Дінді ұстану қажет пе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында шала сауатты қарт адамдар болмаса, жастардың ешқайссы намаз оқымайтын. Сол тұста Алматыда автовокзалдың жанында шағын мұсылман мешіті болды. Қаладағы жалғыз мешіт сол болатын. Бірде жәй қызық көріп, мешітке кіре қалдым. Күзетші ме, әлде мешіт молдасы ма, бір адамнан басқа тірі жан жоқ екен. Ол мешітке адамдардың кіріп-шығып  жатқанын да байқаған емеспін.

Қазір үлкен қалаларды қойып, шағын ауылдарда да күмбезді мешіттер көп. Әсіресе, жұма күндері мешітке адамдар сыймай кетеді. Құрбан айты елімізде ресми мерекелердің бірі болып, осы күні адамдар демалатын болды. Қажыға барып жатқандар жыл санап көбеюде. Намаз оқитындардың қатарында, тіпті мектеп жасындағы балалар да аз емес. Осылардың бәріне қарап, халық жаппай

имандылыққа жүзін бұрып жатыр екен-ау деп ойлауға болар еді. Бұл жақсы ма, жаман ба?

Дін екі жүзді қанжар секілді

Діннің адамға берер жақсы жағымды жақтарымен қоса, теріс нәтижесі, залалы да баршылық. Ол – екі жүзді қанжар сияқты. Бәрі дінді қандай жағдайда, қалай пайдалануға байланысты. Дәрігердің қолындағы пышақ дерті бар адамды ауруынан айықтырар құрал болса, қанышердің қолындағы пышақ, айналасындағы бейбіт жандарға қатер болмақ.

Дәстүрлі діндердің бәрінің мақсаты – оны ұстанған адамдардың бойындағы имани, жақсы қасиеттерді дамытып, жаман әдеттерден арылту. Бұл кез-келген діннің ең БАСТЫ және МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ. Дінді ұстану үшін ең алдымен, осы жайды жүрекпен сезініп, түйсініп алу қажет.

Егер сіз дүкеннен бір құрал сатып алсаңыз, алдымен оны қалай пайдалану қажеттігі жайында жазылған нұсқаулықты қарап, оқып шығасыз. Содан кейін сол нұсқаулықта жазылғандарды басшылыққа алып, құралды кәдеңізге жаратасыз. Ал нұсқаулықты оқымасаңыз, құралды қалай пайдалану қажеттігін білмей, өзіңізше долбарлап, былай пайдалануға болар деп немесе біреудің айтқанымен пайдалансаңыз, теріс нәтижеге жетуіңіз мүмкін.

Білім жарық нұр сияқты, ал білімсіздік, керісінше қараңғы түнек тәрізді. Жарықта адам жан-жағын бағамдап, қайда, қалай жүру керектігін жақсы біледі. Ал көрдей қараңғыда пенде қалай қарай жүру керектігін білмей, басын тасқа, не басқаға соғып, әйтпесе шұқырға құлауы мүмкін. Яғни, қараңғыда адамға қатер көп. Сол сияқты дінді ұстану үшін де ең алдымен БІЛІМ ҚАЖЕТ.

Білім болғанда, кәдімгі дүниәуи білім емес, дін білімін меңгеру керек. Ең алдымен, өзіңіз ұстанған діннің ереже-шарттарын жан-жақты біліп, оны қалай пайдалануға болатынын терең түсініп алған жөн. Яғни, құралды пайдаланар алдындағы  нұсқаулықты оқып, түсініп алған сияқты.

Ислам діні адамға не береді?

Ислам дінін ұстану арқылы адам не табуы мүмкін? Ең алдымен, жүрегіне имандылық ұялап, Аллаға деген сенімі артады, күнасынан тазарып, бойында жақсы имани қасиеттер орнығады, жаман әдеттерден арыла бастайды. Яғни, ислам дінін ұстанған адамның мінез-құлқы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы өзгере бастайды. Өзгергенде жақсы жағына қарай.

Ислам дінін таза ұстанып, діни шарттарды түсініп және дұрыс орындағанда адамның бойында қайрымдылық, кешірімшілдік, кішіпейілдік, жомарттық, байыптылық, салмақтылық, нәпсіге берілмеушілік сияқты жақсы жағымды қасиеттер анық көріне бастайды. Ондай адамның айналасындағылармен қарым-қатынасы да бірден өзгереді. Ол жылы сөйлейді, ешкімге дауыс көтеріп ұрыспайды, байыпты, кешірімді, кішіпейіл болғандықтан, айналасындағылармен әрдайым жылы қатынаста болады. Ондай адам нәпсіге еріп, көп әйел алсам, жас қыздарға үйленсем деп ардан аттамайды.

Таза мұсылмандардың бойында мынадай қасиеттер барлық уақытта және тұрақты түрде орнығып, әрдайым байқалып тұрады: ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ, КІШІПЕЙІЛДІК, КЕШІРІМДІ БОЛУ, ТАЗАЛЫҚ, ШЫНШЫЛДЫҚ, ҚАНҒАТШЫЛЫҚ, НӘПСІГЕ БОЙ АЛДЫРМАУ, САБЫРЛЫЛЫҚ, ТӨЗІМДІЛІК, ЖОМАРТТТЫҚ, СЫПАЙЫЛЫҚ, ДІНДАРЛЫҚ, ТӘУБЕШІЛДІК.

Егер сіздің бойыңызда осындай қасиеттер орнықпаса және әрдайым сырт көзге байқалып тұрмаса, онда он, жиырма жылдан бері намаз оқып жүргеніңіз, жыл сайын ораза ұстап, қажыға 10, 20 рет барғаныңыздың КӨК ТИЫНДЫҚ ҚҰНЫ ЖОҚ. Яғни, сіздің жасап жатқан ғибадаттарыңыздың бәрі әжетхананың құбырына құйылып жатыр деген сөз. Осындай ғибадат сізге қажет пе?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика