82 көрілім

Адамдар адал еңбек, маңдай терлерімен тапқан ақшаларын күн санап құнсызданып бара жатқан инфляция деген емі жоқ аурудан сақтау үшін екінші деңгейлі банктердің депозиттерін пайдаланады. Ақшаңызды көбейтуге көмегі болмаса да, депозит инфляциядан жиған-тергеніңізді қорғауға қауқарлы. Бірақ биылғы жылдан бастап отандық банктердің депозит өсімі төмендеп кетті.

Кредит өсімі депозиттен 2-3 есе асып түседі

Хоум Кредит банкіндегі 12 пайыздық депозитімнің жайын білейін деп жақында барғанымда оның автоматты түрде 7 пайызға құлдырап кеткенін естідім. Үкіметтің келісімімен екінші деңгейлі банктердің депозит өсімі таяуда төмендепті. Осыған орай бұрын 12 пайыз болған менің депозитім енді 7 пайызға бір-ақ түсіпті.

7 пайыз деген шынын айтқанда жылдық инфляцияны да толық жаппайды. Бұндай депозиттің сонда қандай пайдасы бар? Мпаған осы банктен телефоныма жиі-жиі кредит ал деген хабар келіп тұрады. Бір күні жәй білейін деп телефон соққанмын.1 миллион теңге несиені 4 жылға алсам, ай сайын 43 мың төлеп, 4 жылда 1,8 миллион етіп қайтарады екенмін. Кредиттің қайтарымы 24 пайыздан басталып, жоғарылай береді екен. Ал осы банктің ең жоғарғы депозит өсімі 10 пайыз. Осыған қарап, отандық банктерідң ел азаматтарына қаншалықты қызмет етіп жатқанын бағамдауға болады? Яғни, банктер кредитті 2, тіпті 3 есе жоғары бағаға беріп, депозит салушыларға 10 пайыз көлемінде ғана өсім береді.

Не істеу керек?

Өзін өзі дамыту ғылымының білікті маманы Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, бақуаттылыққа жетудің жалғыз жолы – тапқан ақшаңды сақтау және көбейту екен. Ақшаны жұрттың бәрі табады дейді ол, бірақ оны сақтап көбейтуді адамдарыдң 95 пайызы білмейді. Білмеген соң олар тапқан ақшаларын қалай болса, солай жұмсап, бар табыстарын ышғындарын жабумен жоғалтып отырады екен.

Тапқан ақшаны сақтап, көбейтудің ең тиімді және қолжетімді жолы – банк депозиті. Ал отандық депозиттердің сыйқы жоғарыда айтылғандай. Яғни, 10 пайыздық өсім ғана бере алады. Ал жылдық инфляция орта есеппен 7-8 және одан да жоғары. Сөйтіп депозит тек ақшаңызды инфляциядан қорғауға ғана қызмет етіп, оны көбейтуге қауқарсыз болып отыр. Сонда жиған-терген ақшаларын сақтап, көбейткісі келетін қара халық не істеуі керек?

Шет елдік депозит тиімді ғана емес, сенімді де

Биыл сәуір айында мен Австрияның Гермес компаниясының ақшаны сақтап, көбейтуге жағдай жасайтын Виста депозитін аштым. Оның жылдық өсімі евромен 20 пайыз екен. Теңгемен 10 пайыз өсімді әзер беретін отандық банктерменс алыстырғанда бұл дегенің өте жоғары өсім ғой.

Мен алдымен ең төменгі 10 мың евролық пакетті активтендіру үшін 1000 евро салдым. Содан кейін тағы 1000 евро салып, жоба ұсынған ломбард кредит және таныс адамнан салымыңның 70 пайызы мөлшерінде берілетін плечо дегендерді алып пайдаланып, салымымның деңгейін 4405 евроға көтердім. Ал таяуда тағы да 500 евро салып, 2 мыңға көтеріп, банасымды 6627 евроға жеткіздім. Бұл депозит маған айына орта есеппен 65 евро, яғни, 25-26 мың теңге түсіріп тұрады. Австриялық бұл жоба 100 жылдан бері бір әріпі өзгермеген клиенттердің мүддесін қорғайтын Британияның заңымен жұмыс жасайды екен. Яғни, сенімді.

Отандық банктердегі шетелдік валюта салымдарының өсім пайызын қарасам, 0,1-ден 3 пайызға дейін ғана екен. Осыларға байыппен ой жүгірткенде, отандық банктер арқылы ақшаңызды сақтап, көбейтудің мүмкін еместігін бағамдау қиын емес. Сондықтан, қолдан келсе, шет елідк депозиттерді пайдаланған жөн болады.

Виста депозиті туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуыңызға болады: http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика