428 көрілім

исламҚұранда Мұса пайғамбардың Синай тауының басына шығып, Алладан аманат ретінде діни шарттарды алған уақытында  Оның інісі Һарұнға мойынсұнбаған иудейлердің бір тобы қайтадан бұзауға табына бастағандығы айтылады. Мұның бәрі иудейлерді пірғауынның құлдығынан босатып, теңізден жол ашып, тастан бұлақ шығарып, аспаннан манни сәлуа түсірген таңғажайыптарды көздерімен көріп, куәсі болан адамдардың арасында болғандығын айта кеткен жөн.  Алланың құдіретімен болған сонша ғажайыпатарды көздерімен көре жүре иудейлердің пайғамбардың көзі тая сала қайтадан пұтқа табына басатауы – адам санасындағы дінсіздік, күнәкарлықтың терең орнығып алғандығын, онан арылу үшін көп күш жұмсап, Аллаға құлшылық ету қажеттігін көрсетпей ме.

Бірінші сыныпқа барған балалардың бәрі оқуларын бір жағдайда, бір деңгейде бастайды. Оларға сабақ беретін мұғалім бір, оқулық та бір, оқыту бағдарламасы да бірдей, бірақ соның бәріне қарамастан, уақыт өте келе біреу жақсы, біреу өте жақсы, енді біреу орташа оқыса, біреулер үлігірімі нашар болып, көш соңында қалады. Неге? Мұның астарында адамның бәрі бірдей болмайтындығы, олардың қабілеті мен таным деңгейі, алғырлығы, көзқарасы, ұстанымы әртүрлі болатыны жатқаны анық. Дінді бұрмалаушылар негізінен жүректерінде Аллаға деген сенімі аз, күнакарлыққа бейім, әзәзілдің тіліне ергіш адамдар. Ондайлар әдетте, сол діннің негізін қалаған Жаратқанның өкілі саналатын пайғамбар бар кезінде теріс көзқарасын ашық айта алмай, сырттан ғана өсектеп жүрсе, кейін Алланың елшісі дүниеден өткен кезде ашық айтып, ашық қарсылық көрсете бастайды. Алғашында ондайлардың сөзіне еретіндер аз болса, кейін келе көбейіп, ақыр соңында олар өз қалауларымен дінді бұрмалап, өңін өзгертіп алады. Бұндай жағдай тарихқа көз жіберіп қарайтын болсақ христиан, иудей, ислам, буддизм және индуизм діндерінің бәрінде болғандығын бағамдаймыз.

Иса пайғамбар туабітті соқыр адамның көзін ашты, жазылмас дерт саналатын алапесті жазды, жүре алмайтын сал ауруымен ауырған адамды жүретін қылды, тіпті, өлген адамды тірілтті. Оның осындай таңғажайып қасиеттерін көзімен көріп, куәсі болып жүрген жақын шәкірттерінің бірі Иуда Исқориат ұстазын небары 30 күміс теңгеге сатып, фарисейлерге ұстап берді. Алланың елшісі екендігін көріп, куәсі болып жүрген адамның өткінші нәжіс дүние байлығы үшін сатқындыққа баруына не себеп болды? Енді осыған өзімізше жауап іздеп көрелік.

Кеңес заманында бір шаруалармен Алматыдағы ішкі істер бөліміне барған едім. Содан іздеген адамым болмай, аулада біраз уақыт күтуге тура келді. Мундир таққан, милиция формасын кигендер кіріп, шығып жатыр. Қызығы сол, дәл ішкі істер органы ғимаратының алдында шаңға аунап бір маскүнем БОМЖ жатты. Оған милиционерлердің ешқайссы да көз қырын салып қарамайды. Тағы бір қызығы, көшеде сәл ғана түзу жүрмеген жақсы киінген адам ұшырасса, милиционерлер шап беріп ұстай алатын. Неге десең, ондай адамды бопсалап ақшасын алуға болады. Ал, қалтасында көк тиыны жоқ БОМЖ-дан еш қайран жоқ. Сондықтан, шаңға аунап жатқан маскүнемге көк киімділердің ешқайссы да қарамады. Бар гәп осында еді.

Дін жолында жүрген адамдардың жағдайы да осыған ұқсас болатын сияқты. Дәстүрлі діндердің бәрінде адам баласына жау сайтан дегеннің болатыны айтылады. Құранда «аса алдаушы» атанған сайтан адамзаттың жауы, оны азғырып, дін жолынан тайдырушы деп айтылған және сайтанның тұрағы ет пен терінің арасы деп көрсетілген. Бүгінгі ғылым адамның ішінде астральдық тән деп аталатын нәзік тәннің болатындығын, әртүрлі жағдайларға байланысты адамның тәнінен шығып, астральдық тәнге өтетіндігі қазірде жекелеген адамдардың өмір тәжірибелерінен көрініп отырған шындық.

Сайтан сондай нәзік тәнмен өмір сүретін мақұлық. Олар біздің көзімізге көрінбейді, бірақ бізді көріп, тіпті біздің ойымызды да көріп, біліп отырады екен. Өйткені, ой деген де материалдық, яғни теле немесе радиотолқын сияқты. Сайтан ой арқылы адамға әсер етіп, оларды теріс жолға азғырады. Арақ ішіп, зина жасайтын күнакарларға сайтан көп жуи қомйайды. Ондайлар тозаққа баратын жолды өздері-ақ табады деп, керісінше дін жолында жүрген біреуді көрсе, оны, жүзі балағынан жармасып, әлгіні  шариғат жолынан тайдырғанша тыным таппайды. Бұны жоғарыда мысал ретінде келтірген милиция қызметкерлерінің ісімен салыстыруға болар еді. Милиционерге қалтасында ақшасы жоқ маскүнемнің көк тиындық құны жоқ, керісінше ақшасы бар аузынан сәл арақ иісі шыққан біреу кездессе жармаса кетеді. Сайтан да солай дін жолындағы адамды ақиқат жолдан тайдырғанша тыным таппайды.

Сайтанның азғыруына ермей, ақиқат жолында қалу үшін адамның Аллаға деген сенімі күшті болуы және діни шарттарын өте ұқыпты орындап, жаман нәрседен аулақ жүруі қажет. Егер сәл-пәл қисық бастың екен, онда сайтан азғырып, теріс жолға қалай түскеніңді сезбей қаласың. Иса пайғамбардың ғажайып істерін көре жүре, отыз күміс үшін оны сатып жіберген шәкірті Иуданың ісі осыған айғақ болса керек.

Бүтін дінді бөлшектеп, ақиқат дінге қайшы келетін теріс ағымдарды ойлап табатындардың бәрі сайтанның тұзағына түскендер. Өкінішке орай, ондайлар дәстүрлі бес діннің бесеуінде де бар және бұл діндердің бұрмаланып кетуіне елеулі еңбектерін сіңірген де сондайлар.

Діндегі бұрмалаушылықтардың шығуына себеп болатын тағы бір жай – білімсіздік. Мұхаммед пайғамбарға түскен Құранның алғашқы аяты «Оқы» деген сөзден басталуы және мұсылман баласына міндет етілген 40 пайрыздың бірі – ілім-білім үйрену екендігі тектен тек болмаса керек. Дін ілімін халыққа таратып, дамытып, өркендететін – әулие-ғұламалар дәстүрлі діндердің бәрінде бар. Дін ілімі – сол діннің тазалығын, шынайылығын сақтауға, бұрмалаушылықтан қорғауға игі ықпалын тигізіп отырған. Христиандарда ол – исахизм, иудейлерде – каббала, мұсылмандарда – суфизм, буддашыларда – медитация, индустарда – иога түрінде көрініс берген. Дін ілімімен айналысқан адамдар дүниені тәркі қылып, құдай жолына түсіп, өздерінің рухани қуаттарын молайтып, ілімнің биік сатыларына көтерілген.

Мұсылмандардан шыққан сопы әулиелер аз емес. Қазақтарға жақсы таныс Қожа Ахмед Яссауи, өзбек елінде өмір кешкен Бахауддин Накшбанди, сопы Аллаяр сияқты әулиелердің кереметтері жайында аңыз әңгімелер ел арасында көп сақталған. Өкінішке орай, дін ілімін өркендетіп, дамытатын және халыққа тарататын  мұндай ілім жолдары уақыт өте келе ақырындап жабылып, шынайы ұстаздардың жоғалуымен жалған ұстазсымақтар шығып, дін ілімінің өзін бұрмалады. Қазіргі күні дәстүрлі діндердің бәрінде дерлік дін ілімін ұстанып, сақтап келе жатқан діни мектептер жоқтың қасы. Рас, бірлі-жарым мектептер әлі де сақталған, дегенмен ондайлар халық көзінен тыс, оқшау өмір сүреді. Ал, жалпақ жұртқа жария етіп, біз сопылармыз немесе каббала жолын ұстанамыз, медитацтямен, иогамен анйалысамыз деп жүргендердің бәрі жалған ілімді насихаттаушылар.

Діні ілімі осылайша тоқырауға ұшырауына байланысты, шынайы дінді халыққа танытып, діни шарттардың мәнін түсіндіретін, тағат ибадаттарды қалай дұрыс жасауға болатынын үйрететін ұстаздар қалмады. Осыны пайдаланған дін ілімінен бейхабар дүмшелер шынайы дінді ластандырып, бұрмалап, оны халыққа жеккөрінішті етуде.  Тағат ибадатты қалай дұрыс жасауға болатынын білмеген адамдардың жасаған амалдарының бәрі желге ұшып, күналарынан тазарудың орнына керісінше күнаға батып, құрдымға құлауда. Бүгінде дін атын жамылып жасалып жатқан теріс әрекеттердің көбеюі осының айғағы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика