Ең қайтарымы мол инвестиция – білім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

электронды ақшаҚазақта «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Яғни, күш білекте емес, білімде. Мұсылманның қырық парызының бірі білім алу деп көрсетілуі де тектен-тек болмаса керек. Бірақ та, бүгінде көп адамдар білімнің құдіретіне сенбейді және оған онша көңіл бөлмейді.
Яндекстің http://wordstat.yandex.ru/ сілтемесі арқылы бір айда қандай сөзді қанша адам іздегені туралы мәліметке назар аударып көрелік. Ақша деген сөзді – 7565, байлық дегенді – 3955 адам бір айда сұрау салу арқылы іздеген екен. Ал «білім таусылмайтын байлық» деген сөзді бір айда небары 20 адам ғана іздепті. Осыған қарап, жұрттың білімді байлықтың бастауы деп санамайтынын аңғарғандай боласың.

Әлемдегі ең бай адамның жоғары білімі жоқ.

Сенесіз бе, әлемдегі ең бай адам саналатын – Билл Геитстің жоғары білімі жоқ екен. Ол гавард университетіне оқуға түсіп, оны бітірмей тастап кетеді. Өйткені ол оқып жүріп, өзі жасаған компьютерлік бағдарлама арқылы қыруар ақша табады. Ақша табуға қажеті жоқ, университеттің қатып қалған теориялық білімін содан кейін болашақ миллиардер қажет деп таппайды.
Нақты тәжірибе жүзінде қолданып, нәтижеге жеткенде ғана ол білім болып саналады. Егер жоғары оқу орнынан пәлен жыл оқып алған біліміңіз іс жүзінде қолданып, нәтижеге жеткізуге көмегін тигізбесе, ондай білімді білім деп санауға бола ма?

Ақшаң болса білімге жұмса.

АҚШ-та тұратын бір қалталы инвестор Ресейге келіп, жұртшылықпен кездесіп, инвестиция арқылы қалай ақша табуға болатындығы жөнінде лекция оқиды. Лекциядан кейін оған көрермендердің бірі мынадай сұрақ қояды. Менің 10 мың доллар ақшам бар, сонны қайда инвестициялауға кеңес берер едіңіз? – дейді ол.

Бұған американдық миллионер: «Сіздің орныңызда болсам мен барлық ақшамды білімге инвестициялар едім, себебі ең қайтарымы мол инвестиция – білім. Менің байлығым есепшоттағы ақшаларым мен жылжымайтын мүлкімде емес, ақыл-ойымда. Мені бір жерге қолыма қаламсап пен блакнот беріп бір сағат қамап қойса, бірнеше миллион доллар табудың амалын ойлап табар едім» -деп жауап береді.

Сонау 1990-шы жылдары Ресейден АҚШ-қа барып, мейрамханада даяшы болып қызмет еткен, кедейліктің бар тауқыметін тартқан Алекс Яновскии бүгінде сол елдегі ең бақуатты адамдардың бірі. Ол бұл байлыққа жеке басын жетілдіру, яғни білім алу арқылы жеткен.
Бүгінде Яновскиидің «жеке басты жетілдіру» туралы оқу курстары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған адамның сүйіп оқитын шығармасына айналды. Ол осы күнге дейін білімін жетілдіретін курстар сатып алуға 800 мың доллардан астам қаржысын жұмсапты. Яғни, сонша ақшаны білімге инвестициялаған. Оның қайтарымы да өте жоғары болған.

Қашықтан оқыту қазіргі заманғы ең үлкен жетістік.

Интернеттің пайда болуы, әлем елдері арасындағы шекараны жойып қана қоймай, ақпаратты шапшаң таратуға да игі ықпалын тигізді. Осыған орай, ғаламтор арқылы түрлі ақылы және тегін курстарды алып оқуға мүмкіндік туды.

Ғаламтор арқылы сіз көптеген пайдалы ақпараттар алып қана қоймай, бір салада оқып, кәсіби білім де алуыңызға болады. Өз басым вордпресc арқылы сайт, блог жасауды тегін оқу курсынан үйрендім. Мұндай курстар қазір баршылық. Яғни, білім аламын деген адамға бүгінде мүмкіндік жетерлік.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика