35 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Қазіргі күні әлем халықтары ұстанатын 5 дәстүрлі дін бар екен, олар: христиан, иудей, ислам, индуизм және буддизм. Тарихи деректерге назар аударсақ, ең ежелгі дін – индуизм осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Иудейзмге 3 мың жыл, буддизм 2,5 мың жыл бұрын негізі қаланған. Христиан дініне 2 мың жыл болса, ең жас дін – ислам дініне 1,5 мың жылдан асып барады.

Дін мәңгілік емес

Мына ақиқатты ақылға салып қараңыз: басы бар нәрсенің аяғы да болады. Екі-ақ нәрсе шексіз: ол Алланың құдыреті мен цифр. Алланың құдыретінің шексіздігін иманды әрбір адам мойындайды. Ал цифрға келетін болсақ: +1-ден басталатын оң сандар шексіз көбейе береді, ал -1-ден басталатын теріс сандар шексіз азая береді. Ортада – ноль бар.  Яғни, айтқанда оң-теріс цифрға жіктелетін цифрдың басы да, аяғы да жоқ.

Ал мына фәни дүниедегі басқа нәрселердің бәрінің бастауы да, аяқталуы да болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей белгілі бір мерзімде пайда болған дәстүрлі діндер, белгілі бір мерзім өткенде жойылады. Бұл – ақиқат. Оны теріске шығару – табиғат заңдарын теріске шығару. Ал табиғат заңдары мүлтіксіз жұмыс істейді және біздің еркімізге бағынбайды.

Әсіре діндарлардың көбі  «ислам діні ақырзаманның діні және ол ешқашан жойылмайды» деген түсінікті саналарына сіңіріп алған. Ау, 1,5 мың жыл бұрын пайда болған дін мәңгі өмір сүрмек пе? Оған дейін де адамдар тіршілік етті, олар ислам діні дегеннің не екенін білген де жоқ. Сонда исламсыз өмір сүргендердің жайы қалай болмақ?

Материалдық дүниенің барша тіршілікке, жанды-жансыз заттарға, құбылыстарға қатысты мынадай 4  бөліктен тұратын заңы бар: 1- кез-келген зат, тіршілік немесе құбылыс пайда болады, 2- белгілі бір уақыт өмір сүреді,  3-ескіріп тозады, яки қартаяды, 4- ақырсында өшіп жоғалады, яки өледі. Бұл заң  барша тіршілікке қатысты және ол айнымай орындалуда.

Осы тұрғыдан алғанда, дін де мәңгілік емес. Дін пайда болады, белгілі бір уақыт өмір сүреді, содан кейін қазіргідей бұрмаланып, тоза бастайды, ақырсында жойылады. Ислам, христиан діндері адамзаттың тарихындағы жалғыз дін емес, адам баласы өмір сүрген миллиондаған, миллиардтаған жылдарда ондаған, жүздеген сондай діндер болған және алдағы уақытта да бола береді.

Дхарма деген не?

Адамзаттың белгілі бір даму кезеңіне лайықтап Жаратқан тарапынан берілетін дін және діни шарттардан бөлек, саналы адамзатқа белгіленген мәңгілік міндеттер, шарттар, парыздар бар. Оны – дхарма деп атайды. Сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба – оған қарамастан, дхарма өмір сүріп келеді және өмір сүре береді.

Енді дхарма дегеннің не екеніне кеңірек тоқталайық. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан, барша саналы адамдарға қатысты адами қағидат нормалары бар. Мысалы: өзің сияқты ет пен сүйектен жаралған адамды өлтіруге, ұрып-соғып қорлауға, алдауға, зорлауға, басқа да залалдар келтіруге болмайды.

Оған қоса: өтірік алдауға, біреудің ақысын жеуге, ұрлық істеуге, зина жасауға, кісінің мүлкін тартып алуға болмайды. Тек адамға ғана емес, жан-жануарларға, аңдарға, айнала қоршаған табиғатқа қатыгездік таныту да адами нормаларға қайшы келеді. Егер сіз көшеде тірі мысық немесе итті ұрып-соғып азап көрсетсеңіз, ақылы бар кез-келген адамның бұл әрекетіңіз ашу-ызасын туғызады. Неге? Өткені бұл адами нормаға қайшы.

Осылардан бағамдайтынымыздай, адами нормалар жиынтығы – дхарманы құрайды екен. Яғни, дхарма дегеніміз адами әдеп нормаларының жиынтығы. Адами әдеп нормаларымен үндесетін әрекет жасау – адамды айналасына жағымды, сүйкімді етіп көрсетеді және ондай адам өзгелермен, оның ішінде қоршаған табиғатпен жылы қатынаста болады.

Дхарманы сақтайтын адам: ешкімді алдамайды, өтірік-өсек айтпайды, әділ, мейрімді, кешірімді, жомарт, нәпсісін тыйып ұтсайды,  отбасылық міндетіне адал, көршілерімен, бірге істейтін әріптестерімен әрдайым жылы қатынаста болады, жан-жануарларға, қоршаған табиғатқа да қайрымдылықпен қарайды, салауаттылықты ұстанады, т.б. осындай жақсы қасиеттерге ие.

Енді мынаған назар аударыңыз: дәл осындай бойында көптеген жақсы, жағымды қасиеттері бар адам, тіпті дін жолын ұстамасын, құдайға сенбесін, өлген соң тозаққа баруы мүмкін бе? «Жоқ» -деп нық сеніммен айтуға болады. Өйткені, ешкімге заланын тигізбеген, айналасына тек игілік әкелген адал, адами қасиеттері мол адам міндетті түрде Алланың шапағатына бөленіп, ЖҰМАҚ оған нәсіп етіледі.

Керісінше, діни парыздарын 100 пайыз орындаған, бірақ бойында жоғарыда айтылғандай адами қасиеттері жоқ адамға міндетті түрде ТОЗАҚ  оты нәсіп етіледі. Бұл – ақиқат. Оған сіз сенесі бе, жоқ па, бәрібір. Бұл – Алланың заңы және уақытша емес, МӘҢГІЛІК ЗАҢЫ. Оны ДХАРМА деп атайды. Яғни, дхарма әрқашан діннен жоғары тұрады және ол МӘҢГІЛІК.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика