Ежелгі веда ілімі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

жан1998 жылы «Рауан» баспасынан Досым Омаровтың «Абайтану курсы» деген кітабы жарық көрді. 1000 дана болып шыққан кітап қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытылатын мектеп, гимназия шәкірттеріне, студенттер мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы екен. Бұл кітап туралы сол тұста қазақ зиялылары арасында екіұдай пікір таласы болғандығы белгілі. Дегенмен, аузы дуалы бірқатар ғалымдарымыз бен сол тұстағы білім министрлігінің басшылығы кітаптың жастарымызға имандылық тәрбие беруге игі ықпалының барлығын айтып, оқу құралы ретінде енгізілген.

Абайды кришнайт қылды деу кімге керек болды?

Алғаш шыққан кезден бастап әлдекімдерге ұнамаған бұл кітапқа арада үш-төрт жыл өткенде тағы шүйлігушілер табылды. Бұл жолы отқа май құйған «Экспресс К» газетінің тілшісі Халабузар дегеннің аталмыш басылымның бірінші бетіне айқайлатып берген «Абай, ойбай!..» деген мақаласы болды. Кітапқа шүйлігушілердің де, газет тілшісінің де айтатын уәждері – кітап авторы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абайды кришнаит етіп қойыпты-мыс…

Осы мақала шыққан соң көп ұзамай сол тұстағы білім министрі Шәмшә Беркімбаева кітапты оқулық құралы есебінен алып тастауға пәрмен шығарды. Сөйтіп, айналдырған үш-төрт жыл ғана жас ұрпаққа имандылық тәрбие берген және Абайды тек ақын, ағартушы ғана емес, данышпан ғұлама ретінде танытқан кітап жойылды. Бұдан кім ұтты?..

Досым Омаровтың кітабын мен бастан аяқ оқып шықтым және онда ұлы Абайды ежелгі веда ілімімен үндес терең ой-пікірлер айтқан ғұлама ретінде көрсетуден басқа «жамандық» көре алмадым. Ал веда ілім деген не? Бүгінде әлемнің көптеген елдерінің зиялы қауымдарын айтыс-таласқа итермелеп жатқан веда ілімі туралы жұртшылық жақсы танымал десек, артық айтқандық емес. Қызығы сол, веда ілімі өмірдің барлық салаларын қамтиды және оның қай уақытта шыққаны белгісіз.

Абай түсінігі мен веда ілімі

Мәселен, аюрведа – денсаулықты сақтау ілімі болса, дханур веда қорғаныс туралы ілім, артха шастра – үй салу туралы, яғни сәулет ілімі. Бұл ілімдер жан-жақтылығымен, терең ғылымилығымен таң-тамаша қалдырады. Бүгінде әлемге кең таралған карате, у-шу, таеквондо сияқты қорғану өнерлерінің бәрі дханур ведадан бастау алғандығы қазір ешкімге құпия емес. Осыдан болар, веда іліміне деген қызығушылық жыл өткен сайын еселеп артып келеді.

Веда ілімі санскрит тілінде жазылған және ол тіл қазір қолданылмайды, яғни латын тілі сияқты өлі тіл. Ол тілде сөйлеп, жазатын тек индус брахмандары ғана. Таңғаларлығы сол, қазір көптеген халықтар өздерінің ұлттық тілінде ежелгі санскрит тілімен ұқсас сөздердің көптеп кездесетінін айтып жатыр. Соған орай, веда ілімінің иесі бізбіз деген дау-дамай жыл өткен сайын өрши түсуде. Орыстар «Валес кітабы» деген кітапты зерттеп, өз тілдерінде санскритпен ұқсас сөздердің көптігін алға тартып, веда ілімінің иесі бізбіз деп барша әлемге жар салуда. Осындай пікірді украиндық ғалымдар да, неміс, француз, ағылшын, тіпті жапондар мен қытайлар да айтуда.

2012 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универститетінен осы оқу орнының қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Әсел Айтжанованың «Эзотерика вед и исламский мистицизм» деген кітабы жарық көрді. Бұл кітапта автор сопылық ағым мен ведалық ілімнің егіз қозыдай ұқсастығын дәлелдей келе, қазақтардың сөздерінде де ежелгі санскрит тілімен ұқсас көптеген сөздердің бар екендігін айтады.

Осылайша, бүгінде алдыңғы қатарлы елдердің бәрі веда ілімі бізден шыққан, ежелгі өркениеттің қара шаңырағы бізбіз деп таласып жатқанда, біздің ғалымдарымыз ұлы Абайға ведалық іліммен үндес пікір айтуды да қимай, оны ғұлама, данышпан деңгейінен, қазақы қара шапанынан сүйреп, ағартушы, ақын деңгейіне түсіріп тастады және соған өздері үлкен шаруа тындырғандай мәз болысып жүр…

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика