645 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

102Сириядағы соғыс ислам экстремистерінің шынайы бет-бейнелерін анық ашып берді. Соғыс болған бес жылдың көлемінде 300 мыңдай жергілікті тұрғын қаза тауып, миллиондаған адам Батыс елдеріне босып кетті. Қаншама қалалар мен елді мекендер қиратылды. Интернет арқылы жастарды алдап, Сирияда мұсылмандарға қысым жасалып жатыр-мыс деген желеумен шақырып алып, оларға қару беріп, қырғын соғысқа жегіп жатқан эккстремистердің көсемдері жап-жас жігіттердің өмірін ойыншыққа айналдырып, қажет болған жерде жихад етіп, өлімге айдайды.

Қауғитып сақал қойған, өздерін ислам дінінің ұстынымыз деп жүрген экстремистер қатарында үш жүзге жуық қазақастандық та бар екен. Өзбекстан, Қырғызыстан, Тәжікстан сияқты елдерден барғандар да жат елдегі есуас соғыстың құрбаны болып, сүйектері далада көмусіз қалуда. Жалпы, бүгінгі күні Сирияда әлемнің сексенге тарта елінен барған қырық құрау экстремист әскері соғысып жатыр екен. Сонау Рим империясы кезінен қалған мыңдаған жылдық тарихы бар ескерткіштерге бай Пальмира қаласын үйіндіге айналдырған экстремистер жазықсыз адамдарды өлтіріп, жұртты тонап, ойларына келгенді жасап жатқаны туралы БАҚ айтып, жазуда. Олардың әрекетін мұсылмандар түгілі, қарапайым дінсіз атеистер де жасамайтыны анық.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Экстремистер Сирияда атам заманда жойылған құл мен күңдікті қалпына келтіріпті. Олар қолға түскен қыз-келіншектерді зорлап, содан кейін күңдікке басқаларға сатады екен. Осылайша, Сирияда құл базарлары ашылып, жұмыс жасай бастаған. Интернет арқылы мұсылмандардың шақыруына елігіп, ақыл-естен айрылған қыз-келншектер де Сирияға барып, жихад соғысына қатысуда. Оларды әдетте, соғысқа емес, секс-жихад үшін пайдаланады екен. Сирияға пәленбай мың шақырым жер жүріп, ислам діні үшін соғысу үшін барған қыз-келіншектерді экстремистер қатындыққа алып, құмарын қандырған соң талақ ете салады. Одан екіншісі алып, сөйтіп жихад үшін жан қиып, жұмаққа барамыз деген сеніммен барған қыз-келіншектер экстремистердің құмарын қандыратын жезөкшеге айналып шыға келеді.

Сириядағы соғысқа барып, оның ислам діні үшін емес, саяси ашкөз топтардың мүддесі үшін жасалып жатқанын түсініп, қашып кеткендер де бар. Олар Сирияда көрген сұмдықтарын айтқанда, ислам дінін осынша құбыжыққа айналдырып, өзгерткен және барша әлемге жеккөрінішті етіп жатқан сайтанның құлдарының (олар Алланың емес Ібілістің құлдары) әрекеттеріне жағаңды ұстайсың.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика