748 көрілім

ақиқатДәстүрлі діндердің көбінде, әсіресе ислам, христиан және иудей діндерінде оны ұстанушылар дінді ешқашан өзгермейтін, мәңгілік және бәрінен жоғары тұрған құбылыс ретінде қабылдайды. Шындығында, дін – бұл Аллаға құлшылық етудің әдістемесі іспетті. Ол әдістеме адамдардың интелектуалдық деңгейіне, салт-дәстүрі мен ұстанымдарына сай әр заманда өзгеріп отырады.

Діни шарттар не үшін орындалады?

Кез келген мұсылманнан «дін мәңгілік пе?» деп сұрасаңыз «әлбетте, солай» деп жауап береді. Осылайша, қазіргі ислам дінін ұстанушылар дінді Алладан да биік қойып, Аллаған құлшылық етудің орнына ДІНИ ШАРТТАРАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ етіп жүр. Олар үшін ең бастысы – діни парыздарды орындау. Оны КІМ ҮШІН, НЕ СЕБЕПТІ орындап жатқандарымен еш шаруалары жоқ.

Менің таныстарымның арасында намаз оқитын, ораза ұстайтын, дін жолында жүргендер аз емес. Солардың бәрі өздерін кереметтей мұсылман, тақуа адам сияқты санайды. Бірақ, бір қызығы, олардың ешқайссы да Алла жайында, бақи дүние, өмірдің мәні, пайғамбардың өсиеттері мен өмірі жайында ештеңе айтқылары келмейді. Өзің арнайы сұрағанда бірлі-жарым сөзбен ықылассыз бірдеңе айтқан болады. Ал, өздерінше ондай жайларды еш ауыздарына алмайды.

Міне, осыған қарап, әлгі адамдардың барлық тағат ибадаттарын Алла үшін емес, діни рәсімдер үшін орындап жататынын аңғару қиын емес. Олар үшін ең бастысы – ДІНИ ПАРЫЗДАРДЫ ОРЫНДАУ. Мұның өзін, жалпақ тілмен айтқанда, күнделікті істейтін шаруаларды атқарумен салыстыруға болады. Адамдардың көбі өздерінің жұмыстары туралы айтуға құмар. Сол сияқты, өздерін тақуамыз деп санайтындардың көбі Алланы емес, ауыздарына діни шарттарды алады. Ал, машаллах, иншаллах деген сияқты сөздерді өздерін аса діндар етіп көрсету үшін ғана айтып жатады.

Дін  мәңгілік емес

Егер тарихқа зер салып қарайтын болсақ, мынадай ақиқатты көреміз: иудей діні осыдан үш мың жыл бұрын, христиан діні екі мың, ал ислам діні мың жарым жыл бұрын пайда болған. Оған дейін адамдар қалай өмір сүрді? Бұл діндер енді ешқашан өзгермей, мәңгі сақтала ма?

Басы болған нәрсенің аяғы да болады. Бұл – ақиқат. Аяғы жоқ, басы бар затты көргеніңіз бар ма? Жоқ. Осы ақиқаттан мынадай жайды түюге болады: егер иудей, христиан және ислам діндері белгілі бір уақытта бастау алған екен, онда белгілі бір уақытта олардың қызметі тоқталуы тиіс. Өйткені, мына фәни жалғанда ЕШТЕҢЕ МӘҢГІЛІК ЕМЕС.

Тіпті, пайғамбарлар да ауырып, қартайып, ақырсында қайтыс болған. Бүгінгі ғылыми түсінікке зер салсақ, жердің жаратылғанына он миллиард жылдай болған. Күн 20 миллиард жыл бұрын жаратылған. Ал, аспан денелері әрбір 35-40 миллиард жылда толықтай жойылып, содан кейін үлкен жарылыстың салдарынан қайта жаратылып отырады.

Яғни, жер де, күн, ай, жұлдыздар да мәңгілік емес. Ендеше осыдан 1,5-3 мың жыл бұрын жаратылған діндер неге мәңгілік болуы тиіс? Логика, яғни қисынға салсақ, дін мәңгілік емес, ол уақыт талабына сай өзгеріп, жаңартылып, толығып отырады. Оның дәлелін тағы да тарихтан табамыз. 3 мың жыл бұрын Мұса пайғамбар арқылы иудей халқына берілген дін бұрмаланып, алғашқы тазалығын жоғалта бастаған тұста Алла Иса пайғамбар арқылы  заман талабына сай өзгертілген жаңа дінді – христиан дінін берді. Ал христиан діні бұрмаланып, өзгере бастаған кезде Мұхаммед пайғамбар арқылы ислам діні келді. Қазір ислам діні де адам танымастай өзгеріп кетті. Ендеше, жоғарыдағы дәстүрлі діндердің орнын басатын жаңа діннің келуі әбден мүмкін.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика