958 көрілім

Екінші аптадағы кешенді жаттығулардың екінші тобы омыртқаның қызметін қалыпқа түсіруге бағытталған. Бүгінде адамдардың көбі кеңседе ұзақты күн мамық орындықта отырып жұмыс жасайды. Түрлі қалыпта отыратындықтан, омыртқа қисайып, оның қозғалыстылығы нашарлайды.
Барлық жүйке жүйеміз омыртқа арқылы байланысатындықтан, оның қызметінің бұзылуы тәнімізде неше түрлі дерттердің пайда болуына әсерін тигізеді. «Егер тәніңіз түгел ауырып, дәрігерлер қандай дерт екендігін дәл басып анықтай алмай қиналса, оның себебі – омыртқа қызметінің бұзылуында» деп медицина саласының бір белгілі өкілі айтқандай, омыртқаның қалыпты жұмыс жасауы денсаулығымыздың жақсы болуына шешуші ықпал ететін жайлардың бірі.

«Алтын балық» жаттығуы.

Төсеніш төселген еденге арқаңыздан жатыңыз. Екі қолыңызды басыңыздан асырып барынша алға созыңыз, яғни қолдарыңыз еденге жабыса иық деңгейінде созылады. Аяқтарыңыз да еденге жабыса арасы дене өлшемінде сәл ашыңқы түрде жатады.

Оң жақ аяғыңыздың табанын барынша алға созыңыз. Табаныңыздан біреу тартып жатқан сияқты сезініңіз. Сонымен бір мезгілде екі қолыңызды кері жаққа қарай созыңыз.
Енді аяғыңызды ауыстырып, сол жақ табаныңызбен алға қарай созылыңыз, бір мезетте екі қолыңызды қарама-қарсы жаққа созыңыз. Осылайша екі аяқпен кезек-кезек жеті рет жаттығуды қайталаңыз.

Екі алақаныңызды желкеңізге қойып, тізеңізді бүгіңіз. Тізеңіз жоғарыға қарап, табаныңыз еденге жабыса тұруы керек. Сол қалыпта барлық денеңізбен солдан оңға қарай айналыс қозғалысын жасаңыз. Денеңіз қозғалғанмен, омыртқаңызды бір орнында түзу ұстаңыз.
Жаттығуды күн сайын 1-2 минут көлемінде жасаңыз. Бұл жаттығу омыртқаның қисайған, аражігінің ашыла бастаған олқылықтарын түзейді. Омыртқа түзелгендіктен, барлық ағзаларыңыздың қызметі де жақсара бастайды.

Денеңіздің қисықтығын түзейтін жаттығу.

Арқаңызбен төсеніш төселген еденге жатыңыз. Барынша денеңізді бос ұстаңыз. Тәніңіздің іші бос, сондықтан жеңіл сезінемін дегенді санаңызға сіңіруге тырысыңыз.
Екі тізеңізді бүгіңіз, табаныңыз еденге жабыса орналасуы керек. Бір мезгілде басыңызды көтеріп, екі қолыңызбен тізеңізді қаусыра құшақтаңыз. Табаныңызды еденнен ажыратпаған қалыпта, тізеңізді қаусырып, басыңызды алға көтере 1-2 минут тұрыңыз.

Бұрынғы қалыпқа келіп, денеңізді босатыңыз. Жаттығуды тағы 1-2 рет қайталаңыз.
Бұл жаттығу тек еңкіш тартқан денеңізді түзеп қана қоймай, омыртқаңызды да түзейді. Жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, миыңыздың қан айналамын қалыпқа келтіреді.
Жаттығуларды үзбей жасау қажет.

Ниши жүйесі бойынша денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе, жаттығуларды үзбей жасаңыз. Оған сіздің көп уақытыңыз кетпейді және көп күш жұмсаудың да қажеті жоқ.
Ниши жүйесінің жаттығуларын кез келген жаста, кез келген адамның жасауына болады және оның игі әсері тез арада сезіледі. Омыртқаға қатысты аурулар қатары соңғы жылдарда көбейіп кетті. Омыртқа арасындағы еттің өсіп кетуінен пайда болатын грижа, омыртқаның қисайып кетуі, орнынан тайып кетуі сияқты дерттер көп кездеседі.

Ниши жүйесінің жаттығулары омыртқаға қатысты аурулардан айықтырып, жүйке жүйесінің бұзылуынан пайда болған басқа да дерттерден жазылуға игі ықпалын тигізеді. Әлімнің көптеген елдерінде, миллиондаған адам нақты тәжірибе жүзінде пайдасын көріп жатқан тәсілді пайдаланып көріңіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика