Имандылықтың белгісі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

мақсатИманды адамның ең басты қасиеті – Аллаға ұнайтын нәрселерді жасап, шариғатқа қайшы келетін әрекеттерден бас тартуы. Алла адамдардың өзіне де, өзгеге де пайда келтірмейтін істермен және залалды істермен айналысқандарын ұнатпайды. Сондықтан әр пенде пайдалы іспен айналысып, жағымсыз нәрселерден бойын аулақ ұстағаны абзал.

Имандылыққа бастар жол.

Кейбір адамдардың жаратылысында жамандық жасау бар. Ондай пенделер әдетте жамандық жасауға әрдайым бейім тұрады. Бірақ жаратылысы осындай деп жамандық жасау пендені ақтамайды, қайта күнәсіне күнә қосады.

Хазіреті Әлидің «адамдардың арасында бол, бірақ адамдарға жүк болма» деген сөзі бар. Басқаларға жүк болу немесе ауыртпалық түсіру мұсылманға жат қылық. Осыны жадында ұстайтын сахабалар жорықтарда түйеден қамшысы түсіп қалса жаяу жүргіншілерден оны алып беруді сұрамай, түйесін шөгеріп, өзі түсіп алатын болған.

Алдын ала шара қолдану, себептерге жабысу, істі жасамас бұрын басқалармен ақылдасып алу – нәпсіге жол бермеуге мүмкіндік жасайды. Сондықтан әрбір іске кіріспес бұрын оның пайдалы, залады жағын анықтап, жүзеге асырудың толымды шараларын ақылмен барлап алған жөн. Сонда нәтиже болады және ол іс игілік әкеледі.

Әрдайым күлімдеп жүру имандылықтың белгісі. Қабағын түйіп жүретін мұсылманның имансыз кету қаупі бар. Алла тағала бір құлын жақсы көрмеуінің белгісі – ол пенденің пайдасыз, бостекі іспен айналысуынан байқалады. Өкінішке орай, адамдарыдң көбі уақыттарын өзіне де, өзгеге де пайда келтірмейтін бостек істермен өткізеді. Мәселен, карта ойнау, крассворд шешу, бос әңгіме айту – бәрі де еш пайда әкелмейтін бостекі істер.

Сәттіліктің кілті – қарапайымдылықта.

Сәттілікке, жетістікке жетудің жолы – қарапайым болуда. Алла тағала қарапайымдылықты ұнатады. Адам неғұрлым қарапайым болған сайын, оның дәрежесі де арта түспек. Керісінше, өзін өзгелерден артық санайтын тәккаппар жандар түптің түбінде қор болып, атақ-беделінен айрылады.

Дін ілімінен бір амал үйретудің жүз мың умра саубанынан да қадірі зор болмақ. Мұсылманға қабағын түйіп қарау, оны ренжіту, ғайбат сөз айту құл ақысына жатады, яғни күнәға батырады.
Өлімді көп ойлау өмірді ұзартады, жүректі сергітеді. Ақылды адам ажалды күн сайын, ақылсыз адам айына-жылына бір рет, ал ақымақ адам жаны иегіне келгенде ғана ойлайды деп айтылған. Иманды бойға орнықтырудың үш шарты бар: үнемі күлімдеп жүру, әрдайым жылы сөзді және жомарт, толық ықыласты болу.

Ақыретке пайдасы болмаған нәрсенің бәрі дүниелік болып саналады. Дұрыстың таралуы өрге шыққандай ауыр болады, ал жамандықтың таралуы желдей тез болады.
Дін – әдептілік пен қарапайымдылықтың негізі. Кіретін есігі әдептілік, содан кейін қарапайымдылық келеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика