Діннің пайдасы мен залалы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

102Назар аударып қарасаңыз, өзіміз өмір сүріп жатқан мына фәни жалғанның қарама-қарсы екі жұптан тұратынын бағамдаймыз. Жақсылық-жамандық, қуаныш-қайғы, қыс-жаз, әділдік-әділетсіздік сияқтанып барлық құбылыстар жұптасқан. Сол сияқты, әрнәрсенің жақсы және жаман жақтары болады.

Діннің екі жағы

Қылмыскердің қолындағы пышақ айналасындағыларға қатер төндіретін суық қару болса, дәрігердің қолындағы дәл сондай пышақ адам өмірін құтқаратын медициналық құрал болып табылады. Сол сияқты, дін де адал ниетті тақуа адам үшін жүрегіне имандылық ұялатып, айналасындағыларға жақсылық жасататын, екі дүниенің де игілігіне кенелтер құдыретті күш болса, күнәкар  үшін жүрегін қатайтып, көзін надандық шелімен қаптап көрсоқыр ететін, айналасындағыларға да, өзіне де үлкен залалын тигізіп, екі дүниенің қарғысына ұшыратар теріс қадам болып саналады.

Қылмыскердің қолына қару түссе өзіне де, айналасындағыларға да қатер төндіріп, жамандық әкелмек. Егер жүрегінің дерті бар күнакар пенде дінге мойын бұрса, бұл оның өзіне де, айналасынадғыларға да тек жамандық әкелмек. Бұған мысалды өмірден мыңдап, миллиондап келтіруге болады.

Осыдан мынадай түйін жасауға болады: Қылмыскердің қолында қаруы болмаса айналасындағыларға қауіп төндіре алмайтыны сияқты, күнакар, надан адам дінге жүзін бұрмай, пендешілік ісін жасап жүре берсе, өзіне де, өзгелерге де оншалықты қауіп төндірмейді. Ал, надан адам дінге жүзін бұрса болғаны, сайтанның соңына еріп, фанатизм, экстремизм деп аталатын дертпен ауырып шыға келмек. Ал оның ақыры өзіне де, өзгелерге де үлкен залалын тигізетіні анық.

Өлім жазасын Күлекбаев неге қуанышпен қарсы алды?

Алматыда жазықсыз он адамның қанын төккен сәлафит Күлекбаевты сот өлім жазасына кесті. Бұған жәбір көргендердің жақындары «дұрыс, әділ жаза» десіп қуанысып жатыр. Өлім жазасына кесілген Күлекбаев заң беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып, он бес күннің ішінде жазаға келіспейтіндігін айтып жоғары қатарға шағымдануы тиіс. Бірақ ол шағымданудан бас тартты.

Бұл жай нені көрсетеді? Он адамды діни көзқараста өлтіріп, осы әрекеті арқылы жер шарын күнакарлардан аз да болса тазартуға үлесімді қостым, осы әрекетім үшін жұмақтан ойып орын аламын деген сайтани сенімді санасына терең сіңірген Күлекбаев және сол сияқтылар үшін ажал жұмаққа кіргізетін есік болып саналады. Сондықтан, ондайлар өлімнен қорықпақ түгілі, оны қуана қарсы аулға әзір.

Ал енді осы арада қисынға жүгініп көрелік. Алла кешірімді, қайрымды ғана емес, сондай-ақ ең әділ де. Ал әділдік жолы мынадай: ешбір адам өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамды ӨЛТІРУГЕ ҚҰҚЫ ЖОҚ. Адам өлтіру адами түсінікте қатыгездік, заң түсінігінде – қылмыс, діни түсінікте – күнә. Қайссы болса да адам өлтіруді ақтамайды. Енді осындай адами, құқықтық және шариғат түсінігінде жаман саналған әрекетті Алла жақсы деп бағалап, сондай әрекет жасаған адамды марапаттай ма? ЖОҚ. ЕШҚАШАНДА.

Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан он адамның қайсысы ислам дініне қатер төндіріпті?  Қайсысы мұсылманға жәбір көрсетіпті? Қайсысы ислам дінін ұстанушыларды қуғындапты? Олардың бәрі дінмен онша шаруасы жоқ қарапайым адамдар болған. Ал сондай жандардың қанын төккен Күлекбаев ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ МА? ЖОҚ.

Ендеше бұдан мынадай тұжырым шығады: Күлекбаев және сол сияқты сәлафи, уахаби деген ағымдарды ҰСТАНУШЫЛАРДЫҢ БӘРІ – АДАСҚАН НАДАНДАР. Оларға Алланың, Пайғамбардың, барша мұсылмандардың ҚАРҒЫСЫ БАР. Олар Алланың емес САЙТАННЫҢ ҚҰЛДАРЫ.

Түйін: «Көтере алмайтын шоқпарды қарыңа ілме» деген халық даналығы бар. Егер сізде білім, Аллаға деген шын ниет пен сенім болмаса, онда әлдекімдерге еліктеп намаз оқып, ораза ұстап, мұсылман болудың ЕШ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Бұл сізге имандылық емес, ИМАНСЫЗДЫҚ, жақсылық емес, ЖАМАНДЫҚ, білім емес, НАДАНДЫҚ әкеледі. Сөйтіп сіз екі дүниенің де игілігінен құр қаласыз. Сондықтан, иманыңыз берік, біліміңіз мығым болмаса, шариғаттан да, құлшылықтан да, жалпы мұсылмандықтан да аулақ жүргеніңіз мақұл. Жүрегі таза атеистің Алланың шапағатына бөлену мүмкіндігі жүрегі қатып қалған әсіредіндардан миллион есе артық болады. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика