Электронды ақша

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Интернеттің дамуымен бірге электронды ақшаны қолдану аясы да жыл санап кеңіп, осындай ақшаны пайдаланушылар саны артып келеді. Электронды ақша дегеніміз не?
Электронды ақшаның кәдімгі күнделікті пайдаланатын ақшадан еш айырмашылығы жоқ. Бар айырмашылығы оны қолмен ұстап, қалтаңызға сала алмайсыз. Бірақ та электронда ақшаға қалаған затыңызды сатып алуыңызға, түрлі қызметтер үшін есеп айырысуыңызға, бір сөзбен айтқанда кәдімгі ақша сияқты пайдалануыңызға әбден болады.

Электронды ақшаның артықшылықтары.

Электронды ақша тек қана интернет желісінде қолданылады. Бүгінде әлімнің алдыңғы қатарлы елдері өз бизнестерін біртіндеп интернетке енгізіп жатыр. Мәселен, әлемдегі ең ірі корпорация саналатын валютамен сауда жасайтын Форехтің бір күнгі ақша айналымы 5 триллион долларды құрайды екен. Ал осы корпорацияның қызметін пайдаланушылардың 98 пайызы интернет кәсіпкерлер, яғни аталмыш корпорацияның жұмысы түгелге жуық интернет арқылы жүргізіледі.

Жыл өткен сайын интернет дүкендердің саны қаулап өсіп келеді. Сіз өзіңіз қалаған затыңызды еш қиналмай интернет дүкендерден таба аласыз және оның бағасы кәдімгі дүкендерге қарағанда едәуір арзан. Өйткені интернет дүкендер тауарды бірден өндірушіден алады.
«Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз бар. Адамдардың көбі интернетке өзіне қажетті ақпаратты алу үшін кіреді. Осыған орай, инфобизнес деген интернет кәсіпкерліктің саласы қарқынды дамып келеді. Инфобизнесмендер дайындаған ақпарат тауарларын сататын интернет дүкендер көп.

Ал енді осы аталған интернет арқылы алғыңыз келген тауарыңызды сіз көбіне электронды ақшамен сатып аласыз. Электронды ақшаның бір артықшылығы, аударған сәтіңізде сатушының есеп шотына бірден түседі. Осыған орай, сатып алған туарыңызды да сіз көп уақыт өткізбей жедел аласыз. Яғни, электронды ақшамен сауда жасау жедел жүреді.

Электронды кошелектер.

Электронда ақшамен сауда жасау үшін ең алдымен электронды кошелек ашып алуыңыз қажет. Қазір электронды кошелек дегендер өте көп. Мәселен, яндекс деньги, вебмани, кивикошелек, пейза, рвкмани, солидтраспей, окпей, т.б. Электронды кошелек ашудың еш қиындығы жоқ. Сіз қарапайым тіркелу шарасынан өтесіз де өз аккаунтыңызға ие боласыз және сізге есепшот беріледі. Міне, сол есепшотты пайдаланып, электронды ақшамен есеп айырысуыңызға болады.

Яндекс деньги, веьбмани, кивикошелектен сіз ресей рублімен, не доллармен есеп ашуыңызға болса, пейза, солидтраспей, окпей кошелектерінен тек шет елдік валютамен ғана есеп аша аласыз.
Электронды кошелекке қалай ақша салуға болады?

Оның да еш қиындығы жоқ. Мәселен, вебмани, яндекс деньги, кивикошелек сияқты кошелектерге үлкен қалалардың бәрінде қаптап кеткен терминалдар арқылы ақша толтыруыңызға болады. Бұл кәдімгі ұялы телефонға бірлік салу сияқты жүргізіледі. Тек терминалда аталмыш кошелкетер бар ма, жоқ па соны анықтап алуыңыз қажет.

Электронды кошелекке ақша салу кезінде терминалдың көрсеткен қызметі үшін салық төлеуіңіз керек. Ақшаны теңгемен саласыз, дегенмен, ақша қабылдар кезде доллардың немесе рубльдің теңге бағамы туралы ескертеді. Электронды кошелектерде валюта бағамы күнделікті айырбастау пункттеріндегі бағамнан өзгеше болады. Мәселен, вебмани бұрын доллар 150 теңге болып тұрған кезде 165 теңгеден есептейтін. Қазір доллар бағамы онан да жоғары өсті.

Электронды кошелектен ақшаны алу үшін интернеттегі айырбастау пункттерінің қызметін пайдаланасыз. Кивикошошелектен ақшаны кәдімгі виза немесе мастеркард кәртішкелері арқылы алып шығуға болады. Ол үшін кәртішкені кошелекке байлайсыз.

Электронды ақша — видео: http://my.mail.ru/mail/zazhigalka68/video/253/3978.html

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика