Емделудің сенімді жолы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

медитацияАуру адамға айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде ауырмай тұрмайды. Тәнін қинаған аурудан емделу үшін әркім әртүрлі тәсілді қолданып жатады. Адамдардың көпшілігі бұндай жағдайда емханаға барып, дәрігерге көрінеді және оның жазып берген дәрісін ішеді.

Дәрі ішу арқылы дерттен толайым жазылып кету мүмкін емес. Дәрі дерттің аздап күшін басып, уақытша тоқтатқанымен, ол көп ұзамай қайта оралады. Дертті ауыздықтаудың ең сенімді жолы денсаулықты сақтауға көңіл бөлу. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай және тиімді болмақ.

Медитация арқылы емделу.

Рэйки тәсілі медитация арқылы емделуге болатынын және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде көрсетіп отыр. Оны қолданған миллиондаған адамдар өздерін өздері емдеп қана қоймай, басқаларды да емдеуде.

Емделу медитациясына кіріспес бұрын адамның бойындағы үш қуат орталығының белсенділігін іске қосу қажет. Даостық дәстүр бойынша оны дантьян деп атайды. Мәселен, ушу немесе каратемен айналысатындар кіндіктің астындағы қуат көзі, яғни дантьян арқылы кеңістіктен қуат сіңіріп, соны пайдалану арқылы қарсыласына соққы беруді меңгереді.

Рэйки медитациясымен айналысар алдында сіз ішкі дүниеңізге назарыңызды шоғырлауды толық меңреруіңіз шарт. Осының алдындағы мақаламызда айтқанымыздай, сіз алдымен жер және кеңістік қуатымен байланысты жолға қоюыңыз керек.

Үш қуат тірегі.

Рэйки философиясында үш қуат тірегі негізгі орынды иеленеді. Рэйкидің негізін салушы Усуидің айтуынша, кеңістікте үш түрлі қуат ықпалын жүргізеді. Ол: Жарық, Махаббат және Қуат. Олардың бір-бірімен ырғақты жұмыс жасауы үшін тепе-теңдікті орнықтыру қажет. Егер сіз осы үш қуаттың тепе-теңдігіне қол жеткізсеңіз, бақытты тірлік кешесіз.

Жоғарғы дантьян, яғни қуат орталығы – баста болады. Ол біздің микроғарышпен байланысымызды жүзеге асырып, әмбебап және ғарыштық қуат ағындарының жүруін қамтаамсыз етеді.
Екінші дантьян – жүрегіміздің аумағында орналасқан. Ол біздің ішкі жан дүниемізге қуаттың әсеріне жауапты және махаббат пен қайрымдылықтың қайнар көзі болып саналады.

Үшінші дантьян – кіндігіміз бен жыныс мүшесінің аралығында орналасқан. Оны ішкі аккумлятор деп те атайды. Ол микроғарыш пен жердің қуаты ағымдарына жол ашады. Адам тәнінің маңызды ағзаларының бірі саналатын бүйректің осы аумақта орналасуы оның мәнін арттыра түседі. Адамның күш-қуаты, ұзақ жасауы дәл осы қуат орталығының қалыпты жұмысына тығыз байланысты.

Медитация

Адам тәнінің саулығы мен қалыпты жұмысы үшін маңызды рөл атқаратын үш қуат орталығының жұмыс белсенділігін арттыруға арналған медитация, яғни ақыл-ойды шоғырлау дантьяндарға ойша назар аудару арқылы жүргізіледі.

Өткен мақаламызда жазғанымыздай, медитациямен айналысу үшін молдасыңызды құрып отырыңыз. Содан кейін ойыңызды басыңыздың жоғарғы жағына, яғни төбеңізге аударыңыз. Бұл жоғарғы қуат орталығының жұмысын жандандырады. Содан кейін рет-ретімен жүрек тұсындағы қуат орталығына, кейін кіндіктен төмен орналасқан төменгі қуат орталығына назар аударыңыз.

Медитациялық жаттығулармен күн сайын белгілі бір мезгілде айналысып отырған жөн. Оның нәтижесі көп ұзамай бойыңыздағы игі өзгерістер арқылы келетін болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика