Діни түсінік адамға не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

исламКеңес заманында дін жолын ұстану қараңғы, надан кемпір-шалдардың ісі деген түсінік қалыптасқан болатын. Атеистік түсінікке негізделген мектептен басталатын оқу бағдарламаларында адам маймылдан жаралған, Құдай да, дін де адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігінен туған қияли ұғым деген тұжырым санамызға сіңірілді.

Бүгінде жастардың арасында дін жолын ұстанатындар көп. Бірақ екінің бірі «дін жолын неге ұстанамын, ол маған не береді» деген мәселеге ой жүгіртпейді. Әйтеуір жұрттан қалмай ораза ұстап, тіпті бес уақыт намаз да оқып жататындар бар.

Сана білім нұрымен сәулеленгенде ғана дін жолы адамға игілік әкеледі.

Қасиетті Құранның Пайғамбарымызға түскен ең алғашқы аятының «оқы» деген сөзден басталуы тектен тек болмаса керек. Мұсылманның қырық парызының бірі – ілім-білім үйрену. Діни парыздарды ұстанатын адам ең алдымен соны не үшін ұстанатындығын, ол не беретіндігін жақсы білуі тиіс. Әйтпеген күнде, жұрттан қалмау үшін жәй жасанды түрде жасалған діни шарт екі дүниеде де ешқандай игілік әкелмейді.

«Мен жын мен адамзатты өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дейді қасиетті Құранда. Жаратқанның айтқан бұл сөзінің астарында адам өмірінің мәні – Аллаға құлшылық ету екені айқындалады. Осыған орай, жүрегін білім нұрымен сәулелендірген әрбір мұсылман баласы діни парыздарын орындау өзінің Жаратқанның алдындағы міндеті екендігін жақсы білмек.

Мәселен, әрбір азаматтың елін қорғау Отан алдындағы парызы. Егер бұл парызын орындамайтын болса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартуға ұшыратады. Сол сияқты Аллаға құлшылық ету біздің парызымыз, ал оны орындамау күнә болып табылады және сол үшін Жаратқанның сотына тартылып, жауап беруге тиіс боламыз.

Діни шартты дұрыс орындау рухани өсуге ықпал етеді.

Діни парыздарын орындап жүрген адам оны дұрыс жасап жүр ме, әлде қате атқарып жатыр ма – оны қалай білмек? Ең алдымен, шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын орындайтын адамның бойында қайрымдылық, қарапайымдылық, жомарттық, кішіпейілділік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттер орнығып, керісінше, ашушаңдық, қызғаншақтық, сараңдық, мақтаншақтық, тәкаппарлық сияқты жаман қасиеттер кеми бермек.

Егер бес парызын орындайтын, өзін мұсылманмын деген адамның бойында осындай оң өзгерістер байқалмаса, оның жасаған тағат ибадаттарының бәрі құмға құйған судай жоғалып жатыр деген сөз.
Діни парызды қалай дұрыс орындауға болады?

Бес уақыт намазын оқып, ораза ұстап, жұма сайын мешітке барып әруақтарға деп қайыр-садақа беріп бата оқытып тұратын адамның бойында жоғарыда айтылғандай жақсы қасиеттер байқалмай, керісінше сараңдық, іштарлық, тәкаппарлық, ызақорлық сияқты жаман қасиеттер болса, оның жасағандарының бәрі зая кетуде деп білу қажет.

Өйткені, дұрыс жасалған тағат ибадат адамның мінез-құлқын міндетті түрде өзгертеді. Сонда бес парызын атқарып жүрген адамның бойында неге жақсы қасиеттер орнықпайды, оның себебі неде?
Құранда Жаратқан мұңсыз және ештеңге мұқтаждығы жоқ екендігі айтылады. Яғни, Алла біздің тағат ибадатымызға еш мұқтаж емес. Осыны білетін пенде тағат ибадат жасағанда Жаратқаннан өзінің жасаған діни шарттарын олқылықтары болса кешіп қабыл алуын жалына сұрап дұға жасаса және ибадаттарын Алланың разылығы үшін алғаусыз пейілмен жасаса, ол қабыл болмақ.

Мұндай жағдайда адамның бойында жоғарыда айтылғандай жақсы қасиеттер дамып, жаман қасиеттер азая түсетін болады. Осындай ақиқатты жақсы білетін, санасы білім нұрымен сәулеленген адамның жасаған тағат ибадаттары екі дүниеде де игілік әкеліп, діни парыздарын орындау арқылы жақсылыққа жетпек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика