Достарыңды көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ертеде бір данышпан ғұламаға келген кісі баласын ертіп әкеліп, оның қазіргісі мен болашағы туралы айтып беруін өтініпті. Сонда ғұлама әлгі кісіге: «маған ұлыңның достарын ертіп әкел, сонда оның кім екенін және болашақта кім болатынын айтамын» деген екен дейді. Яғни,  адамның кім екенін тану үшін кіммен араласатынына назар аударсаңыз, жеткілікті.

Адамды қоршаған орта қалыптастырады

Қоршаған ортаның адамға ықпалының өте зор болатынын ешкім де теріске шығара алмайды. Біздің балалық, жастық шағымыз өткен кеңес заманында құдайсыздық түсінік үстем болды. Жастар арасында арақ ішпейтін, темекі тартпайтын адам өте сирек болатын. «Байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес» деген түсінік үстемдік алды.

Ал қазіргі қоғам кеңес заманынан мүлдем өзгеше. Соған орай, адамдардың ұстанымы мен көзқарастары да түбегейлі өзгерді. Ақша билеген қазіргі қоғамда ең басты мақсат – байлық болса, кедейшілік ұят қана емес, нағыз қорлық саналады. Ал үлкендерді қойып, жастар, тіпті мектеп жасындағы балалар да мешіттерге барып, намаз оқитын болды.

Адамдардың санасына, ұстанымына, көзқарасына қоршаған орта тікелей ықпал етеді. Осыған орай, әр адам кіммен араласып, кіммен дос болу қажеттігіне назар аударуы қажет. Жақсы болып, дұрыс өмір кешкің келсе, жақсылармен жолдас бол. Ал адамның жақсы-жамандығы етене араласқан кезде анық көрініп тұрады.

Далай лама неге діннен без деді

Жұртшылық алдына жиі шығып, адамгершілік, имандылық жайында әңгімелер айтып жүретін, әлемге танымал тұлға  саналатын Далай лама көпшілікпен өткен бір кездесуінде барлық дәстүрлі діндердің өз миссияларын орындап біткендігін, ендігі арада ол діндерді ұстану ешкімге, ешқандай игілік әкелмейтіндігін, сондықтан дінді тастап, ғылымға, адами ізгі қасиеттерге жүзді бұрып, азаматтық зайырлы қоғам құру қажет деген пікірін айтты.

Данышпан ғұлама Далай лама неге бұлай деді? Оған көңіл аударған адамдар бола қойған жоқ. Ол айтқан тамаша насихаттардың тыңдаушыларының бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетіп жататынындай, бұл насихаты да далаға атылған оқтай босқа кетті. Енді Далай ламаның осы сөзінің мәніне өзімізше назар аударып көрелік.

Мұса пайғамбар негізін қалаған иудей дінін ұстанушылар осыдан екі мың жылдай бұрын  діндерін бұрмалағандары соншалық, Иса пайғамбардың тарапынан өте қатты сынға ұшыраған еді. Осыған орай, кеуделеріне Иса пайғамбарға деген дұшпандық ұялаған фарисейлер, яғни дін қызметкерлері оған жала жауып, Рим империясының жергілікті басшысына шағынып, айқыш ағашына қағып өлтіртуге үкім шығартты.

Иса пайғамбар негізін қалаған христиан діні алғашында адамдарды ізгілікке бастайтын имани дін болса, кейін келе ол да бұрмаланып, адамзатқа зор қайғы-қасірет әкелетін идеологиялық құралға айналды. Орта ғасырлық христиан дінінің қызметшілері инквизиция деген сот құрып, мыңдаған, тіпті миллиондаған адамды діннен безген деген желеумен соттап, өртеді, дарға асты. 15-ші ғасырда Францияда католиктер мен гугеноттардың қақтығысы кезінде бір түнде 30 мыңнан астам гугенот өлтірілді. Бұл тарихта «Ворфолемей түні» деген атпен қара әріппен жазылып қалды.

Ал Мұхаммед пайғамбар негізін салған ислам діні де алғашқы кезде адамзат баласы үшін прогресске жетелеген қозғаушы күш болса, кейін келе бұрмаланып, қантөгіс соғыстарға, жазықсыз жандардың өмірін қиятын лаңкестіктерге түрткі болды. Осылардан байқап отырғанымыздай, Далай ламаның айтқан сөзінің астарында ащы шындық жатқаны байқалады. Қазір шындығында дәстүрлі діндердің бәрі де бұрмаланып, адамдарды ізгілікке бастайтын идеологиялық құрал емес, керісінше адамзатқа қасірет әкелетін саяси құралға айналып кеткендей.

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Жоғарыда айтқанымыздай, адамның өмірде жақсы-жаман болмағы араласатын адамдарына байланысты. Сондықтан, жақсы болсам, екі дүниенің игілігін әкелетін жақсы істер жасасам дейтін болсаңыз, ізгі ниетті дұрыс адамдармен араласуыңыз қажет болады.

Мен тұратын Көкшетау қаласында қысқа шалбар киіп, сақал қойған ер адамдар, оның ішінде жастар көп. Олардың бәрі мешітке барғыш және өздерін нағыз мұсылманбыз деп санайды. Бүгінде жұртшылық тарапынан «сәлафиттер» деп аталып, қатерлі ағым санатында жүрген бұл бағытты ұстанатындармен араласқан әрбір жан көп ұзамай санасы уланып, солардың қатарына енгенін сезбей қалады. Ондайларды сөзбен ақылға келтіру мүмкін болмай қалады.

Бір ғұламаның айтқан «саясат деген жексұрын адамның паналайтын ең соңғы баспанасы» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін оқиғалар қазір аз емес. Қазір елімізде болып жатқан саяси жағдайларға назар аударып қарасаңыз, саясаткерлердің ең басты құралы – алдау мен арбау, өтірік айту, жемқорлық, қарақан басын күйттеу, нәпсіқұмарлық екендігін бағамдауға болады. Лауазымды қызмет атқаратын барлық адамдар бай, неге десеңіз, олардың бәрі мемлекет қаржысын ұрлайды. Бұны жұрттың бәрі жақсы біледі. Ал егер сіз саясаткер боламын десеңіз, сондай адамдармен араласуыңызға және көп ұзамай өзіңіз де сондайлардың бірі болуыңызға тура келеді.

Түйін: Қазақ «малым жанымның, жаным арымның садағасы» дейді. Егер сіз ар-намысыңызды бәрінен биік қойып, ізгі ниетті жақсы адам болып өмір сүремін десеңіз, онда әсіре діндарлардан, саясаткерлерден, басқа да жаманатқа ұшыраған жандардан аулақ болыңыз. Мінезі жақсы, адал өмір сүріп жүрген, қарапайым адамдармен дос-жар болсаңыз, екі дүниеде де игілік әкелетін жақсы қасиеттерді бойыңызға орнықтырасыз. Бұл – АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика