1 460 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

форехФорех әлемдегі ең үлкен ақша айырбастау орны. Онда әлемнің 64 елінің валюталары еркін саудаға түседі. Корпорацияның күндік ақша айналымы 4 триллион АҚШ доллары көлемінде Бұл әлемдегі ақшаның ең айналымы көп мекеменің бірі болып саналады.
Форех корпорациясының ақша айналымының 97-98 пайызы интернет арқылы жүргізіледі екен. Яғни, бұл ғаламтор желісіне енгізілген алып ақша айналымы нарығы десе болады. Қыруар ақша айналыста болатын осы нарықтан әркім өз нәпақасын тауып қалуға тырысатыны анық. Ол үшін ғаламторға қосылған компьютеріңіз болса болғаны.

Ақшаны табу да, жоғалту да оңай.

Форех нарығына шығарылған 64 валюта сұраныс пен ұсыныстың ара салмағына байланысты бағасы үнемі құбылып отырады. Баға кейде көтерілсе, кейде құлдырайды. Осы жағдай миллиондаған адамның Форех арқылы күректеп табыс табуына жағдай жасайды. Ол үшін сіз баға түскен кезде сол валютаны сатып алып, көтерілген сәтінде сатып отырсаңыз болғаны.

Әрине, бұл айтуға ғана жеңіл шаруа. Валюта бағамы түскен кезде оның енді көтерілетінін және қай деңгейге дейін көтерілетінін болжамдау көп білім мен тәжірибені қажет етеді. Шындығында Форехтегі валюта саудасының өз заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды жан-жақты меңгерген тәжірибелі трейдер күреп ақша таба алады. Ал керісінше, заңдылықтардан хабары жоқ тәжірибесіз адамдар оңай жолмен ақша табамын деп қыруар қаржысынан әп-сәтте айрылып жатады.

Егер сіз валюта нарығының барысына көз жүгіртіп қарар болсаңыз, баға кейде ақырындап өте баяу жылжыса, кейде күрт түсіп, не көтеріліп кететінін бағамдауға болады. Егер жолыңыз болып, баға бағамын дұрыс болжай алсаңыз, мұндай жағдайда қас қағым сәтте мол олжаға кенелуіңіз сөзсіз. Керісінше, егер баға сіздің болжамдаған бағытыңыздан кері қарай жүретін болса, әп-сәтте бар ақшаңыздан айрылып, тақырға отырып қалатыныңыз да даусыз.

Форех мол тәуекелді талап етеді.

Форехті салыстыра айтар болсақ казиноға теңеуге болады. Казиноға баратын адамдардың бәрі ұтамыз деген үмітте болады, бірақ олардың 99 пайызы ақшаларын жоғалтады. Жолы болған 1 пайыздың ішінде сіздің болуыңызға қандай кепілдік бар? Ешқандай. Казино кездейсоқтыққа негізделген. Ал Форехте жағдай біршама басқалау.

Форехте көп жылдар бойы сауда жасап, жақсы табыс тауып жүрген кәсіби трейдерлер бар. Өзім білетін ресейлік Станислав Чувашов, украиналық Владислав Гилька сияқты трейдерлер валюта саудасын өмірлік кәсібіне айналдырған және жақсы табыс табады. Бірақ ондай дәрежеге жету үшін сіз ұзақ уақыт оқуыңыз, қажетті білімді игеруіңіз шарт.

Валюта нарығында ақша табуға негіз беретін жай – валюта бағамының қайда бағыт алатынын дәл болжамдау. Болжамдаудың екі түрі бар: фундаментальдық және техникалық. Тенхникалық болжамдау үшін сіз өзіңіз сауда жасағыңыз келген валюта парының бір тәуліктегі, бес, он тәуліктегі, бір айдағы сауда жолын ескере отырып, техникалық сараптама жасайсыз. Осылайша бағаның өсетіні немесе түсетінін болжамдайсыз.

Фундаментальдық болжамдау сол валютаны шығаратын елдің экономикалық ахуалы мен саяи жағдайларын сараптау арқылы жасалады. Ең алдымен онда сол елдегі жұмыссыздық деңгейі, саяси тұрақтылық негізге алынады.

Егер сіз осы екі сараптама жасау тәсілін толық меңгерсеңіз және дұрыс сараптама жасай алатын болсаңыз, онда Форех арқылы жақсы табыс табуыңызға жол ашылады. Әрине, бұл жағдайда сіз күн сайын оған біраз уақытыңызды бөліп, сараптама жасауыңыз қажет және нарық бағамын үнемі бақылауда ұстап отыруыңыз шарт.

Советниккке сенуге бола ма?

Форех нарығында соңғы кезде адамдардың қатысуынсыз робот, яғни арнайы сауда жасау үшін дайындалған бағдарлама – советникті қолдану белең алуда. Несін айтасың тамаша советник, бір рет дұрыстап өлшемдерін белгілеп қойсаңыз, қыруар табыс әкеліп тұрады дейтіндер көп. Шындығында советникке онша сене бермеңіз. Осыдан екі жылдай бұрын украиналық трейдер Александр Левит деген бір жоба ашты.

Ол өзі дайындаған советник арқылы қурар қаржы тауыпты. Форехте көп ақша табу үшін саудаға салатын ақшаңыз да көп болуы тиіс. Ол әлгі жобаға қатысу арқылы менімен бірге ақша табыңыздар деп жұртты шақырды. Ең төменгі салым 1000 доллар. Ай сайын советник арқыл салымыңның 10 пайызы, яғни 100 доллар көлемінде ақша тауып тұруға болады.

Бұл жобаға мен де қатасып көрдім. Екі айдың ішінде 300 доллардай ақша таптым. Бірақ бір жылдай мүлтіксіз жұмыс жасаған робот бір жетінің ішінде бар ақшадан айрылып, содан жобаға қатысқан көп адамдар салымдарын жоғалтты. Олардың ішінде мен де болғанымды айтқым келеді. Иә, сөйтіп советникке сенемін деп 1000 доллдардан айрылдым. Бұл әрине үлкен сабақ болды.

Форех арқылы кімдер ақша табады?

Жоғарыда айтқанымыздай, Форех арқылы осы саланың сүйегін шағып, майын ішкен тәжірибелі трейдерлер ғана табыс таба алады. Ондай дәрежеге жету үшін көптеген ақылы, ақысыз тренингтер алып, оқуыңыз, білім алуыңыз қажет.

Сонымен бірге, Форехтегі негізгі ойыншылар – ірі инвесторлар. Олар миллиондаған, тіпті миллиардтаған доллар ақшаны айналымға салады. Осынадй ойыншылар өз қалауларынша валюта бағамын өсіріп, не түсіре алады. Мәселен, АҚШ доллар бағамы евромен салыстырғанда өсіп келеді делік. Қалталы инвестор ондаған миллион долларға евро сатып алады. Сол-ақ екен евро бағамы шарықтап өсіп шыға келеді. Осылайша, қолдан бағаны өсірген инвестор қысқа уақыт ішінде миллиондарды қалтасына басады.

Егер сізде мол тәжірибе мен білім немесе жүздеген миллион доллар ақшаңыз болмаса, онда Форех арқылы ақша табамын деп үміттенбеңіз. Дұрысы, бұл нарықтан аулақ жүру. Сонда ұйқыңыз тыныш болады және ең бастысы, ақшаңыз қалтаңызда қалады.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика