Дін және сенім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеБүгін ютубтан өзін аура руса деп атаған біреудің дін мен сенім жайындағы бейнебаянын тыңдадым. Оның  ұстанымында көкейге қонатын біраз шындық бар секілді. Ойдан шығарылған діни ағымдарды былай қойғанда, барша адамзат ұстанатын бес дәстүрлі дін: христиан, ислам, иудей, буддизм және индуизм діндерінде сенім мен дін екі бөлек қарастырылады. Дәстүрлі діндердің уақыт өте келе бұрмаланып, бөлшектенуінің ең басты және негізгі себебі де осында сияқты.

Дін – Жаратқанның заңдары

Егер ақылмен жан-жағыңызға байыптап қарайтын болсаңыз, мына әлемнің әміршісі – заң екендігіне көзіңіз жетер еді. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы, жан-жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың тірлігі, мемлекеттердің өмір сүруі – бәрі белгілі бір заңдар арқылы жүзеге асуда. Бұл заңдардың авторы, яғни иесі кім? Алла. Ендеше, дін де Алланың адамдарға арнаған заңдары. Бұл заңның табиғат заңдарынан ерекшелігі – онда саналы адамдардың Жаратқанға құлшылық етіп, күнасынан тазарып, Алланың мәңгілік мекеніне қайта оралуына қажетті әрекеттердің жиынтығы қамтылған.

Құранда, тіпті адамдардың өміріне қатысты барлық заң негізіндегі  құбылыстар түгел қарастырылған. Мысалы, ұрлық жасаған, зина жасаған адамдарды жазалау, мүлікті мұраға қалдыру, әйел мен ердің неке байланысы және олардың құқықтары – бәрі Құранда айтылған.

Индуизм дінінде ежелгі заманнан келе жатқан адамзат қоғамына қатысты заңдар жинағы – Ману самхит деп аталатын дін заңы бар. Индустардың көбі бұл заңды осы кезге дейін сақтайды. Иудейлерге Алла Мұса пайғамбар арқылы Тәуратты беріп, онда барлық жағдайларға қажетті заңдар қамтылды.

Сенім – Аллаға жеткізер жол

Жаратқанға бастайтын жол – дін арқылы емес, ең алдымен сенім арқылы келеді. Дінді еш түсінбестен көзсіз орындап, ұстанған адам ешқашанда жүрегі имандылыққа толып, Алланы таба алмайды. Пайғамбардың хадистерінде білім арқылы жасалған аз ғибадаттың білімсіз жасалған көп ғибадаттан артық екендігі айтылады.

Діни шарттарды ұстанбай немесе дінді білмей-ақ Аллаға сенуге болады. Ал керісінше, діни шарттарды жүз пайыз ұстана жүріп, жүрегінде Жаратқанға деген сенімі болмаса, ол адам ешқашан иманды бола алмайды. Бұған айналаңызға байыппен қарасаңыз, көз жеткізер мың-миллион мысалды таба аласыз.

Бүгінде өздерін діннің керемет білгірі санайтын адамдар көбейіп кетті. Олар араб сөздерін жаттап алып, сақал қойып, сәлде тағып, өздерін ғұлама санып жұртқа уағыз айтуға құмар. Дін жолын қатаң ұстанатын және шариғат заңдарын өте жақсы білетін мұндай адамдар сенімнен аулақтап кеткендіктен, өздерінің теріс жолға түскендіктерін, қарапайым тілмен айтқанда жәй әдеп қағидаттарынан аулақтап кеткендіктерін де сезінбейді.

Сманов деген біреудің уағыздары ютуб арқылы жиі көрсетіліп жүр. Ол өте діндар және дін ілімін өте жетік біледі. Оған еш дау жоқ. Бірақ қарапайым әдептен аулақ, дөрекі сөйлейтін және бар дүниеге тек діни шарттар өлшемімен қарайтын оның ұстанымында қарапайым пенделерге жат,  қарапайым адами түсінік пен әдеп қағидаттарына, адамгершілік ұғымына қайшы нәрселер көп.

Әлгі уағызшы сақалсыз адамдар қиямет қайымда әйелдермен бірге тұрады, яғни олар да әйелдердің санатында болады дейді. Оның ұғымынша, Аллаға тек сақал арқылы ғана жақындауға болады екен. Бұның астарында: діни шарттар мен ұстанымды сенімнен биік және бөлек қоюшылық жатқаны айдан анық.

300 жыл өмір сүрген тақуаның баяны

Баяғыда бір дінге өте жүйрік тақуа адам өмір сүріпті. Ол бар дүниені тәркі етіп, таудың үңгіріне бекініп, күндіз-түні Аллаға құлшылық етіпті. Алланың құдыретімен ол тұрған үңгір қысы-жазы бірдей жылы болып, жанынан ешқашан қатпайтын бұлақ ағып тұрыпты және жыл он екі ай жеміс беретін алма ағашы  өсіпті. Ол 300 жасқа жетіп дүниеден өтеді. Содан оны Жаратқанның алдына алып келеді. Алла одан: «сенің жинаған сауаптарыңның есебін жасаған тағат ибадаттарың арқылы есептейін бе, әлде Өзімнің шапағатым арқылы еспетейін бе?» дейді. Сонда тақуа: «әлбетте, жасаған тағат ибадаттарым арқылы есебін бер» дейді.

Содан таразыға оның сауабы мен күнәсін салғанда күнәсі ауыр тартып шығады. 300 жыл өмір сүріп, өле-өлгенше тағат ибадат жасаған тақуа мынаған таң-тамаша қалады. Осының себебін сұрағанда Жаратқан: «саған 300 жыл өмірді кім берді?» дейді.

-Әрине Алла, -дейді тақуа.

-Тастай суық үңгірді жылытқан кім?

-Алла.

-Қысы-жазы өсіп жеміс беріп тұратын алманы өсірген кім?

-Алла.

-Қыста қатпайтын суы балдай бұлақты ағызған кім?

-Алла.

-Егер Мен саған осының бірін жасамасам, сен 300 жыл өмір сүріп, Маған құлшылық ете алар ма едің?

-Жоқ, -дейді тақуа.

Бұдан ұғарымыз: діни шарттардың құны Аллаға деген сенімнің қасында алтынның жанындағы тас  сияқты ғана. Ең бастысы, діни шарттар мен тағат ибадат емес, Аллаға деген сенім. Бүгінгі дәстүрлі діндердегі бөлшектенушіліктер, теріс ағымдар, дін адамдарының теріс әрекеттері – бәрі сенім мен дінді екі бөлек қараудан және діни шарттарды сенімнен жоғары қоюдан орын алған олқылықтар.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика