79 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Соңғы бірнеше аптаның ішінде теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда күрт құлдырап, 382-ден 444-ке бір-ақ секірді. Евро бағасы да шарықтап  қазір 476 теңге болып тұр. Бұл девальвация емес, теңгенің құнсыздануы мұнай бағасының түсуіне орай болған уақытша құбылыс деп сарапшылар жұбатқанымен, қарапайым халық ауыстыру пункттерін жағалап, жанталасып доллар сатып алуда.

Теңгенің құнсыздануы тоқтамайтын үдеріс

Есімде жақсы сақталып қалыпты, 1993 жылдың қарашасында алғаш айналымға теңге енгізілген кезде 1 теңге 1 АҚШ доллары бағамында болған еді. Сол тұста қағаз тиындар шықты. Алғашқы күннен басталған теңгенің құнсыздану үдерісі дегенмен, тоқталмай керісінше үздіксіз жалғаса берді. Кейінірек теңге әбден құнсызданған тұста тиын шығару тиімсіз болғандықтан, тиын ұғымы тек банк есебінде ғана қолданылатын, іс жүзінде мүлдем жоқ түсінікке айналды.

Қазіргі күні, яғни 2020 жылдың 22 наурызындағы Ұлттық банктің мәліметі бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамы 444 теңгені құрайды. Енді мынаған назар аударыңыз: 1993 жылғы қарашада 1 теңге тұрған АҚШ долларын қазір 444 теңге беріп сатып аласыз. Осылайша, 27 жылдай уақыт ішінде төлтеңгеміз 444 есеге, пайызға шаққанда 4400 пайызға құнсызданыпты. Бұл аз ба, көп пе?

Теңге айналымға енген 27 жылдай уақыт ішінде оның құнсыздану үдерісі бір сәт те тоқтаған емес. Кейде баяу, кейде жылдамырақ болған бұл құбылыс үздіксіз жүріп келеді және алдағы уақытта да тоқталады деген еш сенім жоқ. Осы жайдан не түюге болады? Бір нәрсе анық: теңгенің құнсыздануы ешқашан да тоқталмайды. Ақшамызды инфляция деген індеттен қорғаймыз десек, ең алдымен осы АҚИҚАТТЫ санамызға мықтап сіңіріп алуымыз шарт. Өйткені, ақшамызды құнсызданудан сақтау үшін осы шандықты білуіміз қажет және одан кейінгі әрекетіміз дәл осы ақиқатқа негізделіп жасалатын болады.

Құнсызданбайтын не бар?

Ақша билеген нарық заманында, тарихшы ғалымдардың тілімен айтқанда – капиталистік қоғамда ақшаның құнсыздануы арқылы келетін инфляция, экономикалық дағдарыс дегендер болмай қоймайтын дәстүрлі құбылыс болып саналады. Бұны медицина тілімен: СОЗЫЛМАЛЫ АУРУ деп атауға болады. Ал созылмалы аурулар ешқашан жазылмайды. Ондай дертті дәрінің күшімен аздап әлсіретуге болғанымен, түбегейлі жазып жіберу еш мүмкін емес.

Ақшамызды құнсызданудан сақтау үшін капиталистік қоғамның осы айнымас қасиетін санамызға мықтап сіңіріп алуымыз қажет. Онсыз ақшамызды құнсызданудан  қорғау еш мүмкін болмайды. Сонымен, инфляция, яғни ақшаның құнсыздану үдерісі капиталистік қоғамда үнемі болып тұратын құбылыс екен. Осыны білетін адам ақшасын құнсызданудан қорғау үшін енді мына мәселеге  назар аударуы тиіс: құнсызданбайтын, яғни уақыт өткен сайын бағасы кемімейтін қандай нәрсе бар?

Егер біз айналамызға ақыл өлшемімен ой жүгіртіп қарайтын болсақ, бағасы құнсызданбайтын, керісінше уақыт өткен сайын өсе түсетін бірқатар заттардың бар екенін бағамдай аламыз. Олар: ең алдымен, жылжымайтын мүлік, содан кейін алтын, алмас, платина, күміс  сияқты сирек кездесетін бағалы металдар, түрлі  бағалы әшекей бұйымдар, т.б. ертеде жасалған заттар мен өнер туындылары.

Бағасы біршама тұрақты тағы да АҚШ доллары, еуро сияқты валюталар да бар. Оған қоса, жүз жылдан бері бағасы үнемі өсіп келе жатқан Кока-кола сияқты компаниялардың акциялары да құнсызданбайтын заттардың қатарында.

Әрине, қарапайым адамдар үшін миллиондарға бағаланатын өнер туындылары мен алтын құймаларын сатып алу мүмкін болмасы анық. Дегенмен де, сіз бен біздің шамамыз жететін, ақшамызды құнсызданудан сақтауға көмегі тиетін қолжетімді құралдар да бар. Ол ең алдымен, жинаған азын-аулақ ашамызға доллар, еуро сияқты бағасы біршама тұрақты валюталарды сатып алу немесе шет ел валютасымен депозитер ашу.

Одан кейінгі қолымыздан келетін шаруа: бүгінде кең таралған ипотекалық несиелер, Тұрғынүйжинақ банкі, тұрғынүй кооперативтері арқылы шама-шарқымыз келгенше жылжымайтын мүлік сатып алу. Пәтер сатып алсаңыз ол өзіңізге баспана ғана болып қоймай, жалға беру арқылы жақсы табыс түсіруге де мүмкіндік жасайды.

Мәселен, мен 10 миллион теңгеге Тұрғынүйжинақ банкі арқылы несие алып, үш бөлмелі пәтер сатып алған бір жігітті білемін. Ол үш бөлмесінің бір бөлмесін пәтерге беріп, ай сайын төлейтін кредитін сонымен жауып отыр. Үш жыл бұрын 10 миллион тұрған оның пәтерін қазір 16-17 миллионға сатуға болады. Міне, ақшаны құнсызданудан сақтаудың тиімді құралы.

Түйін: Теңге бағамы құлдырап кеткен соңғы апталарда ауыстыру пункттерін жағалап жүрген адамдар көп. Олар жанталасып доллар сатып алуда. Бірақ, шарықтап кеткен доллардың өзі қазір қат дүниеге айналды. Ауыстыру пункттерінен доллар, еуро сияқты валюта табу қиын. Қазақ бұндайды «ас ішерде керек» деген бір ауыз сөзбен түсіндірген, яғни  теңгенің құнсызданатынын ескермей қаперсіз жүргендер кенет теңге бағамы құлдыраған кезде ғана  жанталасып валюта алуға жүгіруде. Егер олар жоғарыда айтқанымыздай, теңге айналымға енген 27 жылдың ішінде ұдайы құнсызданып келе жатқанын және бұл құбылыстың ешқашан тоқталмай осылай жалғаса беретінін ескергенде, ақшаларының  бір бөлігін шет ел валютасына айналдырып, немесе жылжымайтын мүлік алып, құнсыздану қатерінен өздерін қорғау шараларын алдын ала жасап алған болар еді. Сондықтан, егер сіз ақшаңызды құнсызданудан сақтағыңыз келсе, осы жайларды ескеріп, жоғарыда аталған шараларды қолданыңыз. Сонда қауіпсіз боласыз.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика