Дін не үшін қажет?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Діннің шығу тарихына ой жіберіп қарасақ, ол  адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқанын аңғаруға болады. Дін жүздеген мың жыл бұрын тас ғасырында өмір сүрген жартылай тағы адамдарда да болған. Археолог ғалымдарымыз ежелгі дәуірде жерленген адамдарды жерлеу рәсімдеріне қарап, олардың қандай діни шарттарды ұстанатынын анықтайды.

Жалған пайғамбарлар.

Бүгінде адамзат негізінен бес дәстүрлі дінді, атап айтқанда: ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм діндерін ұстанады. Сонымен бірге, дәстүрлі емес діндер де жетерлік, сондай-ақ жоғарыда аталған дәстүрлі діндерден бастау алатын түрлі ағымдар да көп. Өткен ғасырда өмір сүрген «Саентология шіркеуінің» негізін салушы Рональд Хаббард «байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» депті.

Хаббард жаңа дін ойлап табу арқылы өз дәуірінде әлемдегі ең бай адамдардың біріне айналған. Бүгінде оның өсиетін ұстанып, жаңа дін ойлап табу арқылы байығысы келетіндер аз емес. Өздерін әулие, пайғамбар, тіпті құдаймыз деп жариялап жүргендер бар.

Дін дегеніміз не?

Дәстүрлі діндерге назар аударып қарайтын болсақ, оны ұстанушыларға арналған жасауға болатын және тиым салынған әрекеттер, айтуға болатын немесе айтуға болмайтын жайлар, ішіп-жеуге рұқсат етілген немесе тиым салынған тағамдар түріндегі ұстаным-ережелердің барлығын бағамдаймыз. Сонымен бірге істелуге міндетті парыздар да бар. Мұның өзін қазіргі заңнамалармен салыстыруға болатындай. Заңы жоқ мемлекет болмайды. Заң не үшін қажет?

Адамдардың әрекеті мен өмірін реттеу үшін. Сол сияқты дін де Жаратқанның заң болса керек. Онда да мемлекеттік заңдағы сияқты тиым салулар мен рұқсат етілген және істелуге міндетті әрекеттер жүйесі бар. Қандай дәстүрлі дінді алмасақ та, олардың бәрі адамдардың бойында адами жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жамандықтан жерінуге уағыздайды. Егер зер сала қарасақ, мемлекет заңдары негізінен діннен бастау алатындығын аңғаруға болады.

Егер сіз діни шарттарды қатаң ұстанатын тақуа адам болсаңыз, ешқашан өзіңіз өмір сүріп жатқан елдің заңыз бұзбайсыз. Яғни, діни шарттар мен мемлекет заңдарының үндесіп тұрғанын бағамдаймыз.

Дінді ұстану адамға не береді?

Егер сіз дәстүрлі діндердің бірін ұстанатын болсаңыз, бойыңызда адами ізгі қасиеттер орнығып, жамандықтан бой тартуға үнемі күш салып жүретін боласыз. Мәселен, ислам дінінде арақ ішуге тиым слынған. Таза мұсылман ешқашан арақ ішпейді. Ал арақтың бүгінгі таңда адамдарға қаншалықты залалын тигізіп жатқандығын күнделікті өмірде қай-қайсымыз да көріп жүрміз.

«Жақыныңды сүй» деген христиан дінінің шартын ұстанатын адам, содан жамандық көре ме? Жоқ. Туыс-бауырларын, таныс-жолдастарын жақсы көріп, құрметтеу сізді айналаңызға сүйкімді етіп қана қоймай, өміріңізді жеңілдетіп, адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсартпақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика