Дін дегеніміз не?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ресми деректерге назар аударып қарайтын болсақ, әлем халықтарының 2,4 миллиарды христиан, 1,5 миллиарды ислам, 1 миллиардқа жуығы буддизм және 800 миллионнан астамы индуизм дінін ұстайды екен. Оған әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген жиырма миллиондай иудейді қосыңыз. Бұл – дәстүрлі діндерді ұстанушылар. Егер әлемде бүгінде 7 миллиардқа жуық адам бар десек, олардың 90 пайызға жуығы түрлі дәстүрлі дінді ұстанады.

Дін – адам мен Алланың арасындағы шарт.

Христиан дінінің қасиетті кітабы саналатын Інжіл – көне шарт, жаңа шарт деген екі бөлімнен тұрады. Шарт дегеніміз бүгінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасын реттейтін заңдық күші бар контракт екенін жұрттың бәрі біледі. Яғни, дін дегеніміз де адам мен Алланың арасындағы қатынасты реттейтін шарт тәрізді болса керек.

Ислам, христиан, буддизм, индуизм, иудейзм сияқты дәстүрлі діндердің бәрінде Жаратқан белгілеген сол дінді ұстанушылар атқаруы тиіс міндеттер мен тиымдар бар. Алла өзі тарапынан адамдарға осы дүниеде өмір сүру үшін қажетті игіліктерді береді және діни шарттарды дұрыс орындағаны үшін ол дүниеде жұмаққа енгізіп, бақи дүниенің игілігіне бөлейді.

Ал енді Жаратқанның дін арқылы белгілеген міндеттерін орындамай, тиым салынғандардан тиылмаған пенде фәни дүниеде қиындықтарға тап болады, өлгеннен кейін тозаққа түсіп және тауқымет тартады. Бұның өзі жұмыс беруші мен жұмыс істеушінің арасындағы шартты, яғни контрактіні еске салмай ма?

Жұмыс беруші жұмысшыға жалақы түрінде ақысын төлеп, жұмыспен қамтамасыз етеді, жұмыс киімі сияқты қажеттіліктерді және белгілі күндері демалыс береді. Ал жұмысшы өз кезегінде өзіне жүктелген жұмысты уақытында дұрыс атқаруға, өзіне сеніп тапсырылған жұмыс құралдарын сақтауға тиіс. Егер бұл шарт орындалмаған жағдайда, шартта көрсетілген негізде жауапкершілік арқалайды.

Дін не үшін қажет?

Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында шарт не үшін жасалады? Олардың ара қатынасын реттеу үшін. Сол сияқты Жаратқан мен адамның арасындағы шарт, яғни дін де екіжақты қатынасты реттейді. Діни шарттарды орындау арқылы адам өзіне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман әрекеттерден аулақ болып, игі істер істеуге талпынады. Жалпы, кез-келген дәстүрлі дін адамдардың бойында өзіне және айналасындағыларға пайдасын тигізетін ізгі істер жасауға, бойында ізгі қасиеттерді орнықтыруға құлшындырады.

Егер адам діни шартты ұстанбаса, ол қандай білімді, ғұлама болса да, жаман әдеттерге бой алдырып, өзіне де, қоғамға да залалын тигізетін әрекеттер жасайтын болады. Атейстік түсінікті санаға сіңірген кеңестік заманда адамдар маскүнемдікке, зинақорлыққа салынды. Арақ ішу, зина жасау еш күнә деп саналмады. Мемлекет мүлкін ұрлау жаппай етек алды.

Мұның астарында діни шартты ұстану ғана адамның бойында жақсы адами қасиеттерді орнықтыратыны жатқаннын көреміз. Ал дінсіздік түсінік керісінше адамды аздырады.

Дін өзгере ме?

Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы контракті ешқашан өзгермейтін қатып қалған ереже емес. Ол уақыт талабына байланысты үнемі жетіліп, өзгеріп отырады. Сол сияқты дін де уақыт талабына орай өзгереді.

Мәселен, христиан дінін ұстанушыларға шарап ішуге, шошқаның етін жеуге рұқсат етілген. Ал мұсылман баласы үшін арақ пен шошқаның еті харам саналады. Мұсылманға көп әйел алуға рұқсат етілсе, христиан бұлай жасай алмайды. Ал буддизм мен индуизм дінін ұстанушылар тіпті, ет жеулеріне болмайды.

Осылардан көріп отырғанымыздай, түрлі діннің талабы әр басқа. Неге? Өйткені, Жаратқан сол діннің қай аймаққа, қандай адамдардың арасына таралатынын алдын ала білді. Соған орай, шарап ішу, шошқаның етін жеу кең таралған және негізгі тағам болып саналған Батыс елдеріне тарайтын христиан дінін ұстанушыларға ол халал қылынды.

Ал Шығыс халықтарына таралған ислам дінін ұстанушылардың негізгі тағамы төрт түлік пен мал еті, сүті болғандықтан, шошқаның еті мен шарап харам етілді. Яғни, діни шартта адамдардың ұстанған дәстүрі мен тұрмыс тірлігі, мінез-құлқы ескерілген.

Адам баласы уақыт ағымына сай үнемі өзгеріп, салт-дәстүр де дамып отырады. Осыған сай, діни шарт, яғни дін де өзгереді. Дәстүрлі діндердің арасындағы өзгешеліктер осыны дәлелдейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика