91 көрілім

Соңғы кездерде көбейіп кеткен дін атын жамылып, түрлі қылмыстық әрекеттер жасайтындардың әрекеттеріне талдау жасап, ақыл таразысына салып қарайтын болсаң, бұның бәрінің астарында кәдімгі пендешілік жаман қасиеттердің жатқанын бағамдауға болады. Мейлі, бұл әрекетті олар дін атын жамылып, қаншалықты биік ұрандармен жасасын, бәрібір пендешілік әлжуаз жаман қасиеттері көзге шыққан сүйелдей анық көрініп тұрады.

Руслан Күлекбаев – ислам діні үшін басын тәуекелге байлаған батыр ма?

Бұрын екі рет сотталған, түрмеде экстремистік пиғылдағы адамдардың уағызын санасына сіңіріп шыққан Күлекбаев тапа-тал түсте көшеде бірнеше жазықсыз жанның өмірі қиды. Ол туралы кезінде БАҚ айтып, жазды. Сондықтан, оқиғаға тоқталып жатпаймыз. Біз үшін қажеттісі – ол бұндай әрекетке неге барды деген сауалдың жауабын табу.

Сот Күлекбаевтың қылмысының аса ауырылғын ескеріп ату жазасына кесті. Бірақ еліміз бұндай жазаға мараторий жариялағандықтан, ату жазасы өмір бойы түрмеде отырумен ауыстырылған. Соттың үкімін миығынан күліп тұрып тыңдаған, өзін қарапайым пенделерден әлдеқайда биік тұрған асқақ тұлға сияқты сезінген қылмыскердің бетбейнесін мына жай аша түседі.

Түрмеде ол екі рет өзін өзі өлтіруге әрекет жасапты. Бұл туралы БАҚ айтып, жазды. Ислам діні үшін күрескен, дінсіздерді өлтіріп, жұмаққа баруды көксеген адам ислам дінінің өзін өзі өлтіру тозаққа түсіретін ауыр күнә деген түсінігін қаперіне алмағаны ма? Сондай-ақ, ол туралы түрмеде намаз оқымайды, діни шарттарының ешқайссын орындамайды деген ақпарат таратылды.

Күлекбаевтың әрекеттеріне байыптай қараған әр адам, оның бұндай қылмысқа дін үшін бармағанын анық ұғынады. Дін үшін сондай әрекет жасаған адам ең алдымен діни парыздарын қай жерде, қандай жағдайда да орындауы тиіс. Осындай ауыр қылмысқа бару үшін ол ислам дінінің ұстанымдарын жетік білуі қажет болатын. Яғни, оның дінге деген сенімі жоғары болуы тиіс-тін. Ал, оның түрмеде отырып өзін өзі өлтіруге әрекеттенуі, діни парыздарын орындамауы – жүрегіндегі Аллаға деген сенімінің қандай дәрежеде екенін анық көрсетеді.

Адамдар неге өз атынан әрекет жасамайды

Желілі маркетинг туралы қазақ тілді басылымдарда көп теріс ақпараттар беріліп жүр. Бұның себебі – МЛМ компанияларға тіркеліп, тауарларын сатып алып, бірақ жұмысын жүргізе алмағандықтан, сәтсіздікке ұшыраған жандардың өкпе-реніштерінен туындағын жай деуге болады.

Өз басым желілі маркетингпен айналысатындардың өз тауарларын өткізу үшін белгілі тұлғаларды, әнші жұлдыздарды алға тартып, солар осы тауарды пайдаланып жатыр дегендерін талай оқыдым. Бұндай әрекетке олар әлгі танымал адамның атын пайдаланып, ойындағысын орындау үшін баратыны анық.

Жоғарыда әңгімемізге арқау болған Күлекбаев кәдімгі қылмыскер, оның дін-исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қылмыс жасап, түрмеге түсіп, өмірде сәтсіздікке ұшырады. Сол үшін оның жүрегінде адамдарға, әсіресе өмірде нәтижеге жеткен жандарға деген қызғаныш, өзінің осындай болуына итермеледі деген себеппен қоғамға, мемлекетке деген өкпе-реніш әбден жиналған. Осы қарапайым пендешілік ой-ниеттерін енді ол дін атын жамылып, бүркемелеп жасау арқылы, жұртшылықтың назарын аударуды ойлаған. Оның ойынша, атақ-даңқын шығару, осындай мықты дін үшін жанын қиятын жихадшының қадіріне жетпеген қоғам, мемлекет өкініштен өзектері өртенуі тиіс-тін. Бірақ бәрі басқаша болып шықты.

Жалпы, өз әрекетін өзгенің атымен бүркемелеп жасау арқылы адам әлгі атын жамылған тұлғаны да, дінді немесе басқа ұйымдарды, қоғамды да қаралап, атақ-беделіне нұқсан келтіріп жатады. Бұндай әрекетке баратындардың бәрі – өз аттарынан бірдеңе жасауға қабілетсіз, жауапкершілікті мойындарына ала алмайтын ӘЛЖУАЗ ПЕНДЕЛЕР.

Бүгінде дін атын жамылып, жазықсыз жандарға қарсы қару көтеріп жүрген экстермит дегендердің бәрі ӘЛЖУАЗ ПЕНДЕЛЕР. Олар осы пендешілік әлсіздіктерін бүркемелеп, дін атын немесе басқа нәрсені жамылып жасайды. Өйткені, олар жауапкершілікті мойындарына алуға қабілетсіз, табандарының бүрі жоқ, әлжуаз, әлсіз жандар. Мықты адамдар айқайлап, ұрандатпай, үндемей жүріп-ақ өзінің мықтылығын барша әлемге дәлелдейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика