Дін тазалығы қалай сақталады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мына фәни дүниеде барлық жанды, жансыз заттар ескіреді, тозады, ақырсында жойылады.  Материалдық әлемнің бұл заңдылығы  дінге де қатысты. Ең жас дін – ислам дініне 1,5 мың жыл болса, христиан діні -2000, буддизм – 2,5 мың, иудей діні – 3000, индуизм діні – 5000 жылдан бері өмір сүруде. Ал осы діндердің тазалығын сақтау, бұрмалауларға жол бермеу үшін қандай шаралар жасалады?

Иога, каббала, суфизм…

Ең ежелгі дәстүрлі дін саналатын индуизм мен бастауын содан алған буддизм діндерінде иога деген дін саласы бар.  Санскрит тілінен алынған иог сөзінің мағынасы – Жаратқанмен байланыс дегенді білдіреді екен. Яғни, иога ілімі Жаратқанмен байланысты нығайтатын ғылым.

Иудей дінінде – каббала, христиан дінінде – исихазм, ислам дінінде – суфизм ілімдері иог сияқты Жаратқанмен байланысты нығайтуға қызмет етеді. Егер қарапайым ұғынықты тілмен айтар болсақ, дәстүрлі діндердегі бұл салаларды орта мектептен кейінгі университет және магистратурамен салыстыруға болады.

Адамдар үшін жалпы білім беретін орта мектепті бітіру – міндет. Сол сияқты дәстүрлі діндерді ұстанатын барлық адам сол діннің парызы болып есептелетін шарттарын ұстануы тиіс. Ислам дінінде ол шарттар – күн сайын бес уақыт намаз оқу, иман келтіру, қасиетті рамазан айында ауыз бекіту, қайыр-садақа беру және мүмкіндігі бар адамға Меккеге қажылыққа бару. Осы парыздарды әр адам орындауы тиіс.

Мектеп бітірген жастардың бәріне университетке түсіп оқу міндет емес. Ол әркімнің өз қалауымен жасалады. Бірақ та, ғылым мен өндірісті  өркендету үшін жоғары оқу орнын бітіру, содан кейін аспирантура немесе магистратурада оқып, докторлық қорғау қажет. Яғни, ғылымды дамыту керек.

Қоғамдағы осы жүйе дінде де жұмыс жасайды. Ол дәстүрлі діндердегі баршаға ортақ шарттардан бөлек, таңдаулы адамдар ғана ұстанатын шарттар. Ислам дінінде  бұл суфизм жолы арқылы көрініс тапқан. Сопы болып, пірге қол тапсыру барша мұсылманға міндет емес. Пірге қол тапсырып, сопылық жолды ұстанған адам күніне 4-6 сағат зікір айтып, бойындағы тәкаппарлықты жою үшін ерікті түрде диуана болып, ел кезіп қайыр сұрайды, басқа да шектеулерді қабылдайды. Осылайша діни практикамен айналысқан сопылық жолды ұстанушы шәкірт ұстаздың көмегімен белгілі бір уақыт өткенде белгілі бір мақамға, яғни дәрежеге қол жеткізеді.

Озаттар алдыңғы қатарда болады

Қасиетті Құранда осындай аят бар. Яғни, қиямет қайымда адамдар үш топқа бөлінеді екен. Бірінші топ – амал дәптерлері оң жағынан берілген күнәсі аз, сауабы көп жандар. Екінші топ – керісінше амал дәптерлері сол жағынан берілген тозақтық күнакарлар. Үшінші топ – озаттар, яғни сопылық жолды ұстанып, дін ілімін игергендер.

Дін ілімін игергендердің міндеті не?  Адамзат қоғамындағы ғылым мен экономиканы дамытудағы ғылымның қызметі сияқты дінде де озаттар дін ілімін бұрмалаудан сақтап, заман талабына сай дамытуға ықпалын тигізеді. Егер қандай дәстүрлі дінде озаттар болса және дұрыс жұмыс істеп тұрса, ол дінде бұрмалаушылықтарға жол берілмейді.

Буддизм мен индуизм дінінде ғана бүгінде озаттар, яғни дін ілімін ұстанушылар өз міндеттерін дұрыс атқарып жатыр екен. Үнді және буддашы иогтар дүниені тәркі қылып, иогамен айналысу арқылы неше түрлі таңғаларлық нәрселер жасайтындығы туралы ақпарат құралдарында мәліметтер көп. Керісінше, иудей, христиан, ислам дініндегі  озаттардың қызметі тоқырап, тіпті жоғалып бара жатқаны анық байқалады.

Ертеректе сопылықты ұстанып, әулиелік мақамға жеткен нешетүрлі таңғажайыптар жасайтын жандар көп кездескен. Қазір олар мүлдем дерлік жоқ. Бүгінгі сопымыз деп жүргендер ешқандай таңғажайып жасамайтындары өз алдына, түрлі теріс әрекеттерімен көрініп жүреді. Ал христиан дінінде дүниені тәркі қылып, монастрға баратын бекінді монахтық қазір жоғалып барады. Осылардан байқайтынымыз: бұл дәстүрлі діндер ақырындап өзінің алғашқы тазалығын жоғалтып, уақыт ыңғайымен бұрмалаушылықтарға ұрынуда. Бұған сол дәстүрлі діндерді ұстанушылар арасында кездесіп жататын түрлі теріс ағымдардың көбеюі анық дәлел болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика