Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интуицияЖадыны (память) жоғалту деген ауру бүгінде белең алып кетті. Ертеде қартайған адамдардың ғана арасында кездесетін мұндай дерт бүгінде жастар арасында да көп ұшырасып жатады. Есте сақтау қабілетінен айрылған адам дәрменсіз және қорғансыз  болып қалады. Ондай пенденің толыққанды өмір сүре алмайтыны өз алдына, өзіне де, өзгеге де залалын тигізер жаман әрекеттер жасап, айналасына кесір тигізу қаупі күшті.

Есте сақтау қабілеті неге жоғалады?

Мұның ең бірінші себебі – қазір жұрт жаппай қолдануға көшкен ұялы телефондар мен компьютерден екендігін ғылым жасырмай айтып отыр. Қазір, әсіресе жастар қай жерде отырмасын смартфондарын алып соған қарап әлдене жасап отырады немесе біреулермен сағаттап сөйлесіп жатады.

Жұмыста күнұзақ компьютердің алдында қадалып отыратындар да көп. Осылайша, біз күн сайын қалайық, қаламайық белгілі дәрежеде залалды сәулелерді денемізге сіңіріп жатамыз. Оның түрлі ауруларға ұшырату қаупін күшейтетіні өз алдына, есте сақтау қабілетімізді де ақырындап кеміте түсетіні белгілі.

Радиациялық қоспалардың ауа құрамына жыл санап көп қосылып жатқаны туралы экологтар дабыл қағып айтып, жазуда. Бірақ солардың айқайына құлақ асып жатқандар жоқ. Әсіресе, ірі қалалардағы радиация мөлшері қалыпты жағдайдан әлдеқайда жоғары. Бұл да өз кезегінде есте сақтау қабілетіміздің азаюына ықпалын тигізіп жатыр.

Жадысынан айрылған шерменделер

Менімен бірге оқыған бір жігіт есте сақтау қабылетінен айрылды. Әлгіні балалары жетектеп жүреді екен. Ол, тіпті өзінің кім екенін де ұмытып қалған. Тамыр-таныстарын, өткен өмірін түгел есінен шығарған қол-аяғы балғадай, дені сау әлгі жігіт осылайша мүсәпір күйге түсті.

Есте сақтау қабілетін мүлдем жоғалтпаса да, жадысы әлсіз адамдар көп кездеседі. Отырған жерінде қажет заттарын ұмыт қалдырып, үйінен шығарда газды немесе электр қыздырғышты ажыратуды ұмытып кететіндер жетерлік. Жұмысқа келген бір келіншек газды сөндірмей кеткені есіне түсіп, такси алып үйіне жүгірді. Тағы бір әріптесім электр өтегін таңертең өшіруді ұмытып кетіпті. Кешкісін жұмыстан келгенде қараса, өтек қосулы тұр дейді. Абырой болғанда, ол автоматты түрде сөніп, жанып тұратын өтек екен. Әйтпегенде, өрт шығатын қауіп болған.

Жадыны қалай жақсартуға болады?

Кеңес заманында түсірілген «Қалқан мен семсер» деген немістердің арасында болған барлаушы туралы сериал бар. Соның басты кейіпкері неміс штабына барып, айналдырған жарты сағаттың ішінде үлкен кітапта жазылған жазбалар мен сызбаларды бір көрсеткенде түгел жаттап алады. Ол бұған бірнеше жеті бойы дайындалады.

Барлаушылардың есте сақтау қабілетінің өте жоғары болатындығы туралы түрлі кітаптардан, фильмдерден білеміз. Олар бұндай жетістікке жадыларын жаттықтыру арқылы жеткені белгілі. Осыған қарап, жадыны жаттықтыруға болатынын бағамдауға болады. Сіздердің назарларыңызға өзім пайдаланып жүрген бірнеше қарапайым жаттыуларды ұсынамын.

1-ші жаттығу:

Күн сайын кешкілік ұйқыға жатар алдында таңертеңнен кешке дейін не істегеніңізді, нендей пайдалы шаруалар атқарғаныңызды көз алдыңызға келтіріп, есіңізге түсіріңіз. Бұл сіздің есте сақтау қабілетіңізді шыңдап қана қоймай, күн сайынғы уақытыңызды пайдалы істермен айналысып, босқа өткізбеуіңізге де септігін тигізеді. Бұған сіз ары кетсе 5-10 минут уақытыңызды кетіресіз.

2-ші жаттығу:

Апта соңында осы жетіде дүйсенбіден жексенбіге дейін әр күні не істегеніңізді түгел есіңізге түсіріңіз. Әр күнгі оқиғаларды, кіммен кездесіп, не сөйлескеніңізге дейін, атқарған жұмыстарыңыз, шыққан іссапарларыңыз жайында нақтылап ойланып, есіңізге түсіруге тырысыңыз.

3-ші жыттығу:

Ай соңында бір айдағы басыңыздан кешкен жайларды жалпылама түрде есіңізге түсіріңіз және айды қалай өткіздіңіз, өзіңіз үшін, болашағыңыз үшін қандай пайдалы шаруалар жасадыңыз – соны талдап, ой елегінен өткізіңіз. Бұл  сіздің есте сақтау қабілетіңізді арттырып, уақытыңызды пайдалы істермен айналысуға жұмсауға құлшындырады.

4-ші жаттығу:

Туған күніңізде, яғни жылына бір рет сол жылдағы оқиғалардың желісін түгел тізбелеп есіңізге түсіріп, көз алдыңыздан өткізіңіз. Қандай пайдалы істер жасадыңыз, бір жыл уақытыңызды қаншалықты тиімді өткіздіңіз – соған назар аударыңыз.

Міне, қарапайым осы жаттығулар арқылы сіз есте сақтау қабілетіңізді біршама жақсартып, одан қалды уақытыңызды пайдалы істермен айналысуға жұмсауға мүмкіндік аласыз. Бұны сіз өзгермес әдетке айналдырып алсаңыз, оның қаншалықты өміріңізге жақсы өзгерістер әкелетінін көп ұзамай сезіне бастайтын боласыз. Сонымен, іске сәт!

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика