1 208 көрілім

59Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» -дейді Алла. Яғни, адамның табиғаты Аллаға құлшылық ету. Өкініштісі сол, адамдардың көбі Жаратқанға құлшылық жасамайды. Соған орай, ол адамдар өзінің табиғатына байланысты енді басқа бірдеңелерге құлшылық жасайтын болады. Фанатизм дегеніміз де сол адамдардың әйтеуір бір сезім нысанына байланып, соған табынуы.

Бұл дертке ұрынған адам өзіне де, өзгеге де залалын тигізеді

Фанатизм деген аурумен ауырған адам өзі байланған сезім нысанына байланамын деп өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізіп жатады. Мәселен, фудбол фанаттарын алып қарайық. Өз командасы жеңсе бөріктерін аспанға атып қуанып, кеуделерін кернеген сол уқаныштарын кейде есаус әрекеттермен білдіріп жатады.

Ресей командасы ертеректе әлем біріншілігінде қарсыласын жеңгенде мәскеулік фанаттар кошедегі сауда дүңгіршектерін қиратып, автокөліктерді өртеп, сол арқылы қуаныштарын білдірген еді. Ал командалары жеңілгенде де сондай әрекеттер жасады. Енді бұлары күйікті басу үішн жасалыпты-мыс.

Ресейлік бір әнші өзіне табынатын фанат қыздың қыр соңынан қалмай, қайда концерт қойса да еріп жүретінін, қолыма, бетіме автограф жазып бер деп әбден мезі қылғандығын, оны көрсе-ақ қашатынын айтады.

Ал өз ұлтын, нәсілін, дінін өзгелерден биік қойып, сол үшін жанын салатын фанаттар да жетерлік. Өткен ғасырда немістен басқалардың бәрі бізге құл болуы тиіс деген есуас идеяны дүниеге әкелген Гитлер деген нақұрыстың соңынан ергендер миллиондаған жанның қанын төгіп, ақырсында өздері масқара болып жеңілгенін тарихтан жақсы білеміз.

Иса пайғамбардың табытын құтқарамыз деген желеумен мұсылмандарға, иудейлерге қарсы соғысып, қанды суша ағызған христиан крестшілерінің тарихы діни фанатизмнің қаншалықты ауыр дерт екендігін көрсетті.

Аллаға табынбаған пенде өзі сияқты адамға табынады

Аллаға табынбаған жан өзінің табиғатына сай әйтеуір бір сезім нысанына табынуы тиіс болады. Ол бәлкім, атақты спортшы, әнші, болмаса саясаткер бола ма, әйтпесе, өзі шыққан ұлт, нәсіл немесе ұстанған дін бола ма – әйтеуір сол нысандардың біріне табынбақ.

Фанатизмнің қатерлілігі сонда, оны ұстанған адам ақыл-естен айрылып, өзімдікі ғана дұрыс деп өзгеге құлақ аспайды. Бүгінде Ирак пен Сирияда қолдарына қару алып, өздерін ислам діні мен Алланың қорғаушылары сияқты сезінетін экстремистердің есуас әрекеттері фанатизмнің қаншалықты залалды екендігін айғақтайды.

Өткен жылы бір халықаралық кездесуде фудбол жанкүйерлерінің алаңға шығып алып жаппай төбелескені, соның салдарынан жарыс өтпей қалып, біраз адам жарақат алып, бірнеше адамның қаза тапқаны туралы БАҚ айтып, жазды. Спорт фанаттары осындай төбелес арқылы есуастық жасап жатса, ұлтшыл, діншіл фанаттар қолдарына қару алып, қантөгіс соғысқа барады.

Фанатизмнің қандай көрінісі болмасын, ол адамға қауіпті. Сондықтан, ақылыңыз болса, ешқашан, еш нәрсеге фанат болмаңыз. Ондай жағдайда өзіңізге де, өзгелерге де залалыңызды тигізесіз. Ол аз болса, өмір бойы жазылмайтын «фанатизм» деп аталатын жаман ауруға ұшырайсыз.
Фанат болмаудың жалғыз жолы – Аллаға құлшылық ету. Жаратқанға табынған адам басқа өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған пенделерге ешқашан табынбайды. Мейлі олар атақты, бай, сұлу, сымбатты болсын. Осы орайда, «адамнан сұрағанның екі көзі, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» деген халық даналығын естен шығармаған абзал.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика