1 614 көрілім

гей1ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Самайылов бүгінде Астана, Алматы қалаларында жұмыс жасап жатқан гейлер клубтарын жауып, бір жыныс өкілдерінің жыныстық қатынасқа баруын қылмыс деп тану туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, оның бұл ұсынысының өтпеуіне еліміздің заңдарында гейлерді қылмысқа тарту баптары қарастырылмағандығы себеп болған көрінеді. Депутаттың мұндай азғындықтың жыл өткен сайын елімізде белең алып бара жатуына алаңдаушылық танытуын түсінуге болады. Бұл жалғыз депутаттың ғана емес, барша өркениетті адамдардың көкейінде жүрген өзекті мәселе.

Белең алған азғындықты қылмысқа тарту арқылы тыю мүмкін емес.

Егер қылмыстық мәліметтерге назар аударып қарайтын болсақ, жыл санап қылмыс деңгейінің өсіп бара жатқанын бағамдаймыз. Бұрын ересек адамдар қылмыс жасаса, енді оған жасөспірім балалар мен әйелдер де қосылды. Яғни, мұның астарында қылмыстық жауапқа тарту арқылы жаман әдетті тыюдың мүмкін еместігі жатқан жоқ па.

Гей, яки гомосексуал дегендер психикалық дертке шалдыққан ауру адамдар. Ақыл-есі дұрыс адам өзі сияқты еркекке ынтықпайды. Енді осындай ауру пенделерді түгел қылмысқа тартып, түрмеге тоғытсақ, онда еліміздің абақтылары аузы-мұрнынан шыға толып, әлемдегі сотталғандардың саны жағынан ең алдыңғы орынға шығарымыз анық.

Олай дейтініміз, гей деген психикалық науқастар қатары жыл санап өсіп барады. Бүгінде олар АҚШ және Батыс елдерінде азшылық болудан қалды. Олар өте көп және қатары жыл санап қалыңдап барады. Сондықтан демократиялық бұл елдер көпшілікпен амалсыз санасып, оларды бетімен жіберетін заңдар қабылдап жатыр. Бұдан түйсніреміз: гейлер клубын жауып, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы азғындықты тыя алмаймыз.

Гей дегендер қайдан шығады?

Блогымызда бұрын жазғанымыздай, гей деген пенделер бейберекет жыныстық жақындыққа барудан, яғни зинақорлықтан пайда болады. Бұл – ақиқат. Мәселен, ондаған жыл ядролық сынақ алаңы болған Семей өңірінде нешетүрлі құбыжық балалар дүниеге келді. Оның салдарын ғылым да, қарапайым адамдар да осы өңірде деңгейі күрт артып кеткен радияциядан деп түсінеді және оны теріске шығара алмаймыз.

Сол сияқты әлемде жыл санап белең алып бара жатқан азғындық – гей дегендер зинақорлықтың «жемісі». Мәселен, зинақорлықты қылмыс деп танитын мұсылман елдерінде мұндай азғындық жоқ. Өйткені, ол елдерде азғындар – гейлер жоқ.
Құранда «Зинаға жуымаңдар. Өйткені ол анық арсыздық және жаман жол» (Ісрә сүресі, 32 аят) делінген. Дәстүрлі діндердің бәрінде зина қатаң айыпталады. Неге? Ведалық ілім әйел азса, тексіз ұрпақ дүниеге келеді деп түсіндіреді. Тексіз ұрпақ деген қылымсыкер, жезөкше, гомесексауал сияқты азғындықтың бәрін бойларына жинаған ұрпақ.
Азғындықты тыюдың амалы – зинақорлықты тыю.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» оқыған әрбір қазақ аға сұлтан Құнанбайдың келінімен зина жасаған Қодарды тамам жұрттың алдында түйеге асып өлтіргенінен жақсы хабардар болар. Бұл небары бір жарым ғасыр бұрын болған жай.

Қазір өзге адамның әйелін азғыру, зина жасаудың еш сөкеттігі жоқ болып саналады. Осыдан болар, келінімен, тіпті туған қызымен жақындасатын азғындар шықты. Бір жарым ғасыр бұрын үлкен қылмыс саналып, өлім жазасына кесілетін зинақорлық қазіргі күні қылмыс деп танылмайды. Зина жасағаны үшін қылмыстық бап деген мүлдем жоқ.

Ал енді соның нәтижесі қандай? Бір жарым ғасыр бұрын қазақтардың арасында ілуде бір ғана кезедсетін, «қызтеке» аталған гей дегендер бүгінде қаптап кетті. Олар арсыздықтарын ашықтан ашық жасап, өз клубтарын ашып, азғындықты онан әрі таратып жатыр.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Болары болып, бояуы сіңіп қойған соң оны қалпына келтіру қиын, тіпті мүмкін болмайды. Сондықтан, әр нәрсенің алдын алу, ондай келеңсіздікті жүзеге асырудың тамырына балта шабу қажет.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика