1 051 көрілім

01Христиандар  антихрист атаған ібіліс көп ұзамай жер шарының қожайынына айналады дегенге бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу адамдарды сендіру қиын. Дегенмен, қазіргі қалыптасып отырған жағдайлар ібілістің ертегінің персонажы емес, нақты өмірде бар тұлға екендігін және қолдарында билігі мен байлығы бар ықпалды адамдар тобының оны таққа отырғызуға белсене әрекет жасап жатқандығын көсретеді және бұл жай бүгінде құпия болудан қалды.

Рим папасы кімге табынады?

Бүгінгі ақпарат ғасырында құпияны сақтау мүмкін болмай отыр. Таяуда Ютубтен Юрий Гомонов дегеннің видеолекциясын көрдім. Ол Рим папасының Құдайға құлшылық ету кезеңі туралы видеоның мәнін түсіндіреді. Рим папасы басқа да дін қызметкерлерімен храмда тұр. Жас дін қызметкерлері әндетіп дұға айтуда. Бір қарағанда мұның кәдімгі христиандық құлшылықтан еш айырмашылығы жоқ сияқты. Бірақ дұғаның мәні Құдайға құлшылық емес екен. Жас дін қызметкерлері «О, нұр тұлғалы Люцифер (Ібіліс) сен Құдаймен теңсің, сондықтан саған бас иіп, құлшылық етеміз» деп әндетеді. Папа мен басқа дін басылар бұл «дұғаны» ұйып тыңдауда.

Осыдан ұғарымыз, Рим папасы Құдайды қойып, Ібіліске табына бастаған сыңайлы. Христиан әлемінің көшбасшысы саналатын адамның бұнысының себебі неде? Рим папаларының өткен тарихына ой жүгіртсек, оны түйсіну онша қиынға соқпайды. Рим папалары әу бастан ең басты орынға Құдайға құлшылық етуді емес, билікті, яғни мансапты қойды. Олар мыңдаған жылдар бойы зайырлы мемлекет басшыларымен биік үшін күресіп келді.

Орта ғасырлардағы Парижде болған «Ворфолемей түнін» есіңізге алып көріңіз. Бір түнде Парижде католиктер 20 мыңнан астам протестантты қойдай бауыздап өлтірді. Неге? Оның астарында Рим папасының билікке деген құлшынысы жатты. Папалар осылайша қолдарын білектеріне дейін қанға малып, билік басына ұмтылды. Олардың көкейлерін тескен жалғыз игілік – билік болды. Қазір де солай.

Христиандар әлемін Ібілістің құлына айналдыратын шарт

Биылғы жылдың ақпан айында Ресей православие шіркеуінің патриархы Кирилл Гаванада Рим папасымен кездесіп, бірлескен құжатқа қол қойды. Бұл қазіргі күні ресейліктердің арасында үлкен пікірталас туғызуда. Қарапайым христиандардың көбі  патриархты дінімізді сатып кетті деп айыптаса, оны жақтаушылар да бар.

Бір қарағанда екі діни ағым басшыларының кездесіп, түсіністікке ұмтылуының еш сөкеттігі жоқ сияқты. Дегенмен, оның астарында үлкен мән жатқан секілді. Олай дейтініміз, 2014 жылдың маусым айында Кипрде бас қосқан барша христиандар бірлескен «құпия әлемдік меморандумға» қол қояды. Оны қанша құпия сақтауға тырысқанмен, оның мәтіні көп ұзамай ағылшын тілді сайттарда жарияланады. Осылайша, бұл құпия болудан қалып, әлемге тарап кетті. Рим папасы мен Ресей православие шіркеуі басшысының табысуының астарында не бар деген сауалға жауап беру үшін ең алдымен осы құпия меморандумға тоқталып, оның мәнін түсініп алу қажет болады.

Әлемдік құпия меморандум

Құпия меморандумды оқып шыққан әрбір есі дұрыс  тәрбиелі адамның бойын жиіркеніш сезімі кернейді. Меморандум көптеген баптардан, тараулардан тұрады. Енді осыған қысқаша тоқтала кетейік.

Білім саласындағы меморандум

12 Б: Студенттердің электронды идинтификациясын енгізу;

12 Д: Білім беру мекемелері мен университеттерді сексуалдық бостандық алаңына айналдыру;

12 Е: Студенттерге сексуалдық бостандықтар беру;

Денсаулық сақтау саласындағы меморандум

2 бап: Ауруханаға тек сақтандыру картасы арқылы ғана кіруге болады;

5 бап: Барлық қызмет үшін азаматтарды электронды идинтификациялау;

6 бап: Көптеген медицина салаларын жою.

Әкімшілік реформалар туралы меморандум

1 бап: Еуроодақ пен Ресей азаматтарының барлығын электронды идинтификациялау;

2 бап: Мемлекеттік суверенитетті жою – Федеративтік мемелкетті құру шарасын жасау;

2 бап: БҰҰ-ны жоғары орган түрінде (оның ішінде барлық діндер бойынша)  қабылдау;

4 бап: Гомосексуализм әрекетін заңды деп тану (гей-шерулер мен топталып жүрулер), олардың Еуроодақтың барлық қалалары мен елді мекендерінде емін-еркін жүрулеріне жағдай жасау;

4 В: Гомосексуалдық және транссексуалдық некелерді заңды деп тану және оларға бала асырап алуға рұқсат ету;

4 Д: Телевидение мен баспа құралдарында сексуалдық бостандықты жариялауға заң жүзінде рұқсат ету, порножурналдар мен сол сияқты баспа тауарларын шығару және оны барлық деңгейдегі білім мекемелерінде тарату;

4 Ф: Барлық деңгейдегі оқу орындарында  жыныстық ләзаттың рахатты әсерін оқыту;

5 бап: Интернетте балалардың порнографиялық еркіндігін мойындау (бұған 14 жастан бастап рұқсат етіледі);

6 бап: Барлық ұлттық мейрамдарға тиым салу және бүкіләлемдік үкіметті мойындау;

6 В: Білім беретін мекемелердің бәрінде гомосексуализмді оқыту.

Әлемдік үкіметтің көздегені не?

Жоғарыда айтылған меморандум бұл жәй сенсация қуған хакерлердің ойдан шығарылған дүниесі емес. Аталмыш меморандумға мүйіздері қарағайдай әлемнің танымал және беделді тұлғалары қол қойған. Олардың арасында Еуропа парламентінің президенті Херман Ван Ромпей, Грецияның білім министрі Андреас Ловердос, Ресей православие шіркеуінің атынан Волоколамскінің архиепсикопы Илларион, тағы басқалар бар. Аталмыш меморандум 2016 жылдың мамыр айынан бастап күшіне енбек.

Бір қарған адам мұны сандырақ деп санауы мүмкін. Бірақ ол біз ойлағаннан гөрі күрделірек болып тұрған жайы бар. Егер  қазіргі қалыптасқан және жүріп жатқан түрлі реформаларға назар аударып қарайтын болсақ, жоғарыдағы меморандумда айтылған жайлардың  ақырындап жүзеге асып жатқанын бағамдаймыз. Мәселен, біздің еліміздегі медицина саласындағы реформалар осыған дәлел. Міндетті сақтандыру және медицина мекемелеріне тек сақтандыру картасы арқылы ғана баруға рұқсат етілу – жоғарыда айтылған меморандумның баптарына сай келіп тұрған жоқ па?

Қазақстан Батыс елдерінің ықпалымен өлім жазасын қолданудан бас тартты. Гомосексуалдарды заңдастырмасақ та, оларға заң жүзінде тиым да салынып отырған жоқ. Осыған орай, жер-жерде гейлер клубы дегендер ұйымдастырылып, гей-шерулер өткізуге де талпыныс жасалуда. Ал, адамдарды электрондық идиндификациялау бізде үлкен белсенділікпен жүргізілді.

Әлемдік үкімет дегеннің бар екендігі туралы ақпарат құралдары айтып, жазғанымен, қазір көп адамдар оған онша сене қоймайды. Бірақ егер сіз болып жатқан саяси жағдайларға тереңірек байыппен қарап, талдау жасап көрсеңіз, мемлекеттердің үстінен қарайтын әлдебір құдыретті құрылымның барлығын аңғарасыз. Олар барша әлемді түрлі кредиттермен, қарыздармен байлап-матап алған. Ол – Бүкіләлемдік даму банкі, Еуропаның даму банкі , т.б. банктер түріндегі құрылымдар.

Еуропа елдері өздерінің ортақ валюталары бар одағын құрды. Еуропа елдерінің басым көпшілігі бүгінде гомесексуализмді заң жүзінде таныды. Әлемдік үкіметтің келесі қадамы барлық христиан әлемін біріктіріп, ортақ қойыртпақ дін шығару болып отырғанға ұқсайды. Рим папасы мен Ресейдің православие шіркеуінің патриархының келісімі осы бағытта жасалған негізгі қадам сияқты.

Жоғарыда аталған меморандумда әлем елдерін үлкен федеративтік топтарға бөлшектеу, мемлекеттік суверенитетті, ұлттық  тіл мен дәстүрді, барлық дінді жою қадамы жасалатындығы анық айтылған. Ал оның тасасында әлемдік үкіметтің басшысын сайлау мәселесі тұрғаны анық. Барша әлемнің әміршісі кім болмақ?

Түйін:

«Сіз саясатпен айналыспасаңыз, саясат сізбен айналысады» деген сөз бар. Сол сияқты сіз Құдайға сеенсіз бе, жоқ па, қай дінді ұстанасыз? – мәселен онда емес. Мәселенің көкесі – баршамызға ТАҒДЫР ЖОЛЫМЫЗДЫ ТАҢДАУ міндеті жүктеліп отырған жайы бар. Сіз интернет арқылы, біздің жемқорлық пен сатқындық жайлаған атқарушы органдарымыз арқылы санамызға еріксіз сіңіріп, белгісіз жаққа жетелеп бара жатқан беймәлім жолға түсіп, үнсіз  жүре бересіз бе, жоқ санаңызды іске қосып, әлемде орын алып жатқан жайларға саналы түрде ой жүгірте қарап, имандылық, түзу жолға түсуге талпынасыз ба? ТАҢДАУ ЕРКІ әркімнің өзінде.

Анафема Меморандум о новой мировой религий

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика