Діни парызды орындау адамға не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінДәстүрлі діндердің бәрінде адамдардың жасауы тиіс діни парыздары бар. Аты айтып тұрғандай парызды орындау міндет. Сол міндеттерді орындау адамға не береді және діни парыздарымызды қалай орындап жүргендігімізді қайтіп біле аламыз? Өкінішке орай, адамдардың көбі діни парыз дегеннің не екендігінен және оны орындау адамға не беретінінен бейхабар.

Біліммен жасалған іс пен білімсіз жасалған істің айырмасы қандай?

Қандай істе де өз ісін жақсы білетін тәжірибелі маманның атқарған жұмысы мен тәжірибесіз адамның істеген шаруасының арасында ат пен түйедей айырма болады. Басқаны былай қойғанда, тіпті тамақ пісіргенде де кәсіби аспаздың пісірген асы мен жәй адамның дайындаған тамағының арасында үлкен айырма болатыны белгілі.

Білікті маман өз шаруасын жақсы біледі, яғни онда білім бар. Ал тәжірибесіз маманда білім жоқ. Сондықтан ол жасаған шаруаның нәтижесі сапасыз болмақ. Сол сияқты діни парыздар мен шарттарды білімсіз, жәй жұрттың бәрі осылай жасап жатыр, мен де солай жасайын деп атқарған адам мен оның мән-мағынасын түсініп, қандай нәтижеге жеткізерін алдын ала біле отырып жасаған адамның ісінің үлкен айырмасы болады.

Білімдінің жүзі жарық

Біліммен атқарылған тағат ибадат білімсіз жасалған ибадаттан мың есе артық дейді пайғамбарымыздың хадистерінде. Мұсылманның қырық парызының бірі – ілім-білім үйрену. Бүгінде жасыратыны жоқ, бес уақыт намазын оқып, ораза ұстап, тіпті хажға барған өзін мұсылманмын дейтіндердің көбі тағат ибадатты не үшін жасайтындығын, оның қандай нәтижеге жеткізетінін білмейді.
Бұлай деп үзілді-кесілді баға беруімізді дәлелдейтін жайлар аз емес. Оған көзімізді жеткізу үшін мынаған назар аударып көрелік. Кез-келген істің нәтижесі болады. Мысалы, сіз көктемде көкөніс ексеңіз, күзде оның жемісін жинап аласыз. Мал басқаңыз, ол төлдеп көебйеді және өнім береді. Жұмыс істесеңіз, сол үшін жалақы аласыз.

Ал бес уақыт намазын оқып, ораза ұстап жүргендердің атқарған істерінің, яғни жасаған тағат ибадаттарының нәтижесі қандай? Өздерін мұсылманбыз деп бес парызды орындап жүрміз дейтіндердің көбінің бұған айтар уәжі: алған сауабымыз ертең қияметте алдымыздан шығады деген сияқты бұлыңғыр бұлдыр жәйдан аспайды. Яғни, жасаған тағат ибадаттарының қазір көзге көрініп тұрған нәтижесі, жемісі жоқ.

Діни парыздың нәтижесі – жақсы мінезден көрінеді

Діни парызын шын ықыласымен дұрыс орындаған адамның мінезі өзгеріп, бойында қанағатшылық, сабырлылық, жомарттық, кішіпейілдік, кешірімшілдік, сыпайылық сияқты жақсы мінездер қалыптаспақ. Ал парыздарын жұртқа мақтаныш ету үшін немесе жұрттан қалмайын деген ниетпен ықылассыз орындаған пенделердің мінез-құлқында жоғарыда аталғандай жақсы мінез көрінбейді, керісінше сараңдық, ашкөздік, мақтаншақтық, тәкаппарлық, ашушаңдық, дөрекілік сияқты жаман мінездер көзге ұрып көрініп тұрады.
Егер сіз бес парызыңызды он, жиырма жыл бойы үзбей орындап жүрсеңіз, бірақ бойыңызда жақсы мінез байқалмаса, керісінше жаман мінездеріңіз көп болса, онда сіздің парыздарыңыздың бәрі желге ұшып жатыр деген сөз. Ондай парызды орындаудан сізге екі дүниеде де игілік болмайды.
Тест: егер сіз намаз оқып, ораза ұстайтын болсаңыз, өзіңізді таза мұсылманмын деп санасаңыз, онда бойыңыздағы жақсы-жаман мінездеріңізді саралап көріңіз. Айнадан қарағандай өзіңізге өзге кісінің көзімен қарап байқаңыз. Бойыңызда жақсы мінездер байқалса, онда парыздарыңызды дұрыс орындап жүрмін деп санауыңызға болады. Ал жаман мінездер көп болса, онда діни парыздарыңызды дұрыс орындауға көңіл бөлгеніңіз жөн.
Мынаны есте тұтыңыз: Алла сіздің намазыңызға да, оразаңызға, қайыр-садақаңызға немесе хажға баруыңызға да еш мұқтаж емес. Керісінше, Алланың құлы ретінде өзіміздің жасаған құлшылыымыздың Жаратқан тарапынан қабыл болуына біз мұқтажбыз. Әрдайым тағат ибадатты Алланың разылығы үшін жасап, іштей Алладан жасаған амалдарыңыздың қабыл болуын жалбарына тілеп жүріңіз. Әйтпеген жағдайда, жасаған тағат ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшып, босқа арамтер боласыз және екі дүниенің игілігінен құралақан қаласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика