Ешқашанда берілме

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бай-бақуатты болдудың басты шарттарының бірі деп американдық миллиардер Дональд Трамп ойыңа алған ісіңді қандай кедергілер мен қиындықтар кездескеніне қарамастан, аяғына дейін жеткізу деп түсіндіреді. Мол дәулетке ие болып, ақшадан тау тұрғызған кәсіпкерлердің өлермен әрекеттері осыны айғақтайтындай. Оларды қарапайым пенделерден ерекшелендіріп тұрған да дәл осы қасиет сияқты.
Дональд Трамптың «Ешқашанда берілме» деген кітабы бүгінде бизнеспен айналысамыз деген үміткерлердің бастарына жастап жатып оқитын кітабы болып алды. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылған бұл кітап Нью-Иоркте бас айналдырар биік ғимараттар салумен атағы шыққан американдық алпауыттың атын әлемге жайды.

Сәтсіздік бақытсыздық емес, сізге берілген мүмкіндік.

«Сәтсіздік – бұл қарапайым өмірлік құбылыс. Сәтсіздіксіз, тіпті бір күн өмір сүру мүмкіндігінің өзі мардымсыз. Сондықтан кездескен қолайсыздықтарды ашу-ыза мен түңіліс шақыратын құбылыс емес, өз қабілет-қарымыңды сынауға берілген мүмкіндік ретінде қабылда. Кездескен қиындықтардан биік бол және өз құқыңды қорғауға әрдайым әзір тұр, сонда бәрі де сенің жеңісіңмен аяқталатын болады» -дейді американдық алпауыт.

Миллиардердің өмір жолына назара ударып қарасаң, жолын бөгеген түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарсы күреспен өткенін аңғаруға болатындай. Биік ғимараттар салуға маманданған кәсіпкер әрбір құрылыс жобасын жүзеге асырған кезінде міндетті түрде түрлі кедергілер мен қиындықтарға ұшырасып отырған. Ол 1990-шы жылдардың басында Нью-Иорктің өнеркәсіп ауданында 45 қабатты тұрғын үй салуды қолға алады. Жер бөлініп, бұлардың жобасы қала әкімшілігінде мақұлданады.

Қиындықтарды жеңу арқылы жеңіске жетудің баяны.

Құрылыс басталған соң көп ұзамай үлкен кедергі кездеседі. Жергілікті БАҚ өнеркәсіп ауданында тұрғынүй салудың заңға қайшылығын, онда тұратын адамдардың өмірі мен денсаулығына да залалды екендігін айтып дабыл көтереді. Сол-ақ екен барлық қоғамдық ұйымдар қарсы шығып, үлкен саяси шара басталып кетеді. Әлбетте сонша қаржы жұмсалған құрылыс тоқтап қалады.

Дональд Трамптың қала әкімшілігінің көздерін бұл жобаның залалсыз екендігіне жеткізу үшін бәрін тастап тастүйін күреске шығуына тура келеді. Бірнеше жылға созылған дау-дамай ақырсоңында миллиардердің пайдасына шешіліп, құрылыс жалғастырылады. Нью-Иорктегі ең биік ғимараттардың бірі саналатын «Трамп Тауэр» құрылысын салу кезінде кездескен кедергілер, тіпті құрылыстың салынуына деген сенімді жоғалтуға дейін апарады.

Таныстарының бәрі Трампқа мұндай есуас идеядан бас тарту қажеттігін айтып, ақыл бергенде миллиардер олардың сөзін құлағына да қыстырмай, жұмысты жалғастырудың жолдарын қарастырумен уақыт өткізеді. Ақыры жеңіп, ойына алған идеясын жүзеге асырады. Мұндай мысалдар Дональд Трамптың өмірінде өте көп кездескен.

Оқуға түсу тарихым.

Мен 1975 жылы мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түспек болып тұңғыш рет құжатымды тапсырдым. Өкінішке орай, жолым болмады. Міне, сол кезден бастап менің алты жылға созылған абитуриенттік өмір жолым басталды. Екі жыл әскер қатарында қызмет еткен уақытымды қоспағанда, осы кезең ішінде мен 10 рет оқуға түсу үшін құжат тапсырыппын. Тек әупіріммен оныншы рет ҚазМУ-дің тарих факультетіне оқуға іліктім. Ал 1980 жылы менімен бірге оқуға құжат тапсырған бір сыныптасым, түсе алмаған соң күдерін үзіп, оқуды мүлдем ұмытты. Қазір ол ауылда тұрады, жұмыссыз. Мен республикалық белді бсылымдардың бірінде қызмет істеймін.

Бір рет әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырасымен, түңіліп бәрін тастау әлсіздіктің ғана белгісі емес, өз болашағыңа балта шабу болып табылады. Дональд Трамптың өмір жолы осыны дәлелдейді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика