Ресейдегі инфляцияның бізге әсері бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Нарық жағдайында ақшаның құнсыздануы үнемі және тұрақты түрде қайталанып отыратын құбылыс. Бұны күтпеген жерден ұстап, құтыңды қашыратын ұстамалы аурумен салыстыруға болады. 1992 жылдың қаңтарында Қазақстан нарыққа көшкеннен кейінгі кезеңде талай ақшаның құнсыздануын бастан кешірді. Инфляция ең алдымен, қарапайым жұртшылыққа ауыр соққы болып тиеді.

Ақша неге құнсызданады?

Егер ақылға салып қарайтын болсақ, ақша ешқашан құнсызданбауы тиіс. Мәселен, бір тауарды өндіру үшін сіз белгілі бір қуат, шикізат және уақыт жұмсайсыз. Оның бағасы соған орай белгіленеді. Ғылым мен техниканың дамуы тауарды өндіруге жұмсалатын қуат пен уақытты азайтып, соған орай өнім бағасын арзандатуға ықпалын тигізеді. Яғни, ғылым дамыған сайын тауар құны кеми түспек.

Шындығында жағдай бұлай болмай отыр. Керісінше, бұрын арзан болған тауардың бағасы қазір бірнеше есеге өсіп кеткен. Оған жұмсалған шикізат сол күйінде қалды, ал уақыт пен қуат көлемі біршама кеміді. Соған қарамастан, баға аспандап шыға келді. Неге?

Мұның астарында ең басты және негізгі себеп – адам факторы тұрғаны белгілі. Нарық жағдайында бағаны базар нарқы белгілейді. Егер сұраныс көбейсе, баға көтеріле береді. Ал бір заттың бағасының көтерілуі тізбекті реакция түрінде барлық заттың бағасының бір мезетте өсуіне әсерін тигізеді. Баға осылайша, еш себепсіз және негізсіз көтеріледі. Бар негіз – сұраныстың артуы.

Бағаның көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор – адамның ашкөздігі. Рынокта үстемдік ететін алпауыт топтар өзара астыртын сөз байласып, бағаны қолдан көтере салады. Бағаның осылай еш себепсіз, адамдардың ашкөздігі мен дүниеқұмарлығы салдарынан өсуі ақырсында ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға міндетті түрде ұшыратады.

Ресейдегі ақшаның құнсыдануының себебі неде?

Әлемнің алтыдан бірін алып жатқан, жер асты байлығы мол Ресейдегі ақшаның құнсыздануының негізгі себебі – мемлекет басшыларының саяси қателігінің салдары десе болады. Өзге елдердің жерін басып алу әдеттегі жағдай саналатын 18-19 ғасыр келмеске кетті. Қазір әлем елдерінің жер аумақтары толық айқындалған. Оны бұзу соғыс өртін тұтандыру қаупін туғызады. Мұны жұрттың бәрі жақсы біледі. Сондықтан, қалыптасқан жер аумағын өзгертуге ешкім құлшынбайды.

Ал Ресей ұзақ жылдар қалыптасқан осы саяси ойын ережесін бұзды. Ереже бұзған ойыншының жазаға тартылатыны белгілі. Кезінде Кувейтті басып алмақ болған Иракты Батыс елдері бомбаның астына алып, тәубесіне келтірген болатын. Ал Ресей Ирак емес. Бірақ алып мемлекетті тезге салатын тетіктер де бар. Ол – экономикалық сакнция.

Алып Ресейдің шапшаң дамып келе жатқан экономикасының кенет соққы алып, рубльдің күрт құнсыздануына Батыс елдері жариялаған сакнкцияның тегеурінді әсері болып отырғаны анық. Украйнаның Қырым облысын тізеге салып тартып алған Ресей осы әрекеті үшін халықаралық қауымдастық тарапынан жазаға ұшырады. Оның ақыры немен бітеді, ол белгісіз.

Құнсызданудан қалай қорғануға болады?

Алып көршідегі инфлячцияның экономикалық жағынан қоян-қолтық араласқан Қазақстанға кері әсерінің тимей қомайтыны даусыз. Бұндай жағдайда адамдар не істеуі қажет? Ең алдымен қолдағы бар ақшаңыздың құнсызданып, қағазға айналуына жол бермеу шараларын қарастырғаныңыз жөн. Ол үшін ақшаңыздың бір бөлігін АҚШ доллары, бір бөлігін евро, енді бір бөлігін бағалы метал (алтын, платина) түрінде сақтағаныңыз дұрыс болады.

Ақша құнсыздануы кезінде жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздықтың белең алатыны мәлім. Осыған орай, алдын ала «қауіпсіздік жастығын» жасап алған жөн болмақ. Ол үшін алған жалақыңыздың кем дегенде 15-20 пайызын «қауіпсіздік жастығы» түрінде жинап, депозит немесе құнды қағаз, болмаса басқа да бағалы затқа салып отырғаныңыз жөн. «Қауіпсіздік жастығы» ертең қысқартуға түсіп, жұмыссыз қалған кезіңізде қысылмай тірлік кешуіңізге көмегін тигізбек.

Нарық жағдайында ақшаның құнсыздануы жоғарыда айтқанымыздай үнемі және тұрақты болып тұратындықтан, ай сайын жалақыңыздың кем дегенде он пайызын инвестициялап отыруды әдетке айналдырсаңыз, ешқандай инфляция сізге қорқынышты болмақ емес. Киосакидің айтуынша, инфляция кезінде қайта инвесторлар мол ақша тауып, байлығына байлық қосып шығады. Егер сізде артық ақша болса, инфляция кезінде арзандаған мүлікті сатып алу арқылы мол олжаға кенелеріңіз анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика