледі. Шындығында бұлай денсаулықты сақтау мүмкін емес.

Күн тәртібін сақтаудың көмегі көп.

Мыңдаған жылдық тарихы бар ежелгі үнді халқының денсаулықты сақтау ғылымы – аюрведа күн тәртібін сақтау арқылы ғана адам бойындағы жазылмас дерттерінің жартсынан астамынан дәрісіз жазылады екен. Аюрведа іліміне сай күн тәртібі дегеніміз, тек бір мезгілде жатып, ояну және тамақтану емес.

Аюрведа ғылым 24 сағаттан тұратын тәулікті үш элементтің шеңберінде қарастырады. Бұл элементтер: от, су және ауа. Осы үш элемент әрбір төрт сағат сайын кезектесіп келіп отырады және осы табиғи элементтердің өзіне тән қасиеттері бар. Міне, соны біліп және тиімді пайдалану арқылы денсаулықты сақтауға болады.

Аюрвед дәрігердің айуынша, кешкі сағат 22.00-2.00 арасында от элементі үстемдік алады. Сондықтан ұйқыға кешкі сағат 22-ге дейін жату қажет. Сонда ішкен тамағыңыз тез қорытылып, жақсы тынығасыз. Ал түнгі сағат 2-6 аралығында ауа элементі үстемдікке ие болады. Ауа жеңіл болғандықтан, бұл кезде ұйқы жеңіл болып келеді. Адам жеңіл ұйықтап, қайта-қайта ояна береді. Ұйқыдан дәл осы кезде тұрған жөн. Сонда жеңіл тұрасыз және тез ұйқыңыз ашылады.

Таңертеңгі сағат 6-10 аралығында су элементі келеді. Егер сағат 6-ға дейін оянбасаңыз, онда ауыр элемент саналатын су бойыңызды басып, ұйқыңызды аша алмайсыз. Күнұзақ өзіңізді ауыр сезініп жүресіз. Күн тәртібі қандай болуы керек? Мен сізге біраз жылдан бері өзім пайдаланып келе жатқан күн тәртібін ұсынамын. Осы күн тәртібін сақтаудың арқасында біраз жылдан бері ауру дегенді ұмытып, өзімді сергек сезінемін.

 Күн тәртібі:

Кешкі сағат 22.00-ге дейін ұйқыға жату;

Таңертең 06-ға дейін ояну;

Таңертең мұздай суға шомылу, содан кейін сүлгімен бар денені ысқылап, массаж жасау;

Таңертеңгілік дене жаттығуы – 40-45 минут, желдеткішті ашып, бөлмеде жасауға болады;

Таңертеңгі тамақтың алдында бір стақан қайнамаған суға бір шәй қасық бал араластырып, ішу;

Таңертеңгі тамақтан соң 3-4 құрма жеу;

Түскі тамақтың алдында бір үлкен қасық шикі күрішті ыстық сумен шайып, жеу (иммундық қуатты көбейтеді);

Күніне 1-1,5 сағат таза ауада серуендеу;

Ұйықтар алдында бір стақан жылы сүт ішу;

Аптасына бір рет моншаға барып, жақсылап булану.

Тамақтану тәртібі – таңертеңгі тамақ (сағат 08-09 аралығында) жеңіл болғаны жөн. Түсте (12-14-ке дейін) тойғанша ішіп-жеу қажет. Кешкілік (18-19-ға дейін) жеңіл-желпі тамақтанған дұрыс және тамақты ұйықтардан кем дегенде 2 сағат бұрын ішкен жөн.

Осы аталған қарапайым күн тәртібін сақтау арқылы денсаулықты нығайтып, аурудан аулақ болуға болады.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика