Дін – апиын ба?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінАтеистік идеологияны негіз етіп ұстанған кеңестік заманда «Дін – апиын» деген ұран болатын. Бұл ұран мектептерден бастап жоғары оқу орындарында, мекемелерде, тіпті көшелерде ілулі тұратын. Сол коммунистік түсінікті санаға сіңірген аға ұрпақ өкілдерінің көбі бүгінгі күні де дінді  адам санасын улайтын апиын деп санайды.

Білімсіз дін – фанатизмге әкеледі

«Дін – апиын» деген кеңестік түсінікті көп адамдар, оның ішінде жастар дінге жүзін бұрған қазіргі заманда қабылдамайтыны анық. Десе де, бұл коммунистік түсініктің астарында ащы шындық жатқанын мойындау керек. Неге десеңіз, бұл материалдық дүниеде бәрін Алла қос-қостан жаратқан, яғни әрбір заттың немесе құбылыстың екі жағы болады.

Дін адамдарды имандылыққа жетелеп, екі дүниенің игілігін әкелетін жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге және сондай адами ұстанымды ұстануға бастайды. Бұл – діннің бір қыры. Ал екінші қыры – егер адам діни парыздарын біліммен жасамаса, онда дін адам санасын улайтын, адастырып, алжастыратын  апиынға айналады.

Пайғамбарымыздың хадистерінде біліп жасалған тағат ибадаттың білмей жасалғаннан әлдеқайда артық екені туралы айтылған. Пайғамбарымызға түскен Қасиетті Құранның ең алғашқы аяты «Оқы» деген сөзден басталуы да ислам дінінде оқуға, ілім-білімге қаншалықты зор көңіл бөлетінін айғактаса керек.

Бүгінгі өздері сияқты мұсылмандардан бастап, жазықсыз барша адамзатқа үлкен қатер төндіріп, көрсоқыр фанатиктік көзқарасты ұстанған сәлафи, уахаби сияқты теріс ағымның өкілдерінің бәрі білімсіздіктен осындай адасушылыққа ұрынған. Оларда БІЛІМ ЖОҚ. Бұл – АҚИҚАТ. Егер білім болса, ислам дінінің жазықсыз адамдарға қиянат жасауға тиым салатынын, әлем халықтары ұстанатын дәстүрлі бес дін: христиан, ислам, иудей, буддизм және индуизм діндерінің бәрі Алладан келген ақиқат екендігін, оларға құрметпен қарау қажеттігін ұғынар еді. Онда олар ешқашан басқа дін өкілдеріне «біз олардан артықпыз» деп шекеден қарамас еді және жазықсыз жандардың қанын төкпес еді.

Фанатизмнің астарында білімсіздік, надандық жатады. Мейлі, ол діни фанатизм немесе ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке негізделген фанатизм бола ма – бәрібір. Фашистер мен сәлафилердің арасында ЕШҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ЖОҚ.

Дін жолын ұстандың ба, ең алдымен білім үйрен

Қазір елімізде мешіттер қаптап салынып жатыр. Адамдар, оның ішінде жастар жыл санап көптеп дін исламға жүздерін бұруда. Бір қарағанда бұл өте жақсы өзгеріс сияқты. Десе де, білімі жоқ адамдардың дінге бет бұруы – жынды адамның қолына қару бергенмен бірдей екенін естен шығармау қажет. Ауғанстандағы, Ирактағы жағдайлар осыған толық дәлел. Бұл елдің адамдары өздері сияқты мұсылмандарды, өз ұлтының өкілдерін, отандастарын қызыл қанға тұншықтырып, қырып жатыр.

16 ғасырда Парижде бір түнде католиктер 20 мыңнан астам протестантты қырып салғаны тарихтан мәлім. «Ворфолемей түні» деген масқара атпен тарихта қалған сол түнгі  өлтіргендер де, өлгендер де христиандар және француздар болатын. Міне, білімсіздіктің, содан пайда болған фанатизм деген надандық дерттің әкелген «жемісі»  бұл.

Қазақта «көтере алмайтын шоқпарды қарыңа байлама» деген сөз бар. Егер сіз мұсылман болып, бес парызыңызды орындауға ниет еттіңіз бе, алдымен БІЛІМ ҮЙРЕНІҢІЗ. Әйтпесе, мұсылмандықты жылы жауып қойып, кәдімгі пенделермен бірге пендешілік әрекетіңізді жасап жүре беріңіз. Білім үйренбесеңіз, онда сіздің жасаған тағат ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшып қана қоймай, сауаптан құр қалдырып, күнаға батырады. Өйткені, сіз фанатизм деген дертке ұрынасыз да, мұсылман еместердің бәрін жеккөріп, оларды жау санайтын боласыз және бес уақыт намаз оқыған мен бармағанда кім барады деген астам оймен жұмақтың кілтін қалтаңызға салғандай  тозаққа бастайтын ТӘКАППАРЛЫҚ деп аталатын сезімге бой алдырасыз.

Қарапайым ақиқат мынадай: егер сіз кез-келген іспен айналыссаңыз, оның міндетті түрде нәтижесі болады. Спортпен айналыссаңыз бұлшық еттеріңіз өсіп, қимылыңыз ширайды, қуатыңыз артады. Сол сияқты ислам дінін ұстанып, мұсылмандыққа бет бұрсаңыз, онда бойыңызда ШЫНАЙЫ МҰСЫЛМАНДАРҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР пайда болады. Ол: ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ, САБЫРЛЫЛЫҚ, КЕШІРІМШІЛДІК. КІШІПЕЙІЛДІК, АДАЛДЫҚ, ЖОМАРТТЫҚ, ТАЗАЛЫҚ. Егер бес уақыт намаз оқи жүріп, ондай қасиеттер бойыңыздан көрінбесе, онда сіздің жасағандарыңыздың бәрі ЖЕЛГЕ ҰШЫП ЖАТЫР деген сөз. Өйтіп мұсылман болғанша, болмаған өзіңізге әлдеқайда пайдалы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика