Діндар адам қандай болуы керек?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

шәйтанДінді ұстанып, діни шарттар мен парыздарын орындап жүретін адамды жұрт діндар немесе тақуа адам деп санайды. Ал енді сондай діндар адам, яғни діни парыздарын орындап, шариғат жолымен жүріп жүрген жанның бойынан басқа жұрт өзі ұстанатын дін талаптарына сай жақсы және жағымды қасиеттердің  болуын күтеді. Өкінішке орай, қазіргі күні дін жолын ұстанатын пенделердің бойынан жұрт күткен қасиеттер табылмайтыны өз алдына, керісінше жаман қасиеттер жария болып жататын жайлар жиі кездесетін болып барады.

Діндар адам және зинақорлық

Тақуалық пен зинақорлық от пен су сияқты бір адамның бойына сыймайтын кереғар құбылыстар. Егер сондай жаман әдет, яғни зинақорлық діндар адамның бойынан табылып жатса, оның діндар екендігі жалған болып шығады. Өйткені, діни парыздарын орындаған, жүрегіне иман ұялаған адам ешқашан шариғатқа қайшы келетін және күна саналатын теріс әрекетке бармайды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматының орталық мешітінің жанындағы қыз-келіншектерге арналған медреседе оқыған бір қыздың ұстаздар тарапынан жас қыздарға қырындау, оларды тоқалдыққа тиюге азғыру жайлары жиі орын алатыны туралы айтқаны теледидардан көрсетілді. Бұл оқиғаның қаншалықты шындыққа жанасатынын кім білсін, дегенмен діндар ұстаздар жайында осындай әңгіме таралудың өзі ұят шаруа.

Таяуда фейсбукке жиі дін жайында мақалалар жазып жүретін қажыға барған бір діндар ақсақалдың жас келіншекпен ер мен әйелдердің жақындығы жайында парақшаларында анайы түрде сөз алмасқандары, ақырсында оңаша пәтерде кездескендері жайында жазылып, жұрт арасында біраз теріс пікір айтылды. Әлгі діндар бұны ұйымдастырып отырған алдында ғана өзі қарсы мақала жазған Құрбанәлі имам мен жақтастары деп, оларды сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл шындық па, әлде «жаптым жала, жақтым күйе» дегендей, жалғандық па, қалай болғанда да діндар адамдардың атына сай келмейтін естір құлаққа ерсі теріс әрекет болды.

Өкінішке орай, осындай діндар адамдардың атына айтылып жататын жаман сөздер мен айыптаулар еліміздің әр өңірінен және жиі көрініс беріп жатады. «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген халық даналығына салсақ, мұндай жайлардың жиі айтылуының астарында ащы шындықтың жататыны анық.

Діндар адам неге нәпсіге ереді?

Егер спортпен айналысатын адам арақ ішіп, темекі шегетін болса, бұл оның атына ғана кір келтіріп қоймай, спорттағы дамуына да үлкен кедергісін келтірері анық. Осыны білетін спортты серік еткен адам ешқашан арақ пен темекіге бой ұрмайды. Сол сияқты дін жолын ұстанатын адам үшін нәпсіге берілу – спортшының арақ пен темекіге салынғаны сияқты рухани дамуына кедергі келтірмек.

Салауаттылықты ұстанбайтын спортшының нәтижеге жете алмайтыны сияқты, нәпсіге ерген діндар да ешқашан тауқалық деңгейге көтеріле алмайды. Яғни, оның жасаған барлық тағат ибадаттары желге ұшқандай еш нәтиже бермейді. Сондықтан, барлық дәстүрлі діндерде нәпсіні тыю ең басты шарттардың бірі болып саналады.

Егер сіз дін жолын ұстандыңыз екен, онда шариғатта күна деп бағаланып, тиым салынған әрекеттерден әрдайым және үнемі бас тартуыңыз шарт. Олай болмаған жағдайда, сіздің оқыған намазыңыз, ұстаған оразаңыз – БӘРІ БОС ӘУРЕШІЛІК ҚАНА. Бұлайша дін жолын ұстағанша, ДІННЕН АУЛАҚ БОЛҒАНЫҢЫЗ ДҰРЫС.

Бһагавад Гитада оттың түтінсіз жанбайтыны, айнаны шаң басатыны сияқты адам санасы әрдайым нәпсімен бүркемеленетіні айтылады. Яғни, нәпсі адам санасын тұмандандырып, оған үнемі әсерін тигізіп отырады. Тек нәпсіге қарсы күресті ешқашан есінен шығармай, дін жолын берік ұстанып, әрдайым нәпсісін қатаң бақылауда ұстайтын адам ғана ШЫН ДІНДАР бола алады. Ал, нәпсіге еретіндердің жасап жатқан әрекеттері түгел зая кетеді.

Бұдан не бағамдауға болады? Шын діндар немесе тақуа мен жалған жолға түсіп, дін жолын ұстандым деп шындығында САЙТАННЫҢ ҚҰЛЫ болып жүрген пенденің айырмасы мынадай: егер діндар нәпсісін тиып, таза жүретін болса ол нағыз ТАҚУА АДАМ. Егер дін жолын ұстана жүріп, нәпсіге берілсе, ОЛ САЙТАННЫҢ ҚҰЛЫ. Дін адамы үшін бұл екі жолдан басқа үшінші жол деген жоқ. Әрбір адам осы екі жолдың бірін таңдауы тиіс. Сауал: Сіз қай жолдасыз?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика